Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы аумағын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес,                   VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы аумағын абаттандырудың қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихаты L сессиясының  

төрағасы                                                                                                         В. Ли

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  хатшысы                                                             Қ. Қазанбаев

 

Алматы қаласы мәслихатының     

2019 жылғы «__» __________

№___ шешіміне  2  қосымша

 

 

Алматы қаласының аумағын абаттандырудың

қағидалары

 

1.  Жалпы ережелер

 

         1. Осы Алматы қаласының аумағын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы  5 шілдедегі  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»,  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленді.

         2. Қағидалар Алматы қаласының аумағын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.

         3.  Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

         1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

         2) жалпы пайдаланудағы жерлер – көпшілікке қолжетімді және ашық аумақтаржәне объектілер;

3) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

4) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;

         5) қатты тұрмыстық қалдықтар - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

6) Коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде жинақталатын тұтыну қалдықтары, сонымен бірге адам өмірінің тіршілігінде пайда болатын қалдықтар, сондай-ақ құрамы мен пайда болуының сипаты жағынан оған жақын өндіріс қалдықтары.

7) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;

8) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;

9) тұтыну қалдықтары - өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);

10) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

         11) өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағынаудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі ;

         12) тротуар (жаяу жүргіншілер жолы) – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

         13) уәкілетті орган - табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

         14) ұйым - абаттандыру саласында маманданып жүрген заңды және жеке тұлға;

         15) шағын сәулеттік нысандар - декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүлге арналған вазалар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс сауыттары, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

         16) іргелес аумақ - ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

         17) автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп-ұстау – жылдың қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қар басудан қорғау, мұз және қардан тазалау, қысқы тайғақты болдырмау және жоюдан тұратын, автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қызғалысты қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар;

         18) мұзға қарсы материалдар (МҚМ) – қысқы тайғақты жою немесе оның алдын алу үшін жолдың үстіне себілетін қатты, кристаллдық немесе сұйық материалдар немесе олардың қоспасы;

         19)  қоқыс шығаратын ұйым – коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу (сұрыптауды қоса алғанда), залалсыздандыруды, соңынан оны кәдеге жарату және көмуді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық  қатынасы бар, коммуналдық қалдықтарды шығаруды іске асыратын ұйым;

20) мамандандырылған кәсіпорын – Алматы қаласы аумағын абаттандыру, санитариялық күтіп ұстау, тазалықты сақтау және тазалауды ұйымдастыру, соның ішінде қалдықтарды жинау, әкету, сақтау,  пайдалану, қайта өңдеу, залалсыздандыру және көму саласында маманданған ұйым;

21) арнайы көлік - шығарушы зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес келетін және санитариялық ережелерді сақтай отырып, қалдықтарды шығаруға негізделген, тығыздайтын құрылғымен және стандартты контейнерлерді іліп алып, көтеруге арналған, тиегіші бар құрылғымен жабдықталған көлік құралы;

22) қалдықтардың есебін жүргізу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларын жинаудың және ақпараттар берудің және олармен жұмыс істеу әдістерінің жүйесі;

23) қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған орын;

24) қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды түзілген немесе сақталған жерінен оларды өңдеу, кәдеге жарату немесе көму объектілеріне тасымалдау;

25) контейнерлік алаң - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, сәулет және қала құрылысы органдарымен, ПИк және уәкілетті органмен келісілген, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және сақтау жөніндегі контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы бөлінген орын;

26) қалдықтарды жинау – қалдықтарды алу, жинақтау және  қалдықтарды әрі қарай кәдеге жарату немесе жою мақсатында, оларды сұрыптаудан тұратын арнайы орындар немесе объектілерде орналастырумен байланысты қызмет;

27) қалдықтарды сұрыптау - тұрмыстық қатты қалдықтарды әрі қарай пайдалану, қайта өңдеу, залалсыздандыру, көму және жою үшін оларды түрлеріне қарай бөлу;

28) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;

29) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;

30) қоқыс – ұсақ біркелкі емес немесе ылғал қалдықтар;

31) қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;

32) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;

33) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

34) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

35) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою. 

 

         2. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру 

 

1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

 

4.  Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

       5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

7. Жеке және заңды тұлғаларға:

1) көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға;

2) ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындар және жеке үйлердің аумағында, жалпы пайдаланудағы аумақтарда, сондай-ақ контейнерлерде  қоқыстарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға;

3) су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды ағызуға;

4) үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге, сондай-ақ кілем бұйымдарын жууға;

5) топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға;

6) ұйым болып табылмайтын кез келген заңды және жеке тұлғаға полигонға шығаруға тыйым салынған, қауіпті қалдықтардың түрін тастауға;

7) арнайы мамандандырылған  ұйым болып табылмайтын кез келген заңды және жеке тұлғаға коммуанлдық қалдықтардың барлық түрін тастауға рұқсат етілмейді.

