2020 жылдың 10 айында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі көптеген жұмыстар атқарды
2020 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің аппарат басшысы Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі – мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша кеңес беру болып табылады.
Аудан әкімі аппаратының ғимаратында, Бостандық ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында әдеп жөніндегі уәкілдің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттері мен азаматтарды қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған. Осылайша, есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкілден 15 мемлекеттік қызметші кеңес алды. Негізінен мемлекеттік қызметшілер өзінің фотосуреттерін үшінші тараптардың әлеуметтік желілерде орналастырғаны үшін жауапкершілігі (қандай суреттерді әлеуметтік желілерде орналастыруға болады), түскі үзілісті қысқарту арқылы жұмыс уақыты регламентін өзгерту, өзінің жұмысы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде тарату, мемлекеттік қызметшілердің келісімісіз қосымша және демалыс күндердегі жұмыстарға тарту мүмкіндігі туралы сұрақтар бойынша қызығушылық танытты.
Этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметшілер этикасының деңгейін арттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты семинар түрінде түсіндерме жұмыстарын жүргізеді, барлығы 10 алдын алу және түсіндерме шараларын өткізді, оның ішінде 10 семинар мен дәрістер.
Мемлекеттік қызметшілердің қарым қатынасында жағымсыз басылымдарды анықтау және жеке аккаунтарында суреттер, бейнематериалдар мен пікір қалдыру, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін түсініктемелер орналастыру бойынша танымал әлеуметтік желілердің басылымдарын үнемі бақылау маңызды роль атқарады. Осыған байланысты әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеу мақсатында жеке әнгімелесулер жүргізеді. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунтарында орналастырылған мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін фотосуреттер, бейнематериалдар мен мәлімдемелер жоқ.
Бостандық ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратты талдады.Ұсынылған мәлеметтерге сәйкес Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері 2020 жылдың 10 айында 17 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылды.
Барлығы 124 042 тенге сомасында айыппұл салынды, олар мемлекеттік бюджетке толығымен өндірілді.
Жүргізілген мониторинг мемлекеттік қызметшілердің мас күйінде құқықбұзушылық жасау фактілері тіркелмегенін көрсетті.
Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен – 8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Жоғары кәсіпқойлығы үшін аудандағы үздік әйелдер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласы күніне арналған іс шараларда 4 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Отбасы күні мерекесіне орай 2020 жылдың 13 қыркүйегінде әдеп жөніндегі уәкіл іс-шаралар ұйымдастырды.
Аудан әкімі аппаратында осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, отбасылық өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жұмыс пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады.
Тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік жиынтықтарын тарату бойынша қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері азық-түлік сатып алуға қаржылай көмек көрсетті.
Жұмыс бекітілген кесте бойынша жалғасуда.