Бостандық ауданы әкімі аппаратының 2025 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп

Бостандық ауданы әкімі аппаратының

2025 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстары

 туралы есеп

 

1.Экономика

 

Өнеркәсіп

2025 жылғы қаңтар-маусым өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 75,6 млрд.тг. құрады. НКИ - 111,4% (2024 жылдың ұқсас кезеңі -59,6 млрд.тг., НКИ-92,2%). Есепті айдағы көрсеткіш - 10,9 млрд. тг.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-маусым 215,9 млрд. тг. құрайды. НКИ - 170,3% (2024 жыл-123,4 млрд. тг., НКИ-75,7%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың қалалық көлеміндегі ауданның үлес салмағы - 23,4%.

 

Салықтар

2025 жылға жоспар – 1 455,4 млрд. тг. Оның ішінде: республикалық - 930,5 млрд тг., жергілікті – 524,9 млрд. тг.

01.07.2025 жылға арналған жоспар - 663,6 млрд. тг. Оның ішінде: республикалық – 385,1 млрд тг., жергілікті – 279,5 млрд. тг.

01.07.2025 жылдың орындалу фактісі - 708,9 млрд. тг. (106,8%) (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 599,6 млрд. тг.). Оның ішінде:

республикалық - 367,9 млрд. тг. (95,5%), жергілікті - 341,0 млрд.тг. (122,4%) (2024 жылдың ұқсас кезеңі - республикалық-317,0 млрд. тг. жергілікті - 282,7млрд.тг.).

 

2025 жылғы қаңтар-маусым бөлшек сауда айналымының көлемі 693,1 млрд. тг. құрайды. НКИ - 107,3%, оның ішінде азық-түлік тауарлары - 82,6 млрд. тг., НКИ - 62,6%, азық-түлік емес тауарлар - 610,4 млрд. тг. НКИ - 118,9% (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 602,7 млрд.тг., НКИ - 97,9%).

 

Көтерме сауда айналымы – 1 100,2 млрд. тг. құрады, НКИ - 101,7% оның ішінде азық-түлік тауарлары - 132,5 млрд.тг. құрады, НКИ - 88,8%, азық-түлік емес тауарлар - 967,7 млрд. тг. НКИ - 104,5% (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 1 035,4 млрд.тг., НКИ - 92,3%).

 

Көтерме-бөлшек сауда айналымы - 1 793,3 млрд. тг. құрады (2024 жылдың ұқсас кезеңі - 1 638,1 млрд. тг.).

 

Кәсіпкерлік

Тіркелген заңды тұлғалар (2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша) – 35 864, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 26 060 (2024 жылғы ұқсас кезең - 35 273, оның ішінде жұмыс істейтіндер - 25 912).

Жаңа жұмысшылар орнын құру

01.07.2025 жағдай бойынша ауданда 1 957 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жыл жоспарына 15% - 13 077 (2024 жылға арналған жоспар – 12 849).

 

 

2.Әлеуметтік қорғау

 

Әлеуметтік көмек

2025 жылдың 2 тоқсанында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) 180 отбасы өтініш білдіріп,  жыл басынан 13 758 436 тг. төленді.

77 адамға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, жыл басынан бері 2 425 298 тг. төленді.

2025 жылдың басынан бері 1 580 адам 7 АЕК (27 542 теңге) мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 43 487 908 тг. құрады, ауданның аса мұқтаж 738 адамға жалпы сомасы 58 036 320 тг. 20 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6,5 АЕК мөлшерінде 6 ҰОСА тағайындалып төленген сома 920 088 тг. құрады.

Тарифтерді көтеру жәрдемақысы 22 828 адамға тағайындалып 221 381 432 тг. төленді.

Туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық кезеңде емдеу және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған 12 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек 49 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 9 672 720 тг. құрады.

АИТВ жұқтырған балаларға 2пм мөлшерінде әлеуметтік көмек 4 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 2 218 944 тг. құрады.

        Суық және ыстық суды есепке алу аспаптарын сатып алу, тексеру және орнату шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек жалпы сомасы                   691 000 тг. 46 өтініш берушіге тағайындалды.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек 5 473 344 тг. сомасына 118 отбасына тағайындалды.

