Әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат санын мемлекеттік ұйымның өкілетті лауазымдық тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте штат саны шегінде бекітеді.