Хабарландыру
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының «№10 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммунльдық мемлекеттік кәсіпорның директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының «№10 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның (бұдан әрі – Кәсіпорын) директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны мен басталу күні: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай-4 шағын ауданы, 17-үй, 2024 жылғы 28 тамыздан бастап.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай-4 шағын ауданы, 17-үй, телефон: +7 (727) 238-30-40, электрондық адресі: hrkadr10@mail.ru
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметін және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады.
Конкурсқа қатысушылар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
- немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
- немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: 2024 жылғы 28 тамыздан бастап 2024 жылғы 11 қыркүйекке дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылықты жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері, немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 / у нысан);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
8) сыбайлас жемқорлық қылмысының болмауы немесе жасалуы туралы мәліметтер.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық түрде hrkadr10@mail.ru электрондық адресіне ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Анықтама телефондары: +7 (727) 238-30-40.
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен сұхбатты Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының «№10 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ның Байқау кеңесі жүргізеді.