 Сондай-ақ, 412 аса мұқтаж азаматтар санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек сұраған.

Сонымен қатар, бөлімде мүгедектерді техникалық көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

- 359 мүгедек жеке көмекшінің қызметіне өтініш берді.

- 62 мүгедек жест тілі маманының қызметіне өтініш берді.

- көру қабілеті бұзылған 113 мүгедек тифлотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.

- 44 мүгедек сурдотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.

- 314 протездік-ортопедиялық көмекке өтініш берді.

- бірінші топтағы 76 мүгедек қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалар) қамтамасыз ету үшін өтініш берді.

- 1 023 мүгедек санитарлық-гигиеналық құралдарды (памперстер, нәжіс қабылдағыштар және несеп қабылдағыштар) алуға өтініш берді.

- 1 137 мүгедек санаторий-курорттық емделуге өтініш берді.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық комиссияның қарауына ақшалай өтемақы мен куәлік алуға 135 өтініш қабылданды.

Еңбек иммигрантына рұқсатты ұзарту және кері қайтару үшін жыл басынан бастап 3 827 мигрантқа жұмысқа ораналасу үшін  рұқсат берілді.

Көпбалалы отбасылармен жұмыс жалғасуда. Көпбалалы отбасылардан "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларымен награда алуға  28 өтініш қабылданып, марапатталды.

Сондай-ақ, ақталған тұлғаларға 6 куәлік берілді.

Жыл басынан бері мүгедектерді әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 2 548 өтініш түсті, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы 492 505 478 тг. сомасында қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 - жылдығына орай  ҰОСА, ҰОСҚ және ҰОСА-не теңестірілген азаматтарға, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген әйелдердің әйелдеріне, еңбек майданының қатысушыларына 201 200 000 теңге сомасына мынадай төлемдер жүргізілді, оның ішінде:

- ҰОС ардагерлері мен ҰОСМ - 5 адам, - 25 млн. тг;

- Дамаск қатысушылары – 3, - 600 мың тг;

- ҰОС теңестірілген - 158 адам - 15 800 млн. тг,

- ҰСҚ-ға теңестірілген - 57 адам, - 5 700 млн. тг,

- Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген 37 адамның әйелдеріне - 1 850 млн. тг.,

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 1, 100 мың тг;

- Басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне 348 адам, - 34 800 млн. тг,

- Тыл майдангерлері – 1 147 адамға – 114 700 млн. тг.

- Ауғаныстан Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің жекеленген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек - 364 адамға - 36 400 000  тг.

- Желтоқсандықтар- 80 адам, 20 млн. тг.,

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс

Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында “Отбасын қолдау орталығы” арқылы 55-ден астам отбасы мен “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” арқылы 47 зейнеткерге азық-түлік жиынтықтары таратылды. Қайырымдылық бойынша мәдени іс-шараларға (спектакльдерге, театрларға, концерттерге, кинотеатрларға, ойын-сауық саябақтарына) 276 адам жіберілді.       

Сондай-ақ, Haileybury жеке мектебі әлеуметтік қызмет алып жүрген 20 жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік жиынтықтарын тапсырды.

 

Әлеуметтік қорғау

         Әлеуметтік қызмет көрсету барысында 414 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер  5 бөлімшеде қызмет алуда. Осы 414 қызмет алушылардың ішінде:

  • ҰОС ммүгедегі – 1 адам,
  • ҰОС қатысқан – 1 адам,
  • ҰОС қатысушыға теңестірілген – 1 адам,
  • ҰОС қатысушыларының жесірлері – 8 адам,
  • Тылда еңбек еткен – 114 адам,
  • Зейнеткерлер – 247 адам,
  • мүгедектер – 42 адам (1 топ мүгедектері – 5 адам, 2 топ мүгедектері – 37 адам).

Тоқсан ішінде қызметке алуға қабылданғандар – 39 адам, қызмет алудан шығарылғандар – 27 адам.

