Байқау кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс

«Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі-Басқарма) басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды, конкурс өткізілетін орын: 050001, Алматы қаласы,Бостандық ауданы,Республика алаңы 4:

№ р/с

Медициналық ұйымдар атауы

Заңды мекенжайы/ Орналасқан жері

1

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» КМК

050000 (A05E0X6), Алматы қ., Казыбек би көшесі 115

2

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Алатау» қалалықауруханасы» КМК

050032, Медеу ауданы, Алатау ық.ауданы, Жетбаева көшесі 28

3

Алматы ҚДСБ ШЖҚ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК

050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, Басенов к-сі, 2, 4 корпус

4

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 5 қалалық емхана» КМК

050026, Алмалы ауданы, М.Мақатаев көшесі, 141/77

5

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 26 қалалық емхана» КМК

050067 Наурызбай ауданы, Таусамалы шағынауданы, Гроза к-сі, 102

6

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 28 қалалық емхана» КМК

050054 Түрксіб ауданы, Жас Қанат шағынауданы, 54/2 үй

 

7

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 7 қалалық емхана» КМК

050013, Алматы қаласы, Бұқар Жырау бульвары, 14 үй

8

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Ұлы Отан Соғысы Ардагерлерінің қалалық емханасы» КМК

050000, Алматы қ., Алмалыауданы, Амангелді к-сі, 41

9

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 18 қалалық емхана» КМК

050036 Әуезов ауданы, Мамыр-1 шағынауданы, 29/17

10

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 12 қалалық емхана» КМК

050040 Бостандық ауданы, Попов к-сі, 23/12

11

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Құлагер» бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығы» КМК

050066, Жетісу ауданы, Құлагер шағын ауданы, 34 А үй

12

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Қалалық ревматологиялық орталық» КМК

А05Е9В6 Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі  98/71

13

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 2 қалалық перинаталдық орталық» КМК

050002, Алматы қ., Медеу ауданы, Жангельдина к-сі, 28/20-22

Ұйымдардың негізгі қызметі – медициналық қызмет.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1)денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуін қамтиды.

Байқаушы кеңестің мүшесі ретінде:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұған дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқаушы кеңестің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық сипаттағы қатынастағы тұлға сайланбайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурс өткізу бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап мына мекенжай бойынша анықталады: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы,Республика алаңы 4, тел. 87014930177.

Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) – 2024 жылғы «12»  шілде

Конкурстың аяқталу күні  (құжаттарды қабылдауды аяқтау) – 2024 жылғы «12» тамыз. 

Байқау кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс
Дата публикации
12 июля 2024