Хабарландыру Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 25 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы
Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№25 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесі аталған кәсіпорынның директоры лауазымына іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өтетін күні: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, 050024, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Халифа Алтай көшесі 24/1
Кәсіпорынның атауы: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 25 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорын орналасқан жер: Қазақстан Республикасы, 050024, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Халифа Алтай көшесі 24/1, телефоны 8 (727) 2328874 электрондық мекен-жайы: gkkpgp25@mail.kz
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
халық денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларын іске асыру, ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметтерін басқарады, қабылданған басқару шешімі, ұйымның мүлігінің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін жауап береді.
Білуі тиісті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» дайындығы бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификатталған курстан (қайта дайындаудан) өту куәлігі және (немесе) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» дайындығы бағыты бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандықбойынша біліктілік ұсыну куәлігі немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» дайындығы бағыты бойынша жоғары оқудан кейінгі білімі не болмаса МВА executive или full time дәрежесінің, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық ету бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болуы тиіс.
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын мерзім: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарконкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде келесі құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) ерікті түрде жазылған өмірбаян;
3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдануы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді-көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у үлгідегі медициналық анықтама;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінен сотталмағандығы туралы анықтама.
8) сыбайлас жемқорлық қылмысының болмауы немесе жасалуы туралы мәліметтер.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға, хабарландыруда көрсетілген gkkpgp25@mail.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарын тапсырады.
Құжаттардың түпнұсқасы сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен сұхбаттасудан өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпарат бере алады.