Бостандық ауданы әкімі аппаратының 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп

Бостандық ауданы әкімі аппаратының

2025 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары

 туралы есеп

 

1.Экономика

 

Өнеркәсіп

2025 жылғы қаңтар-тамыз өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 101,5 млрд.тг. құрады. НКИ - 107,4% (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 77,6 млрд.тг., НКИ-94,0%).

Есептік айдағы орындалу фактісі - 13,8 млрд. тг.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-тамыз 290,7 млрд. тг. құрайды. НКИ - 147,9% (2024 жыл-185,4 млрд. тг., НКИ-77,0%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың қалалық көлеміндегі ауданның үлес салмағы - 22,6%.

 

Салықтар

2025 жылға жоспар – 1 455,4 млрд. тг. Оның ішінде: республикалық - 930,5 млрд тг., жергілікті – 524,9 млрд. тг.

01.09.2025 жылға арналған жоспар - 917,1 млрд. тг. Оның ішінде: республикалық – 552,7 млрд тг., жергілікті – 364,4 млрд. тг.

01.09.2025 жылдың орындалу фактісі - 963,6 млрд. тг. (105,1%) (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 802,9 млрд. тг.). Оның ішінде:

республикалық - 513,8 млрд. тг. (93,0%), жергілікті - 449,9 млрд.тг. (123,5%) (2024 жылдың ұқсас кезеңі - республикалық-440,1 млрд. тг. жергілікті - 362,8млрд.тг.).

 

2025 жылғы қаңтар-тамыз бөлшек сауда айналымының көлемі 1 105,5 млрд. тг. құрайды. НКИ - 108,3%, оның ішінде азық-түлік тауарлары - 164,1 млрд. тг., НКИ - 73,0%, азық-түлік емес тауарлар - 941,5 млрд. тг. НКИ - 118,5% (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 951,7 млрд.тг., НКИ - 110,6%).

 

Көтерме сауда айналымы – 1 513,6 млрд. тг. құрады, НКИ - 103,4% оның ішінде азық-түлік тауарлары - 178,9 млрд.тг. құрады, НКИ - 70,7%, азық-түлік емес тауарлар – 1 334,7 млрд. тг. НКИ - 111,1% (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 1 401,0 млрд.тг., НКИ - 85,5%).

 

Көтерме-бөлшек сауда айналымы – 2 619,1 млрд. тг. құрады (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 2 352,7 млрд. тг.).

 

Кәсіпкерлік

Тіркелген заңды тұлғалар (2025 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша) – 36 124, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 26 225 (2024 жылғы ұқсас кезең - 35 493, оның ішінде жұмыс істейтіндер - 26 396).

 

Жаңа жұмысшылар орнын құру

16.09.2025 жағдай бойынша ауданда 7 598 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жыл жоспарына 58,1% - 13 077 (2024 жылға арналған жоспар – 12 849).

 

 

2.Әлеуметтік қорғау

 

Әлеуметтік көмек

2025 жылдың 9 айында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) 292 отбасы өтініш білдіріп,  жыл басынан 23 069 113 тг. төленді.

79 адамға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, жыл басынан бері 3 167 284 тг. төленді.

2025 жылдың басынан бері 1 651 адам 7 АЕК (27 542 теңге) мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 86 535 450 тг. құрады, ауданның аса мұқтаж 824 адамға жалпы сомасы 64 799 360 тг. 20 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6,5 АЕК мөлшерінде 6 ҰОСА тағайындалып төленген сома 1 226 784 тг. құрады.

Тарифтерді көтеру жәрдемақысы 22 828 адамға тағайындалып 221 381 432 тг. төленді.

Туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық кезеңде емдеу және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған 12 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек 57 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 12 850 994 тг. құрады.

АИТВ жұқтырған балаларға 2пм мөлшерінде әлеуметтік көмек 4 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 1 849 120 тг. құрады.

        Суық және ыстық суды есепке алу аспаптарын сатып алу, тексеру және орнату шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек жалпы сомасы                   930 402 тг. 59 өтініш берушіге тағайындалды.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек 5 473 344 тг. сомасына 118 отбасына тағайындалды.

 Сондай-ақ, 593 аса мұқтаж азаматтар санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек сұраған. т Бостандық ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласында екі санаториямен шарт жасасты:

- ЖШС «SAPA» (Түркістан облысы, Қарабұлақ ауылы, Ахұнабаева көшесі, 89а үй);

- ЖШС «Aqniyet» (Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы, Көктүрек кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 21А үй).

