
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Бостандық ауданының төтенше жағдайлар басқармасы
ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДАН БОЛАТЫН ӨРТТІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
Газды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерің бұзу себептерінен туындайтын өрттер тұрғын үйлердің, материалдық құндылықтардың жойылуына, адамның жарақат алуына, өліміне әкеліп соғады. Алматы қаласының ТЖД Бостандық ауданының төтенше жағдайлар басқармасы өрттерді болдырмау үшін газды пайдаланудың негізгі ережелерін ескертеді:
-газ плитасын тек қана жақсы желдетілген бөлмеде қолдануға болады;
-тұмшапештің оттығын жағу алдында оның қақпағын бірнеше рет ашып, жабу жолымен желдету қажет;
-газды жағу кезінде алдымен жанып тұрған сереңкені оттыққа жақындатып, содан кейін бірақ шүмекі ашыныз;
-плитаны тазалықта ұстаныз;
-газ құралдарын орнатуды және жөндеуді тек қана тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсырыныз;
-газ құбырларының және құралдарын кемшіліктерін өздігінен түзеге тырыспаныз;
-жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырманыз, өсіресе егер оған балалардың қолы жететін болса;
-плитаның үстіне киім жаймаңыз, жанғыш заттарды плитадан алыстатыңыз;
-газ құралдарын қолданған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабыңыз.
Егер сіз газдың күшті иісін сезсеңіз, онда:
Шүмекті жауып, бөлменің ауасын тазартыныз. Онымен қандай жағдай болмасын от жақпаныз, ұшқынның пайда болуынан алшақтау үшін ешқандай электр құралдарын қоспаныз. Газ баллоны сатып алынған, газбен жабдықтайтын қәсіпорынның авария қызметін шақыртыңыз.
Жеке меншік құқығында тұрмыстық қажеттілікке сұйытылған газды пайдаланатын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын үйлер мен пәтерлердің иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты.
ӨРТ КЕЗІНДЕ «101»-ге ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР
Газ жабдықтарын пайдалану кезінде абай болыңыз
Газ жабдықтарын пайдалану бұрыннан тұрмыста қалыпты болып қалды. Алайда оны пайдалану ережелері туралы еш ұмытуға болмайды. Өйткені оның ақаулығы немесе оны дұрыс қолданбау нағыз қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін.

Жыл сайын көгілдір отынды тұтынушылар саны артып келеді. Азаматтар көбінесе табиғи газдың жарылыс қаупі бар зат екенін ескермей, газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзады.
Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар басқармасы газ — жарылу қаупі бар зат екенін еске салады, ол газ құбырының ақаулығынан немесе тұрғындардың немқұрайлылығынан үй-жайға кіріп, белгілі бір пропорцияда ауамен араласып, жарылу үшін шағын от көзі, тіпті электр жарығының ажыратқышының ұшқыны жеткілікті болатын жарылғыш қоспаны құрайды. Сондықтан газ аспаптарын пайдалану және оларға күтім жасаудың келесі ережелерін қатаң сақтау қажет:
- газ баллондарын тек мамандандырылған пункттерде толтырыңыз;
- пәтерлерде газ плиталарын өзіңіз қоспаңыз және ажыратпаңыз;
- газ аспаптары мен жабдықтарын орнатуды, күйіне келтіруді, тексеруді және жөндеуді білікті мамандарға тапсырыңыз;
- баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың шүмектері жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың қымтаулығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);
- жақын жерде от, ыстық көмір, электр аспаптары қосылған кезде газ баллонын ауыстырудан аулақ болыңыз;
- баллон мен газ түтігін жылу мен тікелей күн сәулесінен қорғау үшін шаралар қолданыңыз;
- газ баллонын желдетілетін жерде, тек тік күйде сақтаңыз;
- газ баллондарын гараждарда, пәтерлерде, балкондарда сақтамаңыз;
- балаларды газ аспаптарына жіберу жағдайларын болдырмаңыз;
- газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағыңыз, содан кейін газ беруді ашыңыз;
- егер газ беру тоқтаса, тез арада жанарғыдағы жабатын кранды және газ құбырындағы қосалқы кранды жабыңыз;
- пәтерді жылыту үшін газ плитасын қолданбаңыз;
- тамақ дайындау кезінде газдың шығуына жол бермеу үшін, қайнап жатқан сұйықтықтың отқа құйылып кетпеуін қадағалаңыз;
- үйден шыққан кезде газ плитасын өшіруді және баллондағы бұранданы жабуды ұмытпаңыз;
- газ желісінің немесе аспаптардың ақаулығы туралы газ шаруашылығы кеңсесіне дереу хабарлау қажет;
- сіріңке жанғанша жанарғыны қосуға болмайды. Жанарғыны тұтатқаннан кейін барлық тесіктерде газдың жанғанын тексеру керек. Егер барлығы жанбаса, газды дереу сөндіріп, жанарғыны тексеріп, қажет болған жағдайда от саңылауларын тазарту қажет. Жанып тұрған жанарғыға сұйықтық төкпеу қажет. Егер жанарғыға су немесе басқа да сұйықтық төгіліп кеткен болса, дереу газды өшіріп, табандықтағы сұйықтықты тазалап, жанарғы салқындаған кезде оны құрғатып сүрту қажет;
- жарамды және қалыпты жұмыс істейтін газ аспаптарын ғана пайдалану қажет;
- тұтанған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды.
Пәтерден газдың иісі шыққан кезде:
- электр жарығын және электр аспаптарын қоспаңыз және сөндірмеңіз;
- темекі шегуден аулақ болыңыз, ашық отты пайдаланбаңыз;
- жайды желдету үшін есік, терезелерді ашып, газ құбыры шүмегін жабыңыз;
- адамдарды таза ауаға шығарыңыз;
- 104 телефоны арқылы авариялық газ қызметін шақырыңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде құтқарушыларды шақырудың бірыңғай 112 телефонына хабарласу қажет.