Техникалық бақылау және капиталдық жөндеу бөлімі туралы ереже

Техникалық бақылау және капиталдық жөндеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, штат лимиттері шегінде уәкілетті лауазымды тұлға арқылы бекітіледі.

Техникалық бақылау және капиталдық жөндеу бөлімі туралы ереже
Дата публикации
05 июня 2025