 

Әлеуметтік жобалар

Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 5 жоба жүзеге асырылуда:

  1. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы – зейнеткерлерге арналған демалыс және білім беру бағдарламалары. Бұл жоба “Талдықорған аймақтық жұмыспен қамту қоры” қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылуда. Жобаның жылдық бюджеті – 53,4 млн. тг., 01.07.2025 жағдай бойынша 23,4 млн. тг. игерілді немесе 43,8%. Есепті кезеңде 380 адам тіркеліп, 36 411 қызмет көрсетілді.
  2. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы - іске асырушы ұйым – “Асыл жүрек” қоғамдық қоры. Жылдық бюджет – 53,4 млн. тг., 01.07.2025 жағдай бойынша 20,9 млн. тг. игерілді немесе 39,2%. (2024 жылы – 44,9 млн. тг.). Есепті кезеңде 303 адам тіркеліп, 10 583 қызмет көрсетілді.
  3. «Отбасы қолдау орталығы» жобасы – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік қызмет. Жоба «Rahym» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады.  Жылдық бюджет – 27,4 млн. тг., 01.07.2025 жағдай бойынша 9 115 412 тг. игерілді немесе 33,3%. (2024 жылы – 28,5 млн. теңге). Есепті кезеңде 7 125 адам өтініш білдірді.
  4. «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы – бастауыш сынып оқушыларына арналған қосымша сабақтар өткізіледі. «Асыл дария» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады. Жылдық бюджет – 30,6 млн. тг., 01.07.2025 жағдай бойынша 13 294 400 тг. игерілді немесе 43,4% (2024 жылғы бюджет – 31,8 млн. теңге). Есепті кезеңде 51 бала тіркелді.
  5. Мүгедектігі бар адамдарға арналған "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы. Жобаны "Bakyttyn zholynda" қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобаның жылдық бюджеті – 20 637 900 тг., 01.07.2025 жағдай бойынша 7,1 млн. тг. (34,4%) (бюджет 2024ж. - 21,4 млн тг.) Көрсетілетін қызметті алушыларды қамту - 409 адам.

 

          Бейімдеу

          Алматы қаласын дамытудың  2025 жылға дейін бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспиктиваларды іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес Алматы қаласы әкімі бекіткен «Алматы қаласында инклюзивті ортаны құру» тараулары бойынша ауданның 350 нысанының 10%-ын паспорттау және бейімдеу жоспарланған. inva.gov.kz порталында 1 293 нысан енгізілген.

 

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КТҚҚК)

         9 отырыс өткізіліп, 40 мәселе қаралды. Оның ішінде: 32 мәселе – кәмелетке толмағандар туралы, 6 мәселе – кәмелетке толмағандардың  ата-аналар туралы, 2 мәселе – комиссия жұмысының жоспарлы сұрағы. Ата-аналық құқықтан айыру бойынша шешім қабылданған жоқ, 6 ай мерзімге ата-аналық құқықтан шектеу бойынша істер болған жоқ..

 

Гендерлік теңдік

         Ауданда  3 349 көпбалалы отбасы бар, оның ішінде 451 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған, 6 және одан көп баласы бар.

 

 

  1. Денсаулық сақтау

        Ауданда 27 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 9 мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жеке меншік медициналық орталықтар, 15 қалалық және 3 республикалық ғылыми институттар мен орталықтар бар, оларда 6,4 мың медицина қызметкері еңбек етеді. Ауданда 200-ден астам жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары бар. Бостандық ауданының АМСК-ке 434,6 мың адам тіркелген.

        Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 21 жағдай анықталды (2024ж. - 35).

        Ана өлімі - жоқ.

        А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша - 22 адам тіркелді (2024ж. – 27).

        Онкологиялық аурулар бойынша 386 адам тіркелген (2024ж. – 317  адам).

          Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жаңа нысандар салу және қолданыстағыларын жаңғырту белсенді жүргілілуде.

         №4 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, жалпы жұмыс көлемінің 99% орындалды және №12 емхана 92%.

        Қадамдық қашықтықта медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін, 2025 жылдың тамыз айында мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін Аль Фараби даңғылымен Санаторный, Е.Серкебаев  және Левитан  көшелері қиылысында әрқайсысы 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана салу жоспарлануда. 

