Бос лауазымға арналған конкурс

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Қалалық перзентхана" ШЖҚ КМК Байқау кеңесі (бұдан әрі-Байқау кеңесі), мекенжайы: 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 492 үй, тел. 8 (727) 2926788, roddom01@mail.ru. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Қалалық перзентхана " ШЖҚ КМК (бұдан әрі-Кәсіпорын) директорының бос лауазымына конкурс жариялайды .

Конкурсты өткізу күні:

- Кәсіпорынға құжат қабылдаудың басталуы мен аяқталу күні 2023 жылғы 27 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 11 қазанды қоса алғанға дейін;

- Байқау кеңесімен 2023 жылғы 16 қазаннан 18 қазанға дейін кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап сұхбаттасу өткізу.

Конкурсты өткізу орны: Алматы қ., 050012, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 492 үй, 8 (727) 2926788

Кәсіпорынның негізгі қызметі - медициналық қызмет

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес және құқық" немесе EMВA немесе full-time дәрежесі (Фултайм); немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде келесі құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінен сотталуының жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған кәсіпорынға  құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін, электрондық пошта мекенжайына roddom01@mail.ru электронды түрде ұсынады . Құжаттардың түпнұсқалары сұхбаттасу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, қатысушы тұлға сұхбаттасуға жіберілмейді.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі және сұхбаттасуды өткізу кестесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Кәсіпорынның интернет-ресурстарында және конкурс жариялаған Кәсіпорын ғимаратында кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде көпшілік көре алатын орындарда орналастырылады.

Бос лауазымға арналған конкурс «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос лауазымға арналған конкурс
Дата публикации
27 сентября 2023