 

Қазіргі таңда 144 адам санаторлық-курорттық ем қабылдады, жалпы сомасы 26 930 880 теңге. Зейнеткерлерге санаторлық-курорттық жолдамалар беру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, өтемақыға 10 өтініш қабылданып, 1 559 751 теңге төленді.

Сонымен қатар, бөлімде мүгедектерді техникалық көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- 359 мүгедек жеке көмекшінің қызметіне өтініш берді.

- 62 мүгедек жест тілі маманының қызметіне өтініш берді.

- көру қабілеті бұзылған 163 мүгедек тифлотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.

- 77 мүгедек сурдотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.

- 463 протездік-ортопедиялық көмекке өтініш берді.

- бірінші топтағы 116 мүгедек қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалар) қамтамасыз ету үшін өтініш берді.

- 2 068 мүгедек санитарлық-гигиеналық құралдарды (памперстер, нәжіс қабылдағыштар және несеп қабылдағыштар) алуға өтініш берді.

- 1 137 мүгедек санаторий-курорттық емделуге өтініш берді.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық комиссияның қарауына ақшалай өтемақы мен куәлік алуға 186 өтініш қабылданды.

Еңбек иммигрантына рұқсатты ұзарту және кері қайтару үшін жыл басынан бастап 4 987 мигрантқа жұмысқа ораналасу үшін  рұқсат берілді.

Көпбалалы отбасылармен жұмыс жалғасуда. Көпбалалы отбасылардан "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларымен награда алуға  37 өтініш қабылданып, марапатталды.

Сондай-ақ, ақталған тұлғаларға 6 куәлік берілді.

Жыл басынан бері мүгедектерді әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 2 548 өтініш түсті, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы 492 505 478 тг. сомасында қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 - жылдығына орай  ҰОСА, ҰОСҚ және ҰОСА-не теңестірілген азаматтарға, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген әйелдердің әйелдеріне, еңбек майданының қатысушыларына 201 200 000 теңге сомасына мынадай төлемдер жүргізілді, оның ішінде:

- ҰОС ардагерлері мен ҰОСМ - 5 адам, - 25 млн. тг;

- Дамаск қатысушылары – 3, - 600 мың тг;

- ҰОС теңестірілген - 158 адам - 15 800 млн. тг,

- ҰСҚ-ға теңестірілген - 57 адам, - 5 700 млн. тг,

- Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген 373 адамның әйелдеріне - 1 850 млн. тг.,

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 1, 100 мың тг;

- Басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне 348 адам, - 34 800 млн. тг,

- Тыл майдангерлері – 1 147 адамға – 114 700 млн. тг.

- Ауғаныстан Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің жекеленген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек - 364 адамға - 36 400 000  тг.

- Желтоқсандықтар- 80 адам, 20 млн. тг.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс

«Шыңға өрлеу» – СУСН санатындағы балаларға қайырымдылық негізінде мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігін ұсынды (Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық парктері: “Fantasy World Almaty”, “Alem Park”). 100-ден астам бала тартылды.

Шара барысында келесі демеушілер қолдау көрсетті:

  • JLC компаниясы – балмұздақпен,
  • Lemonadoff – сусындармен,
  • жазушы Олжас Алина – балалар кітаптарымен,
  • Технологиялық колледж – ұлттық дәстүрлер фестивалінде палау тағамымен,
  • ҚазҒАСА мектебінің әкімшілігі – тәтті сыйлықтармен.

Сонымен қатар, демеушілер олимпиадалар мен байқауларға арналған түрлі сыйлықтармен де қолдау көрсетті.

 

Әлеуметтік қорғау

         Әлеуметтік қызмет көрсету барысында 417 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер  5 бөлімшеде қызмет алуда. Осы 417 қызмет алушылардың ішінде:

  • ҰОС мүгедегі – 1 адам,
  • ҰОС қатысқан – 1 адам,
  • ҰОС қатысушыға теңестірілген – 1 адам,
  • ҰОС қатысушыларының жесірлері – 8 адам,
  • Тылда еңбек еткен – 115 адам,
  • Зейнеткерлер – 247 адам,
  • Мүгедектігі бар тұлғалар – 44 адам (1 топ мүгедектері – 8 адам, 2 топ мүгедектері – 36 адам).

Тоқсан ішінде қызметке алуға қабылданғандар – 39 адам, қызмет алудан шығарылғандар – 16 адам.

Ескерту: Жеңістің 80 жылдығына орай 115 тыл еңбеккеріне мерекелік медальдар табысталды.