 

 

  1. Білім беру

Бүгінгі таңда аудан бойынша 34 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оқушылар саны – 39 435. Оның ішінде: 11 мектеп орыс тілінде, 9 мектеп қазақ тілінде, 14 мектеп екі тілде білім береді.

32 жеке мектеп бар, оқушылар саны – 13 406, олардың 7-і қазақ тілінде, 19-ы орыс тілінде, 2-і ағылшын тілінде, 4-і аралас тілде білім береді. 

         «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылдың шілде айында Розыбакиев көшесі бойындағы (Левитан көшесінің қиылысы) 1 500 орындық жайлы мектептің құрылысы аяқталады. Ағымдағы жылдың тамыз айында Егізбаев көшесінде 2 500 орындық жайлы мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында №189 мектепте 600 орындық ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып, қайта жаңартуды аяқтау және 191 мектепке 280 орындық қосымша салу жоспарлануда.

№73 мектеп-гимназиясы бойынша қайта жаңарту (қолданыстағы қосымшаны бұза отырып) және жаңа қосымша салу. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айының соңына дейін.

№10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі – 2025 жылдың 30 тамызы.

         Сонымен қатар 2026 жылдың кыркүйегінде аяқталуға тиіс №60 мектептің қайта жөндеу жұмыстары басталып кетті.

 

Мектепке дейінгі білім беру

Ауданда 32 мемлекеттік және 107 жеке бала-бақша жұмыс істейді, жалпы балалар саны – 12,6 мың.

Әлеуметтік тапсырыс бойынша 71 ұйым 4 мың баланы қамтиды.

         32 мемлекеттік бала-бақшаның жалпы жобалық қуаты 5,7 мың орынды құрайды. ХӘОТ-ғы санатына жататын балалар саны 1,2 мың бала; инклюзия тобы бойынша бала саны - 357.

32 бала-бақшаның: 9 бала-бақша қазақ тілінде, 1 бала-бақша орыс тілінде, 22 бала-бақша аралас тілде.

 Қазіргі таңда Орбита-3 ықшамауданындағы бұрынғы балалар үйінің 2 ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бір ғимарат 240 орындық бала-бақшаға, екіншісі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 100 орындық арнайы түзету бала-бақшасына айналды.

         2025 жылдың соңына дейін №81,87,137 бала-бақшаларды сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер

          2025 жылдың 2 тоқсанында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 495 өтініш өңделген, оның ішінде:

        - «Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» қызметі бойынша - 232 көрсетілді, 60 - бас тартылды;

        - «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату» қызметі бойынша – 180 көрсетілді, 23 – бас тартылды.

        2025 жылдың 6 айында аудандық спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша комиссия тарапынан 574 құжат қаралып, құжаттары мақұлданды. 

 

 

6.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, АЭС-2, АЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің, 15 басқарушы компаниялардың, 276 мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), 908 жай серіктестіктердің құрамына кіретін 1 963 көппәтерлі үйден (алаңы 8 058 891 м2 болатын 103 979 пәтерден) тұрады.

 

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

Қазіргі уақытта 8 КПҮ жарықтандырумен қатар қасбеттерді бояу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппаратымен ағымдағы жылы Жароков көшесінің бойында орналасқан 22 КПҮ жарықтандырумен қатар сырлау жұмыстары жоспарлануда.

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңдарын орнату

Қазіргі уақытта 70 аула аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан әкім аппараты 52 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім берді.

 

Көппәтерлі үйлердің аулаларын күтіп ұстау

Мердігер мекемелердің күшімен аудан аумағындағы көппәтерлі үйлердің  аулаларын күнделікті тазалау, балалардың ойын және спорт алаңдарын ағымды жөндеу жұмыстарынан  өткізу шаралары атқарылуда.

Ағымдағы жылы ауданның аулаішілік аумақтарында орналасқан                2 000 авариялық-құрғақ ағаштарды бұзу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 15 000 дана көлемінде ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 6 800 ағашты санитарлық кесу және 230 ағашты кесу жұмыстары жүргізілді.

