Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№ 20 қалалық емхана» МКК Бақылау кеңесі Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№ 20 қалалық емхана» МКК Директорының бос лауазымына орналасуға арналған байқау жариялайды.
Байқауды өткізу күні:
Байқауды өткізу орны: 050049, Алматы қаласы, Турксиб ауданы, Жулдыз 1 шағын ауданы, 5В үй., телефон 87477164530, 87770203617.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданған басқарушылық шешімге, Кәсіпорынның мүлігінің сақтығына және оның тиімді пайдаланылуына, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесіне жауапты.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын.
Біліктілік талаптары:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы білімі, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша (қайта даярлау) сертификатталған курсын өткені туралы куәлік және (немесе) сәйкес мамандығы бойынша біліктілікті алғаны туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы білімі және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «Бизнес және құқық» немесе МВA executive или fulltime деңгейі, денсаулық сақтау аймағындағы менеджер сертификаты, денсаулық сақтау аймағындағы басқарушы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы керек;
Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін (дәрігерлік тәжірибені) – кәсіби құзыреттіліктің болуы: дәрігердің біліктілігіне қойылатын жалпы талаптардың сәйкестігі, бірінші (жоғарғы) біліктілік санаты, клиникалық практикаға жіберуге арналған маман сертификаты.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға, байқаудың өткізілуі туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды тапсыруға тиіс:
Байқауға қатысуға ниет білдіріп отырған тұлға, Кәсіпорынның кадрлық қызметіне құжаттарды пошта арқылы мақсатты түрде немесе электрондық түрде gorpol_20@mail.ru электрондық пошта мекенжайына 2024 жылдың _11_ қыркүйекке дейін ұсынуы тиіс.
Құжаттардың түпнұсқалары кездесудің басталуына бір сағат қалған уақытқа дейін ұсынылуы тиіс. Ұсынылмаған жағдайда, кездесуге ол тұлғалар кіргізілмейді.
Әнгімелесуге кіргізілетін кандидаттардың тізімі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru орналастырылады.
Байқауда кездесуге жіберілген кандидаттар, кездесуді 2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап 13 қыркүйеке дейінгі аралықта сағат 11.00 өтеді.