 

Әлеуметтік жобалар

Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 5 жоба жүзеге асырылуда:

  1. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы – зейнеткерлерге арналған демалыс және білім беру бағдарламалары. Бұл жоба “Талдықорған аймақтық жұмыспен қамту қоры” қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылуда. Жобаның жылдық бюджеті – 53,4 млн. тг. Бүгінгі таңда 38,4 млн. тг. игерілді  немесе 71,9%. Есепті кезеңде 570 адам тіркеліп, 32 690 қызмет көрсетілді.
  2. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы - іске асырушы ұйым – “Асыл жүрек” қоғамдық қоры. Жылдық бюджет – 53,4 млн. тг. Бүгінгі таңда 31,8 млн.тг. игерілді немесе 60,1%. (2024 жылы – 44,9 млн. тг.). Есепті кезеңде 395 адам тіркеліп, 13 343 қызмет көрсетілді.
  3. «Отбасы қолдау орталығы» жобасы – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік қызмет. Жоба «Rahym» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады.  Жылдық бюджет – 27,4 млн. тг. Бүгнгі таңда 14,2 млн. тг. игерілді немесе 51,8%. (2024 жылы – 28,5 млн. теңге). Есепті кезеңде 11 492 адам өтініш білдірді.
  4. «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы – бастауыш сынып оқушыларына арналған қосымша сабақтар өткізіледі. «Асыл дария» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады. Жылдық бюджет – 30,6 млн. тг., Бүгінгі таңда 19, 1 млн. тг игерілді немесе 63% (2024 жылғы бюджет – 31,8 млн. теңге). Есепті кезеңде 153 бала тіркелді.
  5. Мүгедектігі бар адамдарға арналған "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы. Жобаны "Bakyttyn zholynda" қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобаның жылдық бюджеті – 20 637 900 тг. Бүгінгі таңда 12,4 млн. тг. (61%) (бюджет 2024ж. - 21,4 млн тг.) Көрсетілетін қызметті алушыларды қамту - 998 адам.

 

          Бейімдеу

          Алматы қаласын дамытудың  2025 жылға дейін бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспиктиваларды іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес Алматы қаласы әкімі бекіткен «Алматы қаласында инклюзивті ортаны құру» тараулары бойынша ауданның 350 нысанының 10%-ын паспорттау және бейімдеу жоспарланған. inva.gov.kz порталында 1 293 нысан енгізілген.

 

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КТҚҚК)

         14 отырыс өткізіліп, 51 мәселе қаралды. Оның ішінде: 39 мәселе – кәмелетке толмағандар туралы, 10 мәселе – кәмелетке толмағандардың  ата-аналар туралы, 2 мәселе – комиссия жұмысының жоспарлы сұрағы. Ата-аналық құқықтан айыру бойынша шешім қабылданған жоқ, 6 ай мерзімге ата-аналық құқықтан шектеу – 2 іс  бойынша шешім қабылданды.  

 

Гендерлік теңдік

         Ауданда  3 241 көпбалалы отбасы бар, оның ішінде 455 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған, 6 және одан көп баласы бар.

 

 

  1. Денсаулық сақтау

        Ауданда 27 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 9 мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жеке меншік медициналық орталықтар, 15 қалалық және 3 республикалық ғылыми институттар мен орталықтар бар, оларда 6,4 мың медицина қызметкері еңбек етеді. Ауданда 200-ден астам жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары бар. Бостандық ауданының АМСК-ке 434,6 мың адам тіркелген.

        Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 30 жағдай анықталды (2024ж. - 46).

        Ана өлімі тіркелмеген.

        А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша - 23 адам тіркелді (2024ж. – 53).

        Онкологиялық аурулар бойынша 492 адам тіркелген (2024ж. – 422  адам).

          Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жаңа нысандар салу және қолданыстағыларын жаңғырту белсенді жүргілілуде.

         №4 емхананың күрделі жөндеу жұмыстарының 99%-ы, №12 емханада 98%-ы орындалған.

        Серкебаев даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы басталды.

        Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан кейін, Әл-Фараби даңғылы мен Санаторная көшесінің қиылысында 500 адамға арналған тағы бір емхананың құрылысы басталады деп жоспарланған.

 

 

  1. Білім беру

Бүгінгі таңда аудан бойынша 35 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оқушылар саны – 40 138. Оның ішінде: 10 мектеп орыс тілінде, 10 мектеп қазақ тілінде, 15 мектеп екі тілде білім береді.

34 жеке мектеп бар, оқушылар саны – 15 164, олардың 8-ы қазақ тілінде, 17-і орыс тілінде, 2-і ағылшын тілінде, 7-і аралас тілде білім береді. 

