
Бостандық ауданының Хан Тәңірі шағынауданында Дулати көшесінің бойында орналасқан саябақты жаңарту жұмыстары аяқталды.
Абаттандыру жұмыстары бюджет қаражатын тартпай жүзеге асырылды. Жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту және аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылды.
Жаңарту жұмыстары барысында саябақ аумағына кіреберіс аркалар мен ағаш перголалар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері ретке келтіріліп, воркаут алаңы мен көгалды суару жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар аумақта сәндік жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, брусчатка төсемі қалпына келтірілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде саябақ аумағы шағынаудан тұрғындарының серуендеуіне, демалуына және спортпен айналысуына қолайлы әрі қауіпсіз кеңістікке айналды.
Бостандық ауданының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамыту және абаттандыру жұмыстарын, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат тарту және әлеуметтік жауапты бизнестің қолдауымен жалғастыруда.
Анықтама: «Халық» қайырымдылық қоры құрылғаннан бері 214 жобаны жүзеге асырып, қайырымдылыққа 90,4 млрд теңге бағыттады. Қордың қолдауы білім беру, мәдениет, спорт, экология және әлеуметтік қолдау сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. 2025 жылы көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы көлемі 9,1 млрд теңгені құрады.
Каспий теңізінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні Бостандық ауданы әкімінің аппараты қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Орны толмас қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасып, оларға шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіреміз.
2026 жылғы 4 тамызда Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей өтініш білдіріп, түсіндірмелер алып, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының бейінді бөлімдері басшыларының қатысуымен оларды шешу жолдарын талқылады.
Қабылдау барысында аулаларды абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылым нысандарын күтіп-ұстау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдарын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде талаптардың сақталуы, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өтініштер қаралды.
Әрбір өтініш бойынша аудан әкімі тиісті бейінді бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген мәселелер бойынша жағдайды жан-жақты зерделеп, қажетті шараларды қабылдау мақсатында құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізу тапсырылды. Іске асырылуы бюджеттік қаржыландыруға тәуелді өтініштер бойынша азаматтарға нысандарды жұмыс жоспарларына енгізу тәртібі және оларды орындау кезектілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтарға шешімі басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, әрі қарай жүгіну тәртібі жөнінде ұсынымдар ұсынылды.
Азаматтарды жеке қабылдау аудан тұрғындарымен ашық диалог орнатудың маңызды тетігі болып табылады. Келіп түскен барлық өтініштер қолданыстағы заңнама аясында толық қаралғанға дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының бақылауында болады.
Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков бұқаралық ақпарат құралдары мен қалалық медиа қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Ашық диалог барысында ауданды дамытудың негізгі бағыттары, басым міндеттер және қоғамдық кеңістіктерді одан әрі абаттандыру жоспарлары талқыланды.
Кездесуді аша отырып, Азамат Қалдыбеков мемлекеттік органдардың қызметін объективті жариялауда, сондай-ақ ашықтық пен айқындық қағидаттарын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтті.
Кездесудің басты тақырыбы ауданды дамыту жоспарлары болды. Әкім аулалар, саябақтар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй қорын жаңғырту, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, көгалдандыру және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған алдағы жобалар туралы баяндады.
Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық кеңістіктерді құруға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелеріне, оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында медиа өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, аудан әкімдігі жұмысының өзекті бағыттары бойынша жан-жақты жауаптар алды. Ашық әрі сындарлы жағдайда өткен кездесу жергілікті атқарушы органдар мен журналистер қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Бостандық ауданының әкімдігі алдағы уақытта да ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, ауданның орнықты дамуына бағытталған жобалардың іске асырылуы мен қабылданып жатқан шешімдер туралы тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тұрақты түрде хабардар етіп отырады.
2026 жылғы 9 маусымда Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А.Қалдыбеков азаматтарды кезекті апталық қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары аумақтарды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, жолдар мен аула нысандарын жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.
Қабылдау барысында тұрғындар ағаштарды санитарлық кесу және бұтау, бұталарды жою, іргелес аумақтарды тазалау, балалар алаңдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру мәселелері бойынша өтініштер білдірді. Сонымен қатар, жасыл желектерді көшіру және Казахфильм шағын ауданының санитарлық жағдайына қатысты мәселелер көтерілді. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша профильдік бөлімдерге көшпелі тексерулер ұйымдастырып, анықталған мәселелерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Бірқатар өтініштер жол жабынының жай-күйіне, автотұрақтарды ұйымдастыруға және көшелерді жөндеуге қатысты болды. Тұрғындар аулаішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер маңында жаңбыр суының жиналуын болдырмау және аудан көшелерінің жекелеген учаскелеріне орташа жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді.
Аталған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты қызметтерге тексеру жүргізіп, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша одан әрі шараларды айқындау тапсырылды.
Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 15 және 16-баптарына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрімен бекітілген Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудан тұрғындары арасынан қоғамдық медиатор болуға ниет білдіретін азаматтарды шақырады.
Қоғамдық медиаторлар даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуге көмек көрсетеді, тұрғындарға медиация қызметін қоғамдық негізде ұсынады.
Талаптар:
40 жасқа толған;
өмірлік үлкен тәжірибенің болуы;
халық арасында беделінің жоғары болуы;
дауларды шешуге қоғамдық негізде көмек көрсетуге ниет білдіруі.
Қоғамдық медиатор болуға ниет білдірген азаматтар Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратына қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосылу туралы тиісті өтінішпен жүгіне алады.
