Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып 2019 жылғы 12 сәуірде тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 45-46 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылдың                   16 сәуіріндегі № 44-45 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 237, 238, 245, 268, 300, 301, 309, 493, 558 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын;

2) көрсетілген шешімнің  № 229, 233, 242, 243, 246, 249, 250, 251, 252, 274, 301, 489, 558, 559 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.
  3. Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Әкім                                                                                            А. Рақымбетов

 

Келісілді:

Алматы қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                                 Ж. Асанова

«__» _______ 202_ жыл

 

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

29 июля 2026
Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
29 июля 2026
ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы