Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 гектарды құрады, 720 гектар Дулати көшесінің жоғарғы бөлігі қосылды, 2012 жылы 269,1 гектар қосылды: Бағанашыл ықшам ауданының шығысы, Дулати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы, 2014 жылы 6 мың 178 гектары құрады: Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аймағының 8 елді мекені қосылды (Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нурлытау ауылы, Жайлау ауылы, Көкшоқы ауылы, Алмарасан ауылы, Қарғалы ауылының жарты бөлігі , сонымен қатар Талғар ауданының Көктөбе ауылдық аймағынан 2 елді мекен қосылды (Ремизовка ауылы, Ақтөбе ауылы).