Лого

Меню

Страницы

Статья

Бостандық ауданынан Алматы қаласы Маслихатының VII шақырылым депутаттары

Канкуров Станислав Владимирович

Алматы қаласыVII шақырылым Маслихат хатшысы

 

 Зулеев Мухтар Махамбетұлы

Зулеев Мұхтар Махамбетұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Мәскеу қаласы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық Академиясының магистратурасын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Компания Фуд Мастер» АҚ кеңесші заңгері лауазымынан бастаған. 2006 жылы қызметін «Казкоммерцбанк» АҚ-да шағын және орта бизнес менеджері ретінде жалғастырды.

 2006 - 2007 жылдары - «АТФ Банк» АҚ кредиттерді кепілдікпен қамтамасыз ету Департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы;

2007 - 2008 жылдарда – «DAN PARTNERS» ЖШС заң бөлімінің бастығы;

2008 - 2010 жылдарда – «Альянс Банк» АҚ Кешен – бақылаушысы аппараты басшысының міндетін атқарушы;

2010 - 2011 жылдарда – «Эль – Дос» АҚ президентінің кеңесшісі;

2011 жылдан 2013 жылға дейін – «Лидер –  Металл» ЖШС атқарушы директоры;

2013 жылдан 2015 жылға дейін – «Tatty Global Trade» ЖШС директоры;

2015 жылдан 2018 жылға дейін – «Boulangerie KZ» ЖШС құрылтайшысы, директоры;

2018 жылдан бастап қазірге уақытқа дейін «GOOD FOOD KZ» ЖШС құрылтайшысы және директоры.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісінің иегері.

«Аманат» партиясының мүшесі.

2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Депутатпен байланысуға арналған телефон: 8 705 333 5431

  

Сауранбаев Ералы Болатұлы

Сауранбаев Ералы Болатұлы, 1979 жылы 29 шілдеде Алматы қаласында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.                                       

 2000 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясында «Қаржы және инвестиция магистрі» ғылыми дәрежесін Дарем университетінде Ұлыбританияда алды.

1997-2007 жылдар аралығында коммерциялық және қаржылық салада ABN AMRO Asset Management «ТұранӘлем Банкі» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болып жұмыс істеді.

 2007 жылдан бастап «SHEBERBUILD» компаниялар тобының жетекшісі. Осы кезеңде компания 1050000 м.кв. астам тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік объектілерді пайдалануға берді. Компаниялар тобының персоналының саны 2500 адамнан асады.

 «Қазақстанның құрылыс индустриялары одағы» Одақ түріндегі заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, Хати Сауранбаев қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы қала құрылысы одағының мүшесі, атындағы ғылыми -білім беру қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының праймеризінің қатысушысы, академик Шахмардана Есенова «Нұр Отан» партиясының тізімінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізіміне енгізілді. Ол бірқатар әлеуметтік жобаларды белсенді қолдайды, әр түрлі бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының жас мамандарының инновациялық қызметін насихаттайды.

«Наши знания - нашей стране» «9М», «Мейірімдік шуағы», Bolashaq Stop Covid-19 сияқты қайырымдылық жобалардың демеушісі және белсенді қатысушысы.

«Аманат» партиясының мүшесі.

2021 жылдың 18 қыркүйегінен тастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Депутатпен байланысуға арналған телефон: 8 775 454 0559

 

 Абдумалик Жансая Даниярқызы

Абдумалик Жансая Даниярқызы 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

2007 - 2010 жылдары №173 мектеп-лицейінде білім алдым. 2010-2016 жылдары №126 мамандандырылған лицейде білім алып, оны үздік бітірдім. 2016 жылы Инновациялық техникалық колледжге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы колледжді үздік бітіріп шыққан.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясының «Жоғары дәрежедегі спорт және денешынықтыру» мамандығы бойынша студенті.

 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-да «ҚР Ұлттық құрамасының спортшысы лауазымында жұмыс істейді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласында «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК-да «Спортшы» лауазымында жұмыс істейді,  

Жеке жетістіктерім:

   Қыздар арасында 5 дүркін әлем чемпионы.

   Халықаралық әйелдер гроссмейстері – 2014 жыл.

   Халықаралық ерлер шебері – 2017 жыл.

   1 орын «5th Asian Indoor & Martial Arts Games 2017» жабық ғимараттардағы Азия ойындары – Ашхабад (Түркменістан) - 2017 жыл.

   1 орын 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем Чемпионаты, Тарвизио (Италия) – 2017 жыл.

   Әйелдер арасындағы шахматтан ҚР чемпионы – 2020 жыл.

«Аманат» партиясының мүшесі.

2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Депутатпен байланысуға арналған телефон: 8 702 201 6644

Дата публикации
11 февраля 2021
Дата обновления
11 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 июля 2026
Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы