Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі директор лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.
Конкурстың өткізу мерзімдері:
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – 2025 жылғы 21 тамыз
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн – 2025 жылғы 04 қыркүйек қоса алғанда
Конкурстың өткізу орны:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93-үй
Кәсіпорынның атауы:
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық кардиологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93-үй, телефон: 8/727/225 00 67
Пошта мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 93-үй, пошта индексі 050093
Электрондық пошта мекенжайы:
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Халық денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап береді.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №26867 болып тіркелген).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері:
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – 2025 жылғы 21 тамыз
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн – 2025 жылғы 04 қыркүйек (қоса алғанда).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурсты жариялаған Кәсіпорынға cardiocenteralmaty@gmail.com электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталатын күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға сұхбатқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі жөнінде қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдар) ұсына алады.