Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№32 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесінің 2024 жылғы 18 наурыздағы №2 шешімін орындау мақсатында әңгімелесуге №32 қалалық емхана басшысының бос лауазымына байқауға қатысуға ниет білдірген кандидат Н.К.Умирбеков жіберілді.
Әңгімелесуді өткізу кестесі анықталды - 2024 жылғы 20 наурыз күні сағат 10.00-де бейнебайланысты пайдалана отырып, күндізгі режимде.
Әңгімелесу өткізу орны – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Монтажная көшесі 33.