Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі аталған кәсіпорынның директоры лауазымына іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Халықтың денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды іске асыру, ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету. Ересектер мен балаларға мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, оның ішінде бірегей бағыттар: оториноларингология (ЛОР) және бет-жақ хирургиясы (БЖХ).
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасау; қабылданған басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін жауапты болады.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Хабарландыру ресми БАҚ-та немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:
Құжаттарды тапсыру тәртібі:
Кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электронды түрде info@gkb5.kz поштасына (көшірмесі: ggkb5@mail.ru) жолдайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ оның кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.