 

Бостандық ауданындағы мазарларды (жерлеу орындарын) күтіп ұстау

Ауданның мердігерлік ұйымының күшімен ағымдағы жылдың басынан бастап күн сайын ауданның 7 зиратының жерленген жерлерін санитарлық тазарту жүргізіледі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 5 зиратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Құрылыс

2025 жылғы қаңтар-маусым 332 432 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді – 72,3% - өткен жылдың тиісті кезеңіне, оның ішінде: көппәтерлі тұрғын үйлер – 314 451 м2, ЖТҚ – 17 981 м2 (2024 жылғы ұқсас кезең - 459 754 м2).

 

 

  1. Инженерлік және жол инфрақұрылымы

 

Ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жұмыстары

Бостандық ауданы аумағында жалпы ұзындығы 346,5 км болатын 375 көше бар (оның ішінде асфальт жабындысы – 329 км, қиыршық тас-жиек жолы – 17,5 км). Оның ішінде:

- қалалық (магистральдық) көшелер – 24 көше, ұзындығы 75,3 км, ауданы 1 184 182 м²;

- аудандық маңызы бар көшелер – 245 көше, ұзындығы 197,5 км, ауданы 1 323 369 м²;

- қалған 106 көше мен өткелдер бағбандық серіктестіктер аумағында орналасқан, ұзындығы – 73,7 км.

Тротуарлар саны – 108, жалпы ұзындығы – 185,4 км, ауданы – 458 426 м².

Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы желісі бойынша биылғы жылы ауданның 19 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, жалпы ұзындығы – 27,5 км.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Бостандық ауданы әкімі аппараты мен «Core Construct» ЖШС арасында асфальт жабындысына ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №62 шартқа қол қойылды. Жұмыстардың жалпы сомасы – 485 млн. тг.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым тарапынан 30 мың м² асфальт жабындысы төселді.

Сондай-ақ, маусым айында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 150 млн. тг. бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Бостандық ауданы аумағындағы автожолдарды күтіп ұстауға техникалық қадағалау қызметтері бойынша биылғы жылы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен 10 млн. теңгеге шарт жасалды.

 

Техникалық тротуар

Бостандық ауданы әкімі аппараты мен «Senim Group Construction» ЖШС мердігер ұйымы арасында ауданның 11 көшесінде (Садықов, Бұқар Жырау, Мұстафин, Шашкин, Тілендиев, Радостовец, Розыбакиев, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Үтепов, Померанцев) техникалық тротуарларды орнату жұмыстарына жалпы сомасы 308 млн тг. шарттар жасалды. Қазіргі уақытта техникалық тротуарларды орнату жұмыстары аяқталу сатысында.

 

Сыртқы жарықтандыру желілері

2025 жылдың 6 айында "Алматы Қала Жарық" ШЖҚ МКК, ЛНО – 200,3 км тексеру жұмыстарын жүргізді,сонымен қатар сымдарды тарту - 14,5 км., сым қоңырауы - 455 дана., қысқа тұйықталуды жою - 255 дана., кабель желілерінің үзілуі - 170 дана, ССП кабелін бөлшектеу – 3,9 км., ССП кабелін монтаждау - 18,1 км., кабельдік желілердегі кернеуді өлшеу - 42 дана, фазалау - 951 дана, тіректерді бөлшектеу – 86 дана, тіректерді монтаждау – 83 дана, ағаштарды санитарлық кесу - 88 дана., ЛЭД шамдарын монтаждау – 1 521 дана, ЛЭД шамдарын бөлш ектеу – 772 дана, ЖКУ – 75 дана, ЛЭД шамдарын жөндеу – 1 225 дана, жумыстары атқарылды.

 

Бөгет құрылғыларын (боллардтарды) орнату

Бостандық ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында мердігер ұйым  «Ерсултан» ЖК бөгет құрылғыларын (боллардтарды) орнату жұмыстарын бастады. Барлығы 130 дана боллард орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстар толық көлемде аяқталды.

