Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінің қорытындылары туралы ақпарат 14.04.2022 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес 2022 жылы 14 сәуір күні Алматы қаласының Бас жоспары ғимаратында Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

       Кездесуге қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің, құрылыс компаниялары мен мердігерлік ұйымдардың басшылары, блогерлер, азаматтық сектор белсенділері қатысты.

      Шараға барлығы 600-ге жуық тұрғын қатысып, 67 адам сөз сөйледі, 88 мәселе көтеріліп, 69- адам жазбаша түрде жүгінді.

      Ағымдағы жылдың 27 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау үшін кездесулер өткізілді: нақты орынға шығу– 3, қала әкімінің орынбасарлары М. Б. Әзірбаев, А. К. Әмірин, А. О. Қырықбаев, А. Б. Нүсіпова қабылдауында -11 адам, басқарма басшыларында – 24, Бостандық ауданы әкімінің жеке қабылдауында – 6 адам болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі Е.А. Досаевтың жеке қабылдауында 15 адам болды.

Бостандық ауданы бойынша негізгі проблемалар анықталып белгіленді, оларды шешу бойынша кешенді және жүйелі тәсілдерді талап етеді.

 Олар:

– "Мега Центр" СОО, "ADK" СО, Бұрынғы жеміс-жидек консерві комбинаты аумағындағы, Сәтпаев – Байтұрсынов-Бұқар Жырау-Хамит Ерғали жағалауы көшелерінің кескініндегі жаппай құрылыс;

- Аудандағы нүктелі құрылыс;

- Ауданға қосылған аумақтардың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

-Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай қосылған аумақта емхананың болмауы.

Аталған мәселелердің орындау мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2022
Дата обновления
28 апреля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

29 июля 2026
Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы