Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің 2020 ж 9 айына есебі

Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша жұмыссыздықтың деңгейі – 5,2% құрайды, 2019 жылыда 5,2% көрсеткішті құраған.

Жұмыспен қамту орталығының 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі ақпараты бойынша 5421 адам жұмыссыздар (2019 жылы – 3929 адам), 166 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2019 жылы – 148 адам), 191 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2019 жылы – 110 адам) жіберілген. Қоғамдық жұмысқа 2 208 адам жіберілген (2019 жылы – 406 адам). Кәсіби дайындық курстары аяқталған 145 адам (2019 жылда - 183 адам).

Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 2 634  адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2019 жылы – 1573 адам).

2020 жылдың 30 қыркүйегінде 304 (2019 жылы – 415 отбасы) аз қамтамасыз етілген отбасына 1342 адам (2019 жылы – 2115 адам)  жалпы сомасы 99 251 740  теңгені құрайтын әлеуметтік көмек тағайындалды (2019 жылы – 102 256 087  теңге). Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1 адамға 18 325 теңгені құрайды (2019 жылы – 21 768  теңге).

Ағымдағы жылдың 9 айында тұрмыс деңгейі төмен 289 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2019 жылы – 475 адам), жалпы сомасы 2 740 752 теңгені құрайды (2019 жылы – 2 796 750 теңге).

Денсаулық сақтау

Аудан көлемінде 25 мемлекеттік медициналық мекемелер, және 7 мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын медициналық орталық,          8 республикалық, 17 қалалық ғылыми институттар мен орталықтар, 203 жеке меншік медициналық мекемелер орналасқан. Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса жуық  медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

2019 жылдың 1 жартысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың алдын алу бойынша Бостандық ауданы аумағында 98–ден астам іс–шаралар ұйымдастырылып өтті.

Туберкулез ауруы бойынша– 33 жағдай тіркелді (2019ж - 36).  Ана өлімі – жоқ. (2019ж - жоқ)

Нәресте өлімі – 5,7% (2019– 5,8%).

Геппатит А бойынша– 13 жағдай тіркелді (2019ж – 6).

АИТВ жұқпасы бойынша аудан тұрғындарының арасынан  – 3 азамат тіркелді (2019ж – 6).

Онкология ауруы бойынша аудан тұрғындары арасынан барлығы – 264 тұрғын тіркеуге алынды (2019ж – 252 адам). Туберкулез ауруы бойынша 2020 жылдың 9 айында – 41 жағдай тіркелді (2019ж. - 62).

Ана өлімі  жоқ.

Нәресте өлімі жылдың 9 айында – 9,6 % (2019 – 10,8%).

Геппатит А бойынша 14 жағдай тіркелді (2019ж – 10).

АИТВ жұқпасы бойынша аудан тұрғындарының арасынан  – 6 азамат тіркелді (2019ж – 8).

Онкология ауруы бойынша 2020 жылдың 9 айында аудан тұрғындары арасынан барлығы – 391 тұрғын тіркеуге алынды (2019ж – 458 адам).

Білім беру

Бостандық ауданында  34 мемлекеттік, 21 жекеменшік барлығы 55 білім беру мекемесі жұмыс істейді.  

2020-2021 оқу жылында ауданда 44786 оқушы: оның ішінде 36370 оқушы мемлекеттік мектептерде, 8416  оқушы жекеменшік мектептерде  білім алуда.

 Жалпы алғанда мектеп тығыздығының келесі көрінісі байқалады:

Мектептер

Аудан бойынша жалпы мектептер саны

 Оқыту тілі

Оқушылар саны

 

 

 

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Аралас тілде

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Барлы

ғы

жоспар сыйымдылығы

Орын жетіспеушілік

Артық орындар

Мемлекеттік мектептер

34

9

13

12

 

10743

25627

-

36370

 

26373

 

 

Жекеменшік

21

3

12

5

1

1401

6508

507

 

8416

18201

 

-

 

Барлығы:

55

12

25

17

1

12144

32135

507

44786

44574

 

 

 

 2019-2020 оқу жылында қалалық  пәндік олимпиадада мектеп оқушылары білім, білік және дағдылардың жоғары деңгейді көрсеткен мектептер: 68,92,105,138,165. Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша ең  жоғары нәтиже көрсеткен мектептер:

- N165 мамамандырылған  лицей- 25 жүлдегер, №105 гимназия - 14 жүлдегер, № 68 мектеп- гимназия - 11 жүлдегер.