 

 

8.Көріктендіру

 

Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау

Ағымдағы жылы ауданның мердігер ұйымы "Stamp Service" ЖШС күшімен саябақтарды, скверлерді, бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, "Үлкен Алматы" және "Есентай" өзендерінің жағалауларын, сондай-ақ ұзындығы 13,4 км арық желілерін тазалауды қоса алғанда, жалпы ауданы 309,7 га көлік айрықтарын жинау және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, ауданның мердігер ұйымы "Stamp Service" ЖШС-і 8 100 дана көше бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ 336 дана апатты ағаштарды бұзды.

"Stamp Service" ЖШС мердігерлік ұйымы суаруды ұйымдастыруды 41 учаскеде жүзеге асырады:

* 21 учаскеде автоматтандырылған суару жүйесі жұмыс істейді;

* 20 учаскеде суару машиналары мен мотопомпаларды қолдана отырып, механикаландырылған суару қолданылады.

Адамдардың күнделікті шығуы - 210 жол жұмысшысы, сондай-ақ 65 бірлік арнайы техниканы құрайды.

"Алматы қаласының құтқару қызметі" ШЖҚ МКК-мен бірлесіп аудан аумағында 23 апатты ағаш бұзылды.

 

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету

Есепті кезеңде "Алматы Тазалық" КМК мердігерлік ұйымының күшімен жалпы ұзындығы 130,348 км 6 көлік айрығы мен 66 магистральдық көшеде жол төсемін жинау, сондай-ақ жалпы ауданы 418 577 м2 болатын ұзындығы 158,07 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілді.

"AMD NUR" ЖШС күшімен жалпы ұзындығы 107,440 км 98 көше мен өтпе жолдарда жол төсемін тазалау, сондай-ақ жалпы ауданы 20 967 м2 болатын ұзындығы 14,524 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде арық желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Күн сайын 25 жол жұмысшысы мен 12 арнайы техника жұмылдырылды.

91 көшедегі жол төсемін жинау және жалпы ұзындығы 47,711 км жол жүру, сондай-ақ жалпы ауданы 17 503 м2 болатын ұзындығы 9,252 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстарын "Asia Prom Textile"ЖШС орындайды. Күн сайын 25 жол жұмысшысы мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.

7 жер үсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін күтіп ұстауды "Еуразияказинвест"ЖШС күштері жүзеге асырады. Есепті кезеңде мердігер ұйым ауданның жаяу жүргіншілер өткелдерінде гранит пен металл конструкцияларының зақымдалған элементтерін жуу және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

"Halyk Invest Consulting" ЖШС мердігер ұйымы ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 1 км 15 проблемалық учаскеде арық жүйелерін ағымдағы жөндеуге кірісті. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 380 метр болатын 7 учаскеге жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, "Сапарғалиев" ЖК күшімен қалалық және аудандық іс-шараларды өткізу кезінде 280 биотуалет орнатылды.

24 жергілікті сенбілікті өткізу кезеңінде 5 730 ерікті, тұрғындардың бастамашыл топтары мен жол жұмысшылары жұмылдырылды. 410 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қоқыс, бұтақтар, жапырақтар, лай және басқа да қалдықтар шығарылды. Жұмыс үшін 417 бірлік арнайы техника пайдаланылды.

Контейнерлік алаңдардан және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын басқа орындардан қоқысты шығаруды "АҚ Тәртіп" ЖШС жүзеге асырады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың күнделікті көлемі шамамен 255 тоннаны құрайды.

Есепті кезеңде "АҚ Тәртіп" ЖШС жөндеу бригадасы мынадай жөндеу жұмыстарын жүргізді (көлемі 1,1 м3 158 контейнердегі дөңгелектер ауыстырылды, көлемі 1,1 м3 162 контейнер сырланды, 300 жаңа контейнер орнатылды).

Қазіргі уақытта аудан аумағында орналасқан 7 санитарлық-гигиеналық торапқа қызмет көрсету үшін мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 Аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктердің санитариясын қамтамасыз ету желісі бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505 және 386-баптарына сәйкес жалпы сомасы 40 519 260 теңгеге 311 хаттама жасалды.

