Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 30 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (ШЖҚ КМК) Байқау кеңесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№30 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (ШЖҚ КМК) директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні:
- құжаттарды Кәсіпорынға ұсыну – 2026 жылғы 29 шілдеге дейін (қоса алғанда);
- кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2026 жылғы 30 шілдеден 31 шілдеген дейін Бақылау кеңесімен әңгімелесу өткізу.
Конкурс өткізу орны:
Алматы қаласы, 050000, Алмалы ауданы, Жібек Жолы даңғылы, 128/23 үй, телефон: 87072212993.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – медициналық қызмет.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауап береді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңын.
немесе
немесе
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды Кәсіпорынның кадр қызметіне қолма-қолпошта арқылы немесе almgp30@mail.kz электрондық мекенжайына 2026 жылғы 29 шілдені қоса алғанға дейінгі мерзімде тапсырады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/?lang=ru
Конкурсқа әңгі
мелесуге жіберілген кандидаттар 2026 жылғы 30 шілдеден 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) сағат 11:00-де әңгімелесуден өтеді.