         «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Розыбакиев көшесінде 1 500 орындық жаңа мектеп ашылып, өз жұмысын бастады. 2025 жылғы қазан айында Егизбаев көшесінде 2 500 орындық мектептің ашылуы жоспарлануда.

№73 мектептің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, ал 450 орындық қосымша ғимараттың құрылысы 2026 жылдың қаңтар айында аяқталады.

№10 мектеп-интернаты мен №189 және №191 мектептерінде сейсмокүшейту жұмыстарымен бірге капиталдық жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

2025 жылдың соңына дейін Республикалық физика-математика мектебінің ғимаратын реконструкциялау жұмыстары толық аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, 2025 жылғы сәуір айында №60 мектептің қайта жаңғырту жұмыстары басталды, оны 2026 жылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

 

Мектепке дейінгі білім беру

Ауданда 32 мемлекеттік және 103 жеке бала-бақша жұмыс істейді, жалпы балалар саны – 12,6 мың.

Әлеуметтік тапсырыс бойынша 72 ұйым 4,2 мың баланы қамтиды.

         32 мемлекеттік бала-бақшаның жалпы жобалық қуаты 5,7 мың орынды құрайды. ХӘОТ-ғы санатына жататын балалар саны 1,2 мың бала; инклюзия тобы бойынша бала саны - 357.

32 бала-бақшаның: 9 бала-бақша қазақ тілінде, 23 бала-бақша аралас тілде.

Орбита-3 шағынауданында орналасқан бұрынғы балалар үйінің екі ғимаратын 336 орынға арналған балабақшаға қайта құру жұмыстары аяқталды (бір корпус – 240 балаға арналған, 10 топ, екінші корпус – 96 орынға арналған, 10 топ). Жобаны жүзеге асырушы мердігер – «NEFT» БК ЖШС. Қазіргі уақытта қажетті рұқсат құжаттарын алу жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландыру түскеннен кейін балабақшаны толық жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

«NEFT» БК ЖШС мердігерлігімен «№81 балабақша» КМҚК-да сейсмокүшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда балабақшаны жабдықтау жұмыстары аяқталу сатысында. Ашу мерзімі – 2025 жылдың 1 қазаны.

«BEREKET TK» ЖШС мердігерлігімен «№87 балабақша» КМҚК-да сейсмокүшейту арқылы күрделі жөндеу аяқталды. Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарын алу және жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап есту қабілеті бұзылған балаларға арналған «Мамандандырылған (түзету) бақша №137» КММ сейсмокүшейту мақсатында күрделі жөндеуге жабылды. Мердігер – «NEFT» БК ЖШС. Балалар №70 балабақшаға уақытша орналастырылды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.

 

 

Қаржы түскеннен кейін балабақшаны жабдықтау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер

          2025 жылдың 9 айында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 1 000 өтініш өңделген, оның ішінде:

        - «Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» қызметі бойынша - 751 көрсетілді, 141 - бас тартылды;

        - «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату» қызметі бойынша – 249 көрсетілді, 39 – бас тартылды.

        2025 жылдың 9 айында аудандық спорттық разрядтар мен біліктілік

санаттарын беру бойынша комиссия тарапынан 776 құжат қаралып, құжаттары мақұлданды. 

 

6.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, АЭС-2, АЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің, 15 басқарушы компаниялардың, 276 мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), 908 жай серіктестіктердің құрамына кіретін 2 038 көппәтерлі үйден) тұрады.

 

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

2025 жылы бюджет қаражаты есебінен Жароков және Желтоқсан көшелерінде орналасқан 8 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың периметрі бойынша жарықтандыру орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды.

Мердігер ұйым – «АВАН Құрылыс» ЖШС, шарт сомасы – 200 млн теңгеге төмендегі жұмыстар атқарылды:

10 600 м² қасбет беттерін бояу;

160 шам орнату;

400 метрлік лента түріндегі жарықтандыру орнату;

1 000 м² үй маңындағы бетон отмостка төсеу;

1 000 м² шатыр карниздерін қаптау;

30 балконды қаптау.

 

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңдарын орнату

2025 жылы 70 аула аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу аясында келесі жұмыстар орындалды:

3 000 м² асфальт жабындысын төсеу;

10 000 м² резеңке жабындысын төсеу;

 

         10 футбол алаңының қоршауын ауыстыру;

25 дана шағын архитектуралық формаларды (ШАФ) ауыстыру.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында 3 000 м² асфальт жабындысын төсеу арқылы шұңқырларды жөндеу жұмыстары аяқталды.

52 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жөндеу жұмыстарын 2026 жылы бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін жүргізу жоспарлануда.