 

Көгалдандыру

  • Померанцев көшесін суару жүйесін абаттандырумен қатар көгалдандыру жүмыстары жүргізілді.
  • Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағы мен жиектерін көгалдандыру жүргізілді.
  • Назарбаев, Абай, Сейфуллин даңғылдары мен Жароков көшелері бойынша буферлік аймақтарды абаттандыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта аудан аумағында орналасқан 5 жерасты және 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күрделі жөндеу бойынша шарт жасасу сатысында.

 

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары:

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында ауданның мердігер ұйымдары келесі жұмыстарды жүргізді:

- көгал төсеу – 22 270 м2 шымтезек;

– ағаш отырғызу: липа (4-5 м) – 4 дана, шырша (4,5 м) - 7 дана;

- қоршауларды орнату - 300 м.;

- поребрикті орналастыру - 100 м.;

- төсеніш төсеу – 1 100 м2;

– бұталарды отырғызу - 1 700 дана.;

– шағын архитектуралық нысандарды орнату: "Архитас" урналары - 10 дана, "Архитас" арқасы бар орындықтар - 6 дана.

 

ТЖ алдын алу

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп "көктем – 2025" РКШМ шеңберінде көктемгі кезеңде ықтимал су басудың алдын алу мақсатында №1 тұндырғыш платинаның төменгі жағынан "Үлкен Алматы" өзен арнасының учаскесін тазарту жұмыстары жүргізілді. 14 арнайы бірлік техника (экскаваторлар, самосвалдар, тиегіштер) және жеке құрамның 30 адам тартылды. Барлығы 50 текше метр мұз қарымен шығарылды. Сондай-ақ, бірқатар жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

 

 

  1. Халық қатысатын бюджет

2025 жылы жалпы сомасы 1 995,7 млн. тг. құрайтын 26 жобаны іске асыру жұмыстары басталды.

Олардың ішінде:

- Торайғыров көшесін Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейін кешенді абаттандыру - 15 жоба (жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу, велосипед жолын жөндеу, жарықтандыруды жөндеу, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу, көгалдандыру, суармалы су құбырын қалпына келтіру);

- суармалы су құбыры - 6 жоба (Әл-Фараби даңғылында — 4 учаске, Тимирязев көшесінде — 1 учаске, Республика алаңында — 1 учаске);

- балалар және спорт алаңы - 4 жоба;

- Айманов, Солодовников және Үмбетбаев көшелерінде сыртқы жарықтандыру элементтері бар жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру - 1 жоба.

 

 

  1. Кәсіпкерлік

 

Стихиялық сауда

2025 жылдың басынан бастап аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің қызметкерлері мен Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы стихиялық сауданы жою бойынша 70-нен астам рейд жүргізді.

Рейдтер жүргізу кезінде рұқсат етілмеген орындарда сауда жасағаны үшін  ҚР ӘҚБтК 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  1,9 млн. тенге сомасына 502 хаттама жасалды.

 

Стационарлық емес сауда объектілері:

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп,  рұқсат етілмеген сауда нысандарының барлық объектілері бойынша хабарламалар таратылды. 2025 жылдың 6 айында 59 заңсыз орнаталған сауда объектілері мен 62 силомерлер алынды.

 

Абаттандыру паспорттары

Алматы қаласы Бостандық ауданының аумағында 800-ден астам бизнес нысандары, оның ішінде магистральдық көшелерде (Әл-Фараби даңғылы, Абай даңғылы, Назарбаев көшесі, Тимирязев көшесі) орналасқан.

Бүгінгі таңда мемлекеттің 875 паспорты берілді. Жоспардың орындалуы - 104,7% (жоспар - 836).

Паспорттауды өткізу кезеңінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдерімен 7 кеңес және мемлекет паспорттарын жасау бойынша 190 көшпелі іс-шара өткізілді.

2025 жылдың 6 ай ішінде Бостандық аудандық полиция бөлімімен  бұзу фактілері бойынша 2043 хаттама және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505 және 434-2 баптары негізінде, 993 хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 40,1 млн. құрады.