Байланыс ақпараты:
Орналасқан мекенжайы: Абай даңғылы 143/ Радостовец көшесі 112
Телефон: 394-37-23
Электрондық пошта: bostangpo@mail.ru
«Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Оператор) 2026 жылғы 01 маусым күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін damubala.kz ақпараттық жүйесінде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша балаларды кезекке тіркеу ашылатынын хабарлайды.
Ваучер саны:
* «Спорт» бағыты бойынша – 1 000 орын;
* «Шығармашылық» бағыты бойынша – 1 000 орын.
Ваучерлерді тарату 2026 жылғы 02 маусым күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады:
* «Спорт» бағыты бойынша – 700 ваучер;
* «Шығармашылық» бағыты бойынша – 500 ваучер.
2026 жылғы 26 мамырда Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А.Қалдыбеков кезекті апталық азаматтарды қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары абаттандыру, жол инфрақұрылымы, аумақтардың санитарлық жағдайы, МИБ қызметі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды тікелей көтерді. Қабылдауға салалық бөлімдердің басшылары қатысып, бұл өтініштерді жедел қарастыруға және әр мәселе бойынша нақты әрекет ету шараларын айқындауға мүмкіндік берді.
Аудан тұрғындары Си Синхай, Серкебаев, Левитан көшелері мен Достық тұйығындағы жолдарды жөндеу, аумақтарды санитарлық тазалау, ағаш отырғызу және санитарлық кесу, жарықтандыру орнату, жол таңбаларын салу және әлеуметтік нысандар маңында қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Бірқатар өтініштер бойынша профильдік бөлімдерге аумақтарды тексеру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, боллардтар орнату, сондай-ақ жол таңбаларын жаңарту және қосымша жарықтандыру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
Құрылыс компаниясына тиесілі қараусыз қалған аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты тұрғындардың өтініштеріне ерекше назар аударылды. Қабылдау қорытындысы бойынша көшпелі тексерулер ұйымдастыру, әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау және жер иелерімен аумақтарды тиісті жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Қабылдау барысында сондай-ақ МИБ қызметі, жылумен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға тіркелу және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер беріліп, профильдік бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктелді.
Өтініштердің жеке блогы Масанчи көшесіндегі тұрғын емес нысандардың құжаттарын қаланың гастрономиялық көшелерін дамыту тұжырымдамасы аясында қайта рәсімдеу мәселелеріне қатысты болды. Бұл мәселе бойынша профильдік басқармамен бірлесіп пысықтау ұйымдастыру тапсырылды.
Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында сапаны бақылау, қауіпсіздік және халық үшін нысандардың қолжетімділігі саласында маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі — нысандардың сәйкестік декларациясына қол қою тәртібінің өзгеруі. Енді бұл процеске Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері қатысатын болады.
Бұл мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) аумақтық департаменттерге берілетінін білдіреді.
Бұл іс жүзінде не береді?
Ең алдымен — шын мәнінде қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыруға бақылау күшейтіледі. Нысандарды пайдалануға беру кезінде мына мәселелерге ерекше назар аударылады:
Сәйкестік декларациясы — жай ғана формалдылық емес екенін түсіну маңызды. Бұл нысанның заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға, соның ішінде қолжетімділік талаптарына сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.
Жаңа тәсіл құрылыс процесіне қатысатын барлық тараптардың — жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі — жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Бүгінде қолжетімді орта — тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар өмір сапасының, әлеуметтік жауапкершіліктің және әрбір адамға деген құрметтің көрсеткіші.
Мүгедектігі бар адамдар, қарт азаматтар, балалы ата-аналар және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін жайлы қалалық орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Біз құрылыс ұйымдарын нысандарды жобалау кезеңінің өзінде қолжетімділік талаптарын ескеруге шақырамыз. Дәл осындай тәсіл барлық азаматтар үшін заманауи, қауіпсіз және шын мәнінде ыңғайлы кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында тұрғындардың барлық өтініштері қаралды. Олар тұрғын үйлерді реновациялау, аулаларды абаттандыру, қоғамдық тәртіп, жер учаскелерін үшінші тұлғалардың пайдалануы, көлік жүретін жолдарды ұйымдастыру, сондай-ақ еңістерде және тұрғын аймақтарға жақын аумақтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты болды. Қабылдауға салалық бөлімдердің басшылары қатысып, бұл әрбір мәселені жедел қарастыруға және нақты әрекет ету шараларын белгілеуге мүмкіндік берді.
Қабылдау барысында аумақтарды тазалау, бос жерлерді санитарлық тазарту, ағаштарды кесу, сондай-ақ түнгі уақытта тыныштық сақтау талаптарының орындалуына қатысты өтініштер қаралды. Бірқатар мәселелер бойынша аумақтарды тексеру жүргізіп, қолданыстағы нормалар аясында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Өтініштердің жекелеген бөлігі ықтимал заңсыз қосымша құрылыстарға, инженерлік жабдықтарды орнатуға, жасыл желектерді көшіру және іргелес аумақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға тексеру жүргізу үшін өтініш беру тәртібі түсіндіріліп, тиісті қызметтерге өтініштерді пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар жол белгілерін орнату және қайта орналастыру, автотұрақты шектеу, арық жүйесінің жай-күйі, су бұру және су басу мәселелері, сондай-ақ инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) қаланың балансына беру мәселелері көтерілді.
Қосымша зерделеуді және оқиға орнына барып бағалауды талап ететін мәселелер бойынша аудан әкімі, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салалық қызметтердің қатысуымен көшпелі тексеру ұйымдастырылып, нақты шешімдер қабылдау және алдағы қадамдарды айқындау жоспарлануда.
Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Еске саламыз, Бостандық ауданы әкімдігі күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр апта сайын сейсенбі күні өтеді. Қабылдауға жазылу үшін байланыс телефоны: 394 38 90.