 

Көппәтерлі үйлердің аулаларын күтіп ұстау

Мердігер мекемелердің күшімен аудан аумағындағы көппәтерлі үйлердің  аулаларын күнделікті тазалау, балалардың ойын және спорт алаңдарын ағымды жөндеу жұмыстарынан  өткізу шаралары атқарылуда.

Ағымдағы жылы ауданның аулаішілік аумақтарында орналасқан                2 000 авариялық-құрғақ ағаштарды бұзу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 15 000 дана көлемінде ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 13 000 ағашты санитарлық кесу және 1 600 ағашты кесу жұмыстары жүргізілді.

 

Бостандық ауданындағы мазарларды (жерлеу орындарын) күтіп ұстау

Ауданның мердігерлік ұйымының күшімен ағымдағы жылдың басынан бастап күн сайын ауданның 7 зиратының жерленген жерлерін санитарлық тазарту жүргізіледі.

Сондай-ақ, мердігер ұйымның күшімен 5 зиратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу аясында зират аумақтарының периметрі бойынша қоршаулар орнатылып, асфальт жабындысы төселіп, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар абаттандырылды.

 

Құрылыс

2025 жылдың 8 айында 500 834 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, (өткен жылдың тиісті кезеңіне 88,3%) оның ішінде: көппәтерлі тұрғын үйлер – 477 835 м2, ЖТҚ – 22 999 м2 (өткен жылдың ұқсас кезеңі 566 962 м2).

 

 

  1. Инженерлік және жол инфрақұрылымы

 

Жол инфрақұрылымы

Бостандық ауданы аумағында жалпы ұзындығы 346,5 км болатын 375 көше бар (оның ішінде асфальт жабындысы – 329 км, қиыршық тас-жиек жол  17,5 км). Оның ішінде:

- қалалық (магистральдық) көшелер – 24 көше, ұзындығы 75,3 км, ауданы 1 184 182 м²;

- аудандық маңызы бар көшелер – 245 көше, ұзындығы 197,5 км,ауданы 1 323 369 м²;

- қалған 106 көше мен өткелдер бағбандық серіктестіктер аумағында орналасқан, ұзындығы – 73,7 км.

Тротуарлар саны – 108, жалпы ұзындығы – 185,4 км, ауданы – 458 426 м².

 

Көше – жол желісіне орташа жөндеу жұмыстары

Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы желісі бойынша 2025 жылы жалпы ұзындығы 28,8 км болатын 20 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны — 4,5 млрд теңге. Бүгінгі күнге дейін ауданның 19 көшесінде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 1 көшеде жұмыстар жалғасуда.

 

Ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жұмыстары

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Бостандық ауданы әкімі аппараты мен «Core Construct» ЖШС арасында асфальт жабындысына ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №62 шартқа қол қойылды. Жұмыстардың жалпы сомасы – 488 млн. тг.Осы жылдың маусым айында бөлінген қаражат толық игерілді. Шілде айында қосымша 150 млн теңге бөлініп, сол мердігермен жұмысты жалғастыру жөнінде қосымша келісімшарт жасалды.

Жұмыстың сапасын бақылау мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен 10 млн теңге сомасына ауданның көше-жол желісінің жағдайына техникалық қадағалау қызметтерін көрсету туралы келісімшарт жасалды.

 

Техникалық тротуар

Бостандық ауданы әкімі аппараты мен «Senim Group Construction» ЖШС мердігер ұйымы арасында ауданның 12 көшесінде (Садықов, Бұқар Жырау, Мұстафин, Шашкин, Тілендиев, Радостовец, Розыбакиев, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Үтепов, Торайғыров және Померанцев) техникалық тротуарларды орнату жұмыстарына жалпы сомасы 308 млн тг. шарттар жасалды. Қазіргі уақытта техникалық тротуарларды орнату жұмыстары аяқталды. Осы жылдың шілде айында Розыбакиев көшесінде техникалық тротуарларды абаттандыруға қосымша 100 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым «Syndicate Corp» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

 

Сыртқы жарықтандыру желілері

Аудан аумағында 23 мыңнан астам шам орнатылған. Жарық беру желілерінің жалпы ұзындығы – 659,63 км, тіректер саны – 16 298 дана, ал ШУНО (жарық басқару шкафтары) – 210 дана. 2025 жылдың қаңтар айында электр энергиясы мен диспетчерлеу қызметтері үшін «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК-мен 425 млн теңгеге келісімшарт жасалды. 2025 жылы сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге 1,4 млрд теңге бөлінді. Ауданды 100% жарықтандыру мақсатында 65 жарықсыз көше мен өткелге жарықтандыру желілерін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді, оның құны 12 млн теңгені құрайды. Сараптама қорытындысына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) жалпы құны — 510 млн теңге. Қазіргі уақытта мердігер ұйым «Brake» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

 

 

Дыбыс оқшаулағыш экрандар мен Бөгет құрылғыларын (боллардтарды) орнату

Бостандық ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында мердігер ұйым  «Ерсултан» ЖК бөгет құрылғыларын (боллардтарды) орнату жұмыстарын бастады. Жалпы құны 3,3 млн теңге болатын 260 дана боллард орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстар толық көлемде аяқталды.