8. Қаланың аумағында арнайы белгіленбеген жерлерде тұрмыстық және құрылыс, өндіріс қалдықтарын, ыдысты, ағаш кесінділерін, жапырақтарды тастауға, қарды шығаруға рұқсат етілмейді.   

9. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға рұқсат етілмейді.

        10. Аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына рұқсат етілмейді.

Тұрғын үйлердің ортақ кеңістікке біріктірілген (аула) арнайы бөлінген аумақтарына кіре беріс жерлерде, қолмен ашатын арнайы құрылғымен жабдықталған шлагбаумдарды орнатуға рұқсат етіледі, егер тәулік бойы кезекшілік ететін қызметкері бар стационарлық пост ұйымдастырылса.

11. Автокөлік және құрылыс кәсіпорындары, сондай-ақ автокөлік құралдарының иелері қаланың көшелеріне таза көлік құралдарының шығуын қамтамасыз етуі керек, олар жолдардың ластауына жолбермей, соның ішінде қозғалысқа қауіп төндіретін қоқыстарды және басқа да заттарды арнайы орыннан тыс жерге тастауына рұқсат етілмейді.

12. Топырағы ашық жатқан учаскелерді көгалдандыру және суару немесе шаңы шығып жатпас үшін жауып қою керек. Топырақты жабу учаскенің мақсатына қарай әр түрлі болуы мүмкін: газон төсеу, қиыршық таспен жабу, тратуарлық плиталар, асфальт, тақтайшалар, опилка төсеу және т.б.

13. Алматы қаласының аумағында абаттандыру және қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында учаскелерді төмендегідей:

- қатты (күрделі);

- жұмсақ (күрделі емес);

- газонды;

- аралас (жоғарыда көрсетілген жабындылар қосындысы) түріндегі жабындысыз ұстауға жол берілмейді, саябақ кешендерінің ерекше қорғалатын аумақтарында жол - жаяу жүргіншілер желісін және құрылыс пен қайта жаңғырту процесіндегі учаскелер аумақтарын есептемегенде.

14. Жаяу жүргіншілер коммуникациялары аумағында, жерасты және жерүсті өтпелерінде, ғимараттарға кіре беріс алаңдарда жабынды ретінде кафель, метлах плиталар, жасанды және табиғи тастардан жасалған тегіс немесе  жылтыр плиталарды қолдануға  рұқсат етілмейді.

 

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

 

15. Жалпы пайдаланудағы жерлерді тазалау және күтіп ұстау мынадай жұмыс түрлерінен тұрады:

1) ұсақ және тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды тазалау және шығару;

2) ірі габаритті қалдықтар мен қоқыстарды тазалау және шығару;

3) сыпыру;

4) қамыс, арам шөп, қурай және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

5) қоршауларды және шағын сәулеттік нысандарды жөндеу және бояу.

16. Саябақ, сквер, бульвар, су айдындары, жағажайлар орналасқан жалпы пайдаланудағы аумақтарды, соның ішінде ол жерлердегі жаяу жүргіншілер, соқпақ жолдарды, баспалдақтарды тазалауды сол объектілерді пайдаланатын және қызмет көрсететін, аумаққа бекітілген  заңды және жеке тұлғалар мен субъектілер жүргізеді.

17. Көшелердің жүретін бөлігін тазалау: 

1) Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді;

2) Жол төсемдерін қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға тыйым салынады және рұқсат етілмейтіндігін білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді;

3) Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төсемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;

4) Жолдың жүретін бөлігі қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет;

5) Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды абаттандырудың басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді;

6) Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға, арықтарға тастауға рұқсат етілмейді.

18. Жолдардағы жұмыс өндірісіне жауапты лауазымды және басқа да тұлғалар жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.  Жұмыстар аяқталғаннан кейін жолдарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі қамтамасыз етілуі тиіс.

19.  Қала көшелерін және жол құрылыстарын күтіп ұстау:

1) Қала көшелерін және жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары үзіліссіз жыл бойы жүргізіледі және көктемгі-жазғы-күзгі кезеңнен және қысқы мезгілде кұтіп ұстау жұмыстарынан тұрады. Көгалдандыру бойынша жұмыстар қала көшелерін күтіп ұстау бойынша жұмыстардың құрамына енгізіледі.

Қала көшелерін және жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстарын уақытында жүргізу мақсатында оларды күнделікті қарап, тексеріп отырады.

2) қала көшелерін  күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде  жолдарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз, үзіліссіз және қолайлы жүруі жыл бойы қамтамасыз етілуі тиіс.

3) Қаладағы көше-жол желісінің (КЖЖ-УДС) құрылымдық және конструктивтік  элементтерін  көктемде, жазда, күзде күтіп ұстау үшін арнайы жұмыстар орындалады.

20. Көгалдандыру жұмыстары қалалық жолдарды күтіп-ұстауға кіреді және көгалдандыру кезінде пайдаланылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, агротехникалық іс-шаралардың талаптарын ескере отырып, жылдың мезгілдері қарай орындалады.

