Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Бостандық ауданы әкімінің 2025 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің кестесі бекітілді.
2025 жылдың II тоқсанында аудан әкімі халықпен 1 тұрақты кездесу өткізді:
Кездесудің өткізілетіні туралы хабарландыру аудан әкімінің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланды.
Кездесуге қатысқан тұрғындар саны – 45 адам. Кездесу барысында 12 тұрғын тарапынан сұрақ қойылып, 19 мәселе көтерілді. Комиссиямен немесе жергілікті жерге барып қарау қажет мәселелер бойынша, әкім аппараттың жауапты қызметкерлеріне және аудан қызметтеріне 10 тапсырма берілді. Қазіргі таңда, қойылған 19 сұрақтың 4-і оң шешімін тапты, 15 - іне түсініктеме берілді.
Осы кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, құқық қорғау органдары және ауданның коммуналдық қызметтері қатысты.
Азаматтардың сұрақтары сипаттары бойынша келесідей бөлінеді:
Қала әкімі мен аудан әкіміне қатысты сын-ескертпелер айтылған жоқ.