Сонымен қатар, «Best Securite» ЖШС мердігерлік ұйымы Әл-Фараби даңғылының бойындағы үш учаскеде дыбыс оқшаулағыш экрандарды орнату жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны — 130 млн теңге.

 

Гранит жабындысын ауыстыру

Бостандық ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша «НиКонстрой» ЖШС «ҚазҰУ» аумағында гранит жабындарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауда. Келісімшарттың жалпы сомасы — 431,9 млн теңге. Жұмыстардың орындалу мерзімі — 2025 жылдың 11 маусымынан 11 қазанына дейін. Бүгінгі таңда жұмыстардың 90% аяқталды. Жалпы көлемі 7 000 м² гранитті термоөңделген тас төселіп, 900 метр гранит бордюрлері ауыстырылды.

 

Тротуарлық жарықтандыру құрылысы

Жұмыстың маңызды бағыты – жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы тротуарлық жарықтандыру құрылысына 256 млн. теңге бөлінді. Жұмыстардың жалпы көлемі — 8,2 км., орнатылатын жаңа шамдардың саны — 630 дана. Бұл жобаны іске асыруға бірнеше мердігерлік ұйымдар қатысуда:

  1. «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК – Әл-Фараби даңғылы (солтүстік жағы – Сейфуллин даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін; оңтүстік жағы – Сырғабеков көшесінен Үшкемпіров көшесіне дейін),
  2. «Senim Group Construction» ЖШС – Әл-Фараби даңғылының «Қазақфильмнен» Сырғабеков көшесіне дейінгі учаскесі,
  3. «Best Securite» ЖШС – Әл-Фараби даңғылының Серкебаев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі учаскесі, сондай-ақ Жароков көшесі – Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін.

 

Сәулеттік жарықтандыру

Бостандық ауданы әкімі аппараты «Акмол-Құрылыс» және «Эмфа Ақтау» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен аудан аумағындағы 16 нысанға (25 лот) сәулеттік жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша келісімшарт жасады. Жобаның жалпы құны — 977 млн теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.

 

Инженерлік желілер

Бостандық ауданында тәулігіне 9 000 м³ қуаттылықтағы «Нұрлытау» су бұру және су тазарту станциясының құрылысы жалғасуда. Жұмыстарды «Агидель АС» ЖШС орындауда. Аяқтау мерзімі — 2026 жылдың соңы, келісімшарттың жалпы сомасы — 9,9 млрд теңге.

Мамыр айынан бастап жалпы ұзындығы 7 км болатын төрт көшеде су құбыры және кәріз жүйесінің магистральдық желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі — 2025 жылдың соңы, жобаның құны — 4,7 млрд теңге.

«Қазақский Сантехпроект» ЖШС Нұрлытау шағынауданындағы (90 км) инженерлік желілерге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуде. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың соңында күтілуде, жоба құны — 135 млн теңге. Аталған жобалар Энергетика және сумен жабдықтау  басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімі аппараты «Проект АБС» ЖШС-мен Ақтөбе, Баганашыл, Ерменсай және Нұр-Алатау шағынаудандарында тарату желілеріне арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу туралы меморандум жасасты. Бұл жұмыстар әлеуметтік жауапкершілік аясында жүзеге асырылуда.

 

8.Көріктендіру

 

Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау

Ағымдағы жылы ауданның мердігер ұйымы "Stamp Service" ЖШС күшімен саябақтарды, скверлерді, бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, "Үлкен Алматы" және "Есентай" өзендерінің жағалауларын, сондай-ақ ұзындығы 13,4 км арық желілерін тазалауды қоса алғанда, жалпы ауданы 309,7 га көлік айрықтарын жинау және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, ауданның мердігер ұйымы "Stamp Service" ЖШС-і 10 500 дана көше бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ 500 дана апатты ағаштарды бұзды.

