Көріктендіру және санитарлық жағдай
І. Елді мекендерді жарықтандыру:
Аудан аумағында орналасқан көшелерінің бойындаға сыртқы жарықтандыру жүйелерінің күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарымен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысты. Жалпы соммасы 91 992 000 тг., ұзындығы – 392,4 км. тұратын 15 511 сыртқы жарық кондырғыларының күтіп-ұстау жұмыстары атқарылды.
ІІ. Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету:
«Алматы тазалық» МКК мердігер ұйымымен аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 259,9 км. тұратын 6 көлік жол айрықтары, 238 магистральді және аудан деңгейіндегі көшелерді және ішкі аула аумақтарында орналасқан жолдардың санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды (жұмыстардың жалпы соммасы 1 670 323 000 тг.). Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 172,9 км. жаяу жүргінші жолдарының механикалық және қол жұмыстары негізінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.
«ДМ строй» атты мердігер ұйымымен аудан аумағындағы 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдерін жалпы соммасы 31 458 000 тг. күтіп-ұстау жұмыстар атқарылды.
Қалалық және аудан деңгейіндегі қоғамдық іс-шаралар барысында жалпы соммасы 3 840 000 тг., 480 дана биодәретханалар орнатылды.
Жыл бойы аудан аумағында 37 қалалық және аудандық (аумақтық) сенбіліктер өткізілген, сенбіліктердің өту барысында 17 250 м3 қоқыс, бұтақтар мен жапырақ шығарылған. Іргелес және бекітілген аумақты тазартуға аудан тұрғындары, барша кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің жұмыскерлері сенбілікке қатысты.
ІІІ. Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру
Аудан аумағында жалпы алаңы 309,7 га. тұратын бақтар мен саябақтардың, көше бойындағы жасыл желектердің, Есентай, үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын, көлік жол айырықтарының жасыл желектерінің күтіп-ұстау жұмыстары жалпы соммасы 435 935 000 тг. жүргізілген, және «Stamp Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұзындығы 176,7 км. арық жүйелерінің санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.
720 ағашты қалыпты әрлеу, санитарлық әрлеу 2 279 дана, 14 төтенше жағдайда тұрған ағаштар бұзылды, 2 427 көшеттер мен 2500 бұталар отырғызылды.
КГП «Служба спасения» мен ГУ «Казселезащита» бірігіп аудандық қызметкерлер мен мекемелер М-1 және М-2 каналдарын тазалаған болатын. 80 куб.м. лай, құм және қоқыстарды тазалау үшін 6 арнайы техникаменшығарылды.
Габдуллина көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында жөндеу жұмыстары басталды.
"Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру аясында:
- арық желісін жөндеу жұмыстары;
- Абая даңғылындағы КазГЮА-ның ғимаратын жөндеуге салу;
- А.Кекілбаев көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі М-2 каналынын бойымен қоршаулар орнатылу;
- футбол мен баскетболдық өрістерді және де балаларға арналған спорттық алаңды Көктем мөлтек ауданына орналастыру;
- ҚР-ның Тұңғыш Президент саябағында ойын-сауық алаңын орналастыру.
Алматы қалалық жасыл эканомиканы басқару жөнінде жұмыстар басталды:
- ҚР-ның Тұңғыш Президент саябағында субұрқақты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша;
-Достық Паркін қайта құру жұмысы бойынша;
- тік жарықтандыру элементтері мен маусымдық сәнді гүлдермен көгалдандыру объектілерін орнату және күту бойынша іс-шаралар өткізілуі.
Алматы қаласының қалалық мобильдік бөлімі жол асфальт жамылғысының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде 54 көшені 1 көлік тасымалымен 25,1 км шұңқыры бар жерлерді жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Алматы қаласы қалалық мобилдігі басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:
-жалпы ұзындығы 25,5 км. болатын 54 көшенің жол-асфальттік төсемдері орташа жөндеу жұмыстары өткізілді.