Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Бостандық ауданы әкімінің 2025 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің кестесі бекітілді.
2025 жылдың III тоқсанында аудан әкімі халықпен 1 тұрақты кездесу өткізді:
Кездесудің өткізілетіні туралы хабарландыру аудан әкімінің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланды.
Кездесуге қатысқан тұрғындар саны – 31 адам. Кездесу барысында 8 тұрғын тарапынан сұрақ қойылып, 9 мәселе көтерілді. Комиссиямен немесе жергілікті жерге барып қарау қажет мәселелер бойынша, әкім аппараттың жауапты қызметкерлеріне және аудан қызметтеріне 6 тапсырма берілді. Қазіргі таңда, қойылған 9 сұрақтың 2-і оң шешімін тапты, 7 - іне түсініктемелер берілді.
Осы кездесуге Мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, құқық қорғау органдары және ауданның коммуналдық қызметтері қатысты.
Азаматтардың сұрақтары сипаттары бойынша келесідей бөлінеді:
Қала әкімі мен аудан әкіміне қатысты сын-ескертпелер айтылған жоқ.