Эпидемиологиялық бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.