 Оқушылардың республикалық ғылыми жоба сайысының қорытындысы  бойынша келесі мектептер жоғары денгейді көрсетті:

- N140 гимназия - 15  жүлделі орынға иеленді

- №146 мектеп-лицей - 11 жүлделі орын

-  мемлекеттік емес жеке меншіе мектептер : Престиж, Туран, ТЭФМШ

Мұғалімдер арасындағы қалалық  кәсіби байқаулардың қорытындылары:

  1. «Үздік педагог-2020» - «N2 балабақша» КММ дефектологы Куракбаева Жибек Худайбергеновна 2 орынға иеленді.
  2. «Жыл мұғалімі-2020» - No140 гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі Сагингалиев Дәурен Наурызбайұлы І орынға иеленіп , сыйлыққа көлік жеңіп алды.
  3. «Қала әкімінің арнайы гранты» сайысында - 2 миллион теңге ақшалай сыйлықты N 21 гимназияның бейнелеу өнері мұғалімі Жаримбетова Гүлсара Касимбекқызы, N140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Темурбаева Сафура Салимбаевна алды.
  4. «Жылдың үздік психологы» - 1 орын, № 10 орта мектебінің психологы Бексұлтанова Сания Серікпаевна; 2 орын N138 гимназияның психологы Советов Айдана Мұқанқызы иеленді.

 

Оқушылар арасындағы қалалық жарыстардың, республикалық және халықаралық  олимпиадалардың нәтижелері:

 

  1. Қалалық «Абай оқулары» байқауында 4 номинация бойынша аудан оқушылары жеңімпаз атанды: 1 орын Өсербай Еркенбай  №140 гимназияның 11 сынып оқушысы ; Аманкелді Шолпан, № 138 гимназияның 8 сынып оқушысы - 3 орын; Маликова Аяжан, №140 гимназияның 11 сынып оқушысы - 3 орын; Серік Елдос, №140 гимназияның 11 сынып оқушысы - 3 орын; Асанова Аяна, 9-сынып оқушысы, N81 МГ - 3 орын; Жомарт Жансая, N145 ЖББМ 8 сынып оқушысы - 3 орын, тамыз 2020 ж.
  2. Халықаралық европалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы, Қорғанбаев Таймас, N 165 мамандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы, 2 орын (күміс медаль); 3-6 қыркүйек 2020 ж;
  3. Халықаралық математика пәнінен «Туймаада» олимпиадада,№165 мамандырылған лицейдің  10 сынып оқушысы Беремқұлов Алан 2 орын,а иеленді (күміс медаль), 30 қыркүйек - 6 қазан 2020 ж;
  4. Математика, физика, информатика пәндерінен Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы - N165 мамандырылған лицейдің  оқушылары Қорғанбаев Таймас, 9-сынып (информатика), Белоусов Лев, 8-сынып (информатика); Байдавлетов Санжар, 8 сынып (математика), Авдеев Матвей, 8 сынып (математика); Шахабдин Акежан, 9 сынып (физика); Нурсагатов Маргулан, 8 сынып (физика) қатысып республикалық олимпиадаға  жолданды.

 

Мектепке дейінгі тәрбие

 Бостандық ауданында 2020-2021 оқу жылында 30 мемлекеттік (6120) және 67 жекеменшік балабақша (2690) жұмыс істейді, барлығы - 8810 бала.

 2019 жылы  29 мемлекеттік (7057) және 95 (3364) жекеменшік балабақша жұмыс істеді, барлығы – 10 621 бала.

 Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік  аясында  Бостандық ауданында 2019 жылы жалпы саны  1014 баланы қамтитын 19 ұйым жұмыс істейді.

 Мемлекеттік балабақшалардағы кезек мәселесін шешу мақсатында үкімет 2020 жылға дейін жарамды «Мемлекеттік тапсырыс» арнайы бағдарламасын әзірлеген болатын.  

 Бостандық ауданда 2020-2021  оқу жылында 30  мемлекеттік (6120) и 67  жеке меншік балабақша (2690)  жалпы контигенті -8810  баланы  қамтиды.

 2019 жылы 10 621 бала контингенті бар 29 мемлекеттік (7057) және 95 (3364) жекеменшік балабақшалар болды. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың наурызынан бастап пандемияға байланысты ұйымдар мен балалар санының азаюы байқалады.

 Бостандық ауданында «Балапан» республикалық бағдарламасы аясында  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік  негізінде 2020 жылы 18 мекеме  984 баланы қамтыды.

Отчет отдела социальной сферы аппарата акима Бостандыкского района за 9 месяцев 2020 г
Дата публикации
03 ноября 2020