21. Қаланың көшелерін көгалдандыру сәулеттік-көркем безендіру үшін, сондай-ақ топырақ эрозиясынан, қар және құмнан қорғау үшін жүргізіледі. Көгалдандыру жасыл екпелерді, көлік жолайрықтарындағы гүлзарларды, көгалдарды отырғызу, күтіп баптау, қалпына келтіру және безендіру жұмыстарынан тұрады.

22. Жасыл екпелерді  күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

         1) жасыл екпелерді отырғызу, топырақты күту

         2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды әктеу, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

         3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

         4) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру, жасарту;

         5) тыңайтқыштар салу; жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

23. Гүлзарларды, жол бойындағы вазондарды, газондарды және сәндік екпелерді күтіп баптауға: егетін жердің топырағын дайындау, тұқымды дайындау және көшеттер егупі өсіру, суару, топырақты тыңайту, арам-шөптерден арылту жұмыстары кіреді.

24. Шағын сәулеттік нысандарды және қоршауларды күтіп-ұстау жұмыстарына жуатын заттарды қолдана отырып, оларды үнемі тазалау және жуу кіреді.

25. Қала көшелерін күтіп-ұстау бойынша басқа да жұмыстар:

1) жолдарды күнделікті тексеру;

2) көлік құралдырының жүруіне кедергі келтіретін объектілерді алып тастау;

3) тұрмыстық қатты қалдықтарды қалалық полигонға шығару;

4) жол құрылыстарын күзету.

26. Қала көшелерін қыста күтіп-ұстау

Қала көшелерін қыста күтіп-ұстау жұмыстарына төмендегідей бірінші және екінші кезектегі операциялар жатады:

  • Қысқы тазалаудың бірінші кезектегі операцияларына мыналар кіреді:
  • жолдардың көлік жүретін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
  • қарды күреу және сыпыру;
  • күрелген қарды тасып шығару үшін жинастыру;

- жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларын, әкімдік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын, аулалардан шығатын және тағы басқа жолдарды күрелген қардан тазарту.

         2) Екінші кезектегі операцияларға кіретіндер:

-  қарды жинау (шығару);

- қар шығарылғаннан кейін жол жағалауын тазартуы;

- мұзды жару және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.

         Көшелерді қыста тазалаудың технологиясына сәйкес жүретін жолды мұзға қарсы материалдармен (МҚМ) өңдеу жұмыстары қар жауып басталғаннан кейін  20-40 минут өткен соң, өңдейтін материал ұсталатындай қар қабаты түскен кезде жүргізіледі.

Асфальтқа жабыспайтын, күпсек қар массасы пайда болғаннан кейін қарды күрейді. МҚМ себу жұмыстары қар 5 см болып түскен сайын жүргізіледі, артынан оны қайтадан күрейді.

Аталған технологияны сақтамаған жағдайда жолда мұз қатады.

Сондықтан, мұз қатуды болдырмау мақсатында өңдеу материалының  қармен жабысуын күтіп, күпсек қар массасы пайда болғанын күту керек, ол асфальтқа жабыспайды және оңай сыпырылып-жиналады.

Құммен салыстырғанда қиыршық тастарда шаңды бөлшектері 5 есе аздау болады. Қар және мұзбен араласқанда ұсақ қиыршық тастардың ілінісуін арттырып, автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің мұзды жолмен жүргенде таймауына ықпал етеді. Соның арқасында автокөліктер мен адамдардың қауіпсіз қозғалысы артады.  Ұсақ қиыршық тастар адамның денсаулығына қауіпсіз, асфальтті жабынды үшін зияны жоқ. Оның қолданғанда экологияға зиян тимейді, құмды пайдаланғанда лайлы батпаққа айналып, ол кепкен кезде шаң болады.

Қар жауған кездегі  жолдарды тазалаудың негізгі операциялары мынадай:

- жүретін жолды мұзға қарсы материалдармен өңдеу;

- қарды сыпырып-жинау;

- қар үйінділерін жасау;

- қарды шығару.

2) Қалалық ішкі аулалық жолдарды қысқы тазалау (қысқы күтіп-ұстау) мыналар:

- жаңа түскен қарды сыпыру;

- қалыңдығы 2 сантиметрден жоғары қарды итеру;

- мұзға қарсы материалдармен өңдеу;

- мұз және қатқақтардан тазалау;

- қар жаумаған күндері сыпыру;

- контейнерлік алаңдарды тазарту;

- қоқыс сауыттарын тазалау және олдарды дезинфекциялау.

27. Ұзақ уақыт қар жаумаған және жол үстінде қар болмаған  кезеңдерде, құрғақ ауа-райы орын алғанда жол жанындағы аймақтарды, негізгі және қосалқы белдеулерді механикалық сыпыру және тазалау жұмыстарын жүргізу керек.

28. Ақылы тұрақтар, гараждар, жеке тұрған үсті жабық паркингтердің маңындағы аумақтарды, сондай-ақ олардың шатырын тазалауды сол объектілерді пайдаланатын ұйымдар мен меншік иелері қамтамасыз етеді.

Дата публикации
09 сентября 2020
Дата обновления
09 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 июля 2026
Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы