Бостандық ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімінің 2020 ж 9 айына есебі

                                     Коммуналдық шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және 15 меңгеруші компаниялардың құрамына кіретін 1 792 көппәтерлі үйден (алаңы 6 137 572 м2 болатын 94 220 пәтер) тұрады.

Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі

2011 – 2019 жылдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) аясында 342 үй жалпы сомасы 3 976,2 млн.  теңгеге күрделі жөндеуден  өткізілді.

Аталған Бағдарлама аясында 2020 жылға 67 көппәтерлі үйлерді жөндеу, оның ішінде 76 лифті алмастыру жоспарланған.

Үстіміздегі жылдың 9 айында   7 көппәтерлі үйдің жалпыүйлік бөліктерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 1 үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр,   59 көппәтерлі үйді жөндеу жұмыстары 2021 жылға өткізілді.

Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу

Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖПИК, ТК, ЖШС) тарапынан үйлерді  күтуге жиналған  қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.

Ағымдағы  жылдың қаңтар және қазан айлары арасында  түзілген жоспар бойынша  840 көппәтерлі үйге жалпы сомасы 17,6 млн. теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілдіі.

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

Алматы қаласының сәулетін жаңғырту мақсатында 2016 жыл мен 2019 жыл аралығында инвесторларды шақыру жолымен жалпы сомасы 290,2 млн. теңгені құрайтын ауданда орналасқан 132 көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізілді.

2020 жылға магистралдық көшелерде орналасқан 24 көппәиерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары  тұрғындарды жұмысқа тартудың Жол картасы бағдарламасы аясында жүргізу жоспарланған.

Қазіргі кезде «НиКон» ЖШС мердігер мекемесі күшімен 22 үйдің қасбеті сырланып бітті.

Қалған 2 үйдің қасбетін сырлау жұмыстары жалғасуда.

Көппәтерлі үйлерге жылу есептеу құралдарын орнату

Осы күнге дейін  1 386 көппәтерлі үйде 1 820 жылу энергиясын есептеу құралдары орнатылды. Оның ішінде 2018 жылы 267 көппәтерлі үйде 371 есептеу құралы орнатылған.  Ендігі жерде  қалған 69 үйде 106 есептеу құралдары орнатылуға тиіс.

Аудандағы көппәтерлі үйлер қоры  94,3% деңгейде  жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыз етілген. Қалған 69 үйде жылу есептеу құралдарын орнату жұмыстары бойынша тұрғындар арасында жылу энергиясын есептеу құралын орнатудың тиімділігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңын орнату

Тұрғындар үшін  жайлы өмір сүретін ортаны қалыптастыру мақсатында сараптамадан өткен және заң талаптарына сай бекітілген жобылық-сметалық құжаттамаларға сәйкес аудандағы 120 көппәтерлі үйлердің аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен 9 ай ішінде 31 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталды. Қадған 89 аулада күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар жыл басынан бері 17 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілді.

Бюджетке қатысу

«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында Жароков көшесі, 284/1 үй ауласында спорт  алаңының құрылысы аяқталды және «Қазақфильм» ықшам ауданында Воркаут-спорт алаңы салынды.

Құрылыс

2020 жылдың 9 айында аудан бойынша  318 808  м2  тұрғын үй қолдануға тапсырылды, оның ішінде 265 033 м2 – көппәтері үйлер (34 үй), 52 321  м2 – жеке үй құрылысы (109 үй), жатақхана – 1 454 м2.

Отчет отдела жилищно-коммунального хозяйства аппарата акима Бостандыкского района за 9 месяца 2020 г.
Дата публикации
03 ноября 2020