"Stamp Service" ЖШС мердігерлік ұйымы суаруды ұйымдастыруды 41 учаскеде жүзеге асырады:

* 21 учаскеде автоматтандырылған суару жүйесі жұмыс істейді;

* 20 учаскеде суару машиналары мен мотопомпаларды қолдана отырып, механикаландырылған суару қолданылады.

Адамдардың күнделікті шығуы - 210 жол жұмысшысы, сондай-ақ 65 бірлік арнайы техниканы құрайды.

"Алматы қаласының құтқару қызметі" ШЖҚ МКК-мен бірлесіп аудан аумағында 37 апатты ағаш бұзылды.

 

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету

Есепті кезеңде "Алматы Тазалық" КМК мердігерлік ұйымының күшімен жалпы ұзындығы 130,348 км 6 көлік айрығы мен 66 магистральдық көшеде жол төсемін жинау, сондай-ақ жалпы ауданы 418 577 м2 болатын ұзындығы 158,07 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілді.

"AMD NUR" ЖШС күшімен жалпы ұзындығы 107,440 км 98 көше мен өтпе жолдарда жол төсемін тазалау, сондай-ақ жалпы ауданы 20 967 м2 болатын ұзындығы 14,524 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде арық желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Күн сайын 24 жол жұмысшысы мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.

91 көшедегі жол төсемін жинау және жалпы ұзындығы 47,711 км жол жүру, сондай-ақ жалпы ауданы 17 503 м2 болатын ұзындығы 9,252 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстарын "Asia Prom Textile"ЖШС орындайды. Күн сайын 23 жол жұмысшысы мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.

7 жер үсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін күтіп ұстауды "Еуразияказинвест"ЖШС күштері жүзеге асырады. Есепті кезеңде мердігер ұйым ауданның жаяу жүргіншілер өткелдерінде гранит пен металл конструкцияларының зақымдалған элементтерін жуу және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

"Halyk Invest Consulting" ЖШС мердігер ұйымы ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 1 км 21 проблемалық учаскеде арық жүйелерін ағымдағы жөндеуге кірісті. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 900 метр болатын 20 учаскеге жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, "Сапарғалиев" ЖК күшімен қалалық және аудандық іс-шараларды өткізу кезінде 480 биотуалет орнатылды.

40 жергілікті сенбілікті өткізу кезеңінде 9 830 ерікті, тұрғындардың бастамашыл топтары мен жол жұмысшылары жұмылдырылды. 630 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қоқыс, бұтақтар, жапырақтар, лай және басқа да қалдықтар шығарылды. Жұмыс үшін 598 бірлік арнайы техника пайдаланылды.

Контейнерлік алаңдардан және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын басқа орындардан қоқысты шығаруды "АҚ Тәртіп" ЖШС жүзеге асырады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың күнделікті көлемі шамамен 255 тоннаны құрайды.

Есепті кезеңде "АҚ Тәртіп" ЖШС жөндеу бригадасы мынадай жөндеу жұмыстарын жүргізді (көлемі 1,1 м3 300 контейнердегі дөңгелектер ауыстырылды, көлемі 1,1 м3 241 контейнер сырланды, 428 жаңа контейнер орнатылды).

Аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктердің санитариясын қамтамасыз ету желісі бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505 және 386-баптарына сәйкес жалпы сомасы 54 438 540 теңгеге 424 хаттама жасалды.

 

Көгалдандыру

  • Померанцев көшесін суару жүйесін абаттандырумен қатар көгалдандыру жүмыстары жүргізілді.
  • Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағы мен жиектерін көгалдандыру жүргізілді.
  • Назарбаев, Абай, Сейфуллин даңғылдары мен Желтоксан көшелері бойынша буферлік аймақтарды абаттандыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
  • Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әл-Фараби даңғылында орналасқан 5 жерасты және 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары:

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында ауданның мердігер ұйымдары келесі жұмыстарды жүргізді:

- көгал төсеу – 22 270 м2 шымтезек;

– ағаш отырғызу: липа (4-5 м) – 4 дана, шырша (4,5 м) - 7 дана;

- қоршауларды орнату – 2 200 м.;

- поребрикті орналастыру - 900 м.;

- төсеніш төсеу – 1 100 м2;

– бұталарды отырғызу - 1 700 дана.;

– шағын архитектуралық нысандарды орнату: "Архитас" урналары - 10 дана, "Архитас" арқасы бар орындықтар - 6 дана.

Бұл жұмыстар Ганди, Әл-Фараби, Померанцев және Дулати көшелеріндегі учаскелерде жүргізілді.

