Бақылау кеңесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды (бұдан әрі — Конкурс).
Кәсіпорынның атауы:
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын).
Орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 117А.
Электрондық пошта: cpz.sekr@mail.com
Телефон: +7 775 769 21 00
Өткізу күні:
ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған күннен кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.
Өткізу орны:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 117А.
Халық денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды іске асыру, ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасау; қабылданған басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап беру.
Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі:
сонымен қатар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын.
Ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:
Кандидаттар құжаттарды электрондық түрде келесі электрондық поштаға жолдайды: cpz.sekr@mail.com — құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін.
Қатысушы өз біліміне, жұмыс өтіліне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми дәрежелер мен атақтар, ғылыми жарияланымдар және өзге де кәсіби қызметін сипаттайтын мәліметтер) ұсына алады.