
Алматыда Наурыз мейрамы айын тойлау аясында «Таза табиғат» атты ұлттық экологиялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды.
Алматы қаласы бойынша Экология департаменті Бостандық ауданы әкімінің аппараты және «Жасыл ел» МДҰ және Бостандық ауданы ТЖК-мен бірлесіп, «Жас қанат» алаңында 25 түп қайың көшеттерін отырғызды.
Ағаш отырғызу алдында басқарма басшысы жастарға көгалдандырудың маңыздылығын түсіндіріп, қаладағы қазіргі экологиялық жағдайды айтып жеткізді.