 

 

  1. Мәдениет және спорт

 

Мәдениет және спорт нысандары

Халықтың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін аудан аумағында 7 млн. кітап қоры бар 6 кітапхана жұмыс істейді және оқырмандар саны 88 683 құрайды. Кітап қоры үнемі жаңартылып отырады.

Анықтама: 5 кинотеатр, 6 кітапхана, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, №3 Оқушылар үйі (жөндеуде), 4 саябақ.

  Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 17 тарихи және мәдениет ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 3 республикалық және 14 жергілікті маңызы бар (1 археологиялық қорған, 7 монументалды ескерткіш, 9 сәулеттік ескерткіш).

Сондай-ақ, бүгінде Бостандық ауданында 508 спорт құрылымдары жұмыс істейді.

Анықтама: 8 ірі спорт нысаны, 3 стадион, 3 теннис орталығы, 2 мұз айдыны, хоккей корты, 11 бассейн, 60 фитнес-орталық, 57 спорт клубы,                      72 спорт залы, 311 жазықтық құрылым.

 

Жан басына шаққандағы қаржыландыру

2023 жылдың сәуір айынан бастап балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық пен спортқа баулуға бағытталған «Даму Бала» бағдарламасы іске асырылуда.

Барлығы 6 713 балалар қамтылды, оның ішінде: спорт бойынша 2 913 бала (жалпы санның 43,4%-ы), шығармашылық бойынша – 3 800 бала (жалпы санның 56,6%-ы) қамтылды.

 

Мәдени іс-шаралар

Рухани дамуды,  құндылықтар  мен  патриотизмді  арттыру  мақсатында 8–наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, ҰОС Жеңіс күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Халықаралық балаларды қорғау күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні өткізілді.

 

  1. Халықпен кері байланыс

 

Тұрғындармен тұрақты кездесу

Биліктің ашықтығы мен қолжетімділігі саясатын іске асыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында аудан әкімі тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Бостандық ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі бекітілген.

2025 жылдың 2 тоқсанында аудан әкімі тұрғындармен 1 тұрақты кездесу өткізді (28.05.2025ж.). Кездесулер барысында 13 тұрғын сұрақ қойып, жалпы 19 мәселе көтерілді, тиісті бөлімдерге 10 тапсырма берілді (КШБ – 4, КБ – 3, ҚДБ – 2, МжТДБ -1), оның ішінде:

  • оң шешімін тапқандары – 4;
  • түсініктемелер берілгені – 6.

Азаматтардың өтініштері төмендегі бағыттар бойынша бөлінді:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 6;

- абаттандыру және көгалдандыру – 4;

- инженерлік және жол инфрақұрылымы – 3;

- кәсіпкерлік – 1;

- басқа да мәселелер – 5.

 

Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау

Тағы бір диалог алаңы – бұл аудан әкімінің жеке қабылдауы, онда тұрғындар өз мәселелерімен тікелей жүгінеді.

2025 жылдың 2 тоқсанында аудан әкімі 11 жеке қабылдау өткізіп, 59 азаматты қабылдады. Қабылдау барысында 149 мәселе көтеріліп, тиісті бөлімдерге 85 тапсырма берілді (КШБ – 31, КБ – 19, ИжЖИБ – 10, ПБ – 3, КжӨДБ– 10, МжТДБ – 4, ҚДБ – 2).

Олардың ішінде:

- оң шешімін тапқандары – 49;

- түсініктемелер берілгені – 22;

- жұмыста – 14 (орындау мерзімдері көрсетіліп, бақылауға алынған).

Азаматтардың өтініштері мазмұнына қарай келесідей бағыттар бойынша бөлінеді:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 53;

- абаттандыру және көгалдандыру – 28;

- инженерлік және жол инфрақұрылымы – 16;

- кәсіпкерлік – 8;

- әлеуметтік көмек – 4;

- жарықтандыру – 3;

- құрылыс мәселелері – 2;

- білім беру және денсаулық сақтау салалары – 1;

- тұрғын үй беру – 1;

- басқа да мәселелер – 28.

 

 

 

 

 

 

 

Бостандық ауданы әкімі аппаратының 2025 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп
Дата публикации
28 июля 2025