«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурстың мақсаты: отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа мыналар қатыса алмайды:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар.
Конкурсқа қатысу туралы толық ақпаратты Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөліміне келіп, Айманов көшесі, 191 , 211 кабинет, 2 этаж немесе тел: 274-67-01 арқылы білеуге болады.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
- Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
- Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Ұйымдастырушылар:
1) барлық отбасыларға тең жағдайды және оларды іріктеудің ашықтығын;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланатын күннен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
- Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және екі отбасыны айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияларға жібереді.
- Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және жеңімпаз бір отбасын айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жібереді.
- Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
- Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.
Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияны хабардар етеді және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.
- Комиссиялардың отырыстары жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
- Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін материалдарды мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындайтын заңды тұлғаға жібереді.
- Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
- Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізеді.
- Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
- Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.
______________________________________________________________
«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
қосымша
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім
- Отбасы құрамы:
|
Р\с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Туыстық дәрежесі
|
Туған күні (күні, айы, жылы)
|
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы
|
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- Отбасылық өмір тәжірибесі __________________________________________________________
- Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) __________________________________________________________
- Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: __________________________________________________________
- Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) __________________________________________________________
- Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) __________________________________________________________
- Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
- Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
- Өзге де құжаттар ___________________________________________
Қолы __________
Күні __________
___________________