|
|
1-қосымша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына |
|
|
|
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) 2026ж. |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы |
180 063 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген және Ұлттық Жоспарда көзделген. 22.02.2021 жылғы № 47 бұйрықпен 2025 жылға дейін "Белсенді ұзақ өмір сүру" аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. |
Зейнеткерлер |
Аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға, олардың белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тартылуына және ұрпақтар сабақтастығына жәрдемдесуге бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмысы үшін инфрақұрылым құру. Зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын қолдау. |
|
2 |
Отбасын қолдау орталығы |
44 682 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 маусымда № 34499 болып тіркелді. |
Халықтың осал топтары
|
Әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау – қазіргі қоғамды дамытудың сөзсіз басымдығы. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық қолдау көрсету; біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті дамыту; әлеуметтік осал отбасылардың мәселелерін және оларды шешу жолдарын анықтау; отбасылық құндылықтарды насихаттау және қалыптастыру.
|
|
3 |
Тең қоғам |
49 620 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығының тұжырымдамасын әзірледі |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар |
Өз мүмкіндіктерін білмеу және отбасы тарапынан гиперқамқорлық салдарынан қоғамнан оқшауланған мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған. Міндеттері: • өз бетінше өмір сүру дағдыларына үйрету • теріс стереотиптерді жеңу және өзін-өзі бағалауды арттыру • құқықтық сауаттылықты арттыру • мүгедектікке байланысты қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге көмектесу • өз өмірінде жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру
|
|
4 |
Шыңға өрлеу |
37 109 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вице-министрінің хаты негізінде (2019 жылғы қазан) |
Халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары (1-4 сынып) |
Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін 1-4 сынып оқушылары "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының қабырғасында тегін қосымша білім алып, жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік алады. |