
2020 жылдың 10 тамызынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін газдандыру бойынша HalykBank-пен бірлесіп акция өткізілді.
Халықты 0% - бен несиелендірудің арнайы әзірленген бағдарламасына сәйкес келесі шарттар ұсынылады:
сыйақы мөлшерлемесі-0%;
қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия - 0.1%;
несие беру мерзімі - 18 ай.;
бір жеке тұлға үшін қарыз сомасы 309 000 теңгеден аспайды.
Газдандыру жобасын іске асыру шеңберінде мынадай тетік әзірленді:
қажетті құжаттар тізбесімен кеңес алу үшін аудандық әкімдіктерге жүгінуге құқығы бар;
құжаттардың толық пакеті болған жағдайда газды қосу үшін техникалық шарттарды алу және газ құбырын жүргізетін мердігерлік ұйыммен шарт жасасу;
келісім-шартпен несие алу үшін HalykBank бөлімшелеріне хабарласыңыз.