Хабарландыру

Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» МКК Бақылау кеңесі Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем қызметі» МКК Директорының бос лауазымына орналасуға арналған байқау жариялайды.

Байқауды өткізу күні:

  • Кәсіпорынға құжаттарды ұсыну 2023 жылғы 20 қыркуйек дейін қоса есептегенде;
  • Бақылау кеңесімен әңгімелесу кандидаттарды кіргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2023 жылдың 22 қыркуйек бастап 26  қыркуйек дейінгі аралықта.

Байқауды өткізу орны: 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қазыбек би көш., 115 үй., телефон 8 (727) 279 46 14

Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады, қабылданған басқарушылық шешімге, Кәсіпорынның мүлігінің сақтығына және оның тиімді пайдаланылуына, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесіне жауапты.

Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін,  ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын.

Біліктілік талаптары:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы білімі, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша (қайта даярлау) сертификатталған курсын өткені туралы куәлік және (немесе) сәйкес мамандығы бойынша біліктілікті алғаны туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы білімі және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «Бизнес және құқық» немесе  МВA executive или fulltime деңгейі, денсаулық сақтау аймағындағы менеджер сертификаты, денсаулық сақтау аймағындағы басқарушы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы керек;

Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін (дәрігерлік тәжірибені) – кәсіби құзыреттіліктің болуы: дәрігердің біліктілігіне қойылатын жалпы талаптардың сәйкестігі, бірінші (жоғарғы) біліктілік санаты, клиникалық практикаға жіберуге арналған маман сертификаты.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға, байқаудың өткізілуі туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды тапсыруға тиіс:

  • байқауға қатысу туралы өтініш;
  • өз қолымен жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау туралы және еңбек шартының тоқтағаны туралы бұйрықтың көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын кез келген құжаттың көшірмесі;
  • 075/у формасы бойынша денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы». Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді;
  • Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екенін растайтын анықтама.

Байқауға қатысуға ниет білдіріп отырған тұлға, Кәсіпорынның кадрлық қызметіне құжаттарды пошта арқылы мақсатты түрде немесе электрондық түрде ssmp22@inbox.ru электрондық пошта мекенжайына 2023 жылдың 20  қыркуйек дейін  ұсынуы тиіс.

Құжаттардың түпнұсқалары кездесудің басталуына бір сағат қалған уақытқа дейін ұсынылуы тиіс. Ұсынылмаған жағдайда, кездесуге ол тұлғалар кіргізілмейді.

Әнгімелесуге кіргізілетін кандидаттардың тізімі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru орналастырылады.

Байқауда кездесуге жіберілген кандидаттар, кездесуді 2023 жылғы 22 қыркуйек бастап 26 қыркуйек дейінгі аралықта сағат 15.00 өтеді.

Хабарландыру
Дата публикации
06 сентября 2023