 

 

  1. Халық қатысатын бюджет

2025 жылы жалпы сомасы 1 995,7 млн. тг. құрайтын 26 жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Олардың ішінде:

- Торайғыров көшесін Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейін кешенді абаттандыру - 15 жоба (жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу, велосипед жолын жөндеу, жарықтандыруды жөндеу, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу, көгалдандыру, суармалы су құбырын қалпына келтіру). Қазіргі уақытта жұмыстар толығыиен аяқталды.

- суармалы су құбыры - 6 жоба (Әл-Фараби даңғылында — 4 учаске, Тимирязев көшесінде — 1 учаске, Республика алаңында — 1 учаске). Қазіргі уақытта жұмыстар толығыиен аяқталды.

- балалар және спорт алаңы - 3 жоба (Көктем-1 ш/а., 1А үй, Абай даңғ., 34 үй, Масаншы көшесі, 104 үй). ҚМЖ а.ж. қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

- Айманов, Солодовников және Үмбетбаев көшелерінде сыртқы жарықтандыру элементтері бар жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру - 1 жоба. ҚМЖ болжамды аяқтау мерзімі – а.ж. қазан айы.

 

 

  1. Кәсіпкерлік

 

Стихиялық сауда

2025 жылдың басынан бастап аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің қызметкерлері мен Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы стихиялық сауданы жою бойынша 70-нен астам рейд жүргізді.

Рейдтер жүргізу кезінде рұқсат етілмеген орындарда сауда жасағаны үшін  ҚР ӘҚБтК 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  1,1 млн. тенге сомасына 577 хаттама жасалды.

 

Стационарлық емес сауда объектілері:

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп,  рұқсат етілмеген сауда нысандарының барлық объектілері бойынша хабарламалар таратылды. 2025 жылдың 9 айында 69 заңсыз орнаталған сауда объектілері мен 70 силомерлер алынды.

 

Абаттандыру паспорттары

Алматы қаласы Бостандық ауданының аумағында 800-ден астам бизнес нысандары, оның ішінде магистральдық көшелерде (Әл-Фараби даңғылы, Абай даңғылы, Назарбаев көшесі, Тимирязев көшесі) орналасқан.

Бүгінгі таңда 915 абанттандыру төлқұжаты паспорты берілді. Жоспардың орындалуы - 109,4% (жоспар - 836).

Паспорттауды өткізу кезеңінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдерімен 7 кеңес және мемлекет паспорттарын жасау бойынша 190 көшпелі іс-шара өткізілді.

2025 жылдың 8 ай ішінде Бостандық аудандық полиция бөлімімен  бұзу фактілері бойынша 3 194 хаттама және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505 және 434-2 баптары негізінде, 1 160 хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 52,5 млн. құрады.

 

 

  1. Мәдениет және спорт

 

Мәдениет және спорт нысандары

Халықтың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін аудан аумағында 7 млн. кітап қоры бар 6 кітапхана жұмыс істейді және оқырмандар саны 88 683 құрайды. Кітап қоры үнемі жаңартылып отырады.

Анықтама: 5 кинотеатр, 5 кітапхана, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы,  «Самғау» даму және шығармашылық орталығы, 4 саябақ.

  Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 17 тарихи және мәдениет ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 3 республикалық және 14 жергілікті маңызы бар (1 археологиялық қорған, 7 монументалды ескерткіш, 9 сәулеттік ескерткіш).

Сондай-ақ, бүгінде Бостандық ауданында 508 спорт құрылымдары жұмыс істейді.

Анықтама: 6 ірі спорт нысаны, 3 стадион, 3 теннис орталығы, 3 мұз айдыны, хоккей корты, 11 бассейн, 40 фитнес-орталық, 57 спорт клубы,                      72 спорт залы, 311 жазықтық құрылым.

 

Жан басына шаққандағы қаржыландыру

2023 жылдың сәуір айынан бастап балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық пен спортқа баулуға бағытталған «Даму Бала» бағдарламасы іске асырылуда.

Барлығы 6 928 балалар қамтылды, оның ішінде: спорт бойынша 3 015 бала, шығармашылық бойынша – 3 913 бала қамтылды.

 

Мәдени іс-шаралар

Рухани дамуды,  құндылықтар  мен  патриотизмді  арттыру  мақсатында 8–наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, ҰОС Жеңіс күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Халықаралық балаларды қорғау күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, Ұлттық домбыра күні, Абай Құнанбаевтың 180-жылдығы, Жастар арасында дзюдодан турнир, Қазақстан Республикасының Конституция күні, Қала күні өткізілді.

 

 

 

 

 

Бостандық ауданы әкімі аппаратының 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп
Дата публикации
09 октября 2025