Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылдың 9 айдың есебі

Мәдениет нысандары

1.Ауданда 36 мәдени-демалыс объектілері, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі және 1 спорт колледжі орналасқан.

36 мәдени-демалыс объектілерінде 4500-ден астам бала қамтылған және 140 үйірме жұмыс істейді.

Ауданның барлық оқу орындарында (жоғары, арнаулы орта және мектептерде) тегін негізде 400-ге жуық секциялар жұмыс істейді. Онда шұғылданатын оқушылар мен студенттердің саны 20 000-ға жуық адамды құрайды.

Халықтың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін аудан аумағында 26 млн. кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс істейді және олар үнемі жаңартылып отырады.

Анықтама: (6 кинотеатр, 5 кітапхана, 2 аула клубы, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, №3 оқушылар үйі, 4 саябақ, 5 Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 10 жүзу бассейні).

Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 17 тарихи және мәдениет ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 3 республикалық және 14 жергілікті маңызы бар. (1 археологиялық қорған,7 монументалды ескерткіш, 9 сәулеттік ескерткіш).

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар

Рухани даму мен құндылықтарды және отансүйгіштікті арттыру мақсатында 10 іс-шара өткізілді. Анықтама: (Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, «Алғыс айту» күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күн, ҚР рәміздері күні).  

Тілдерді дамыту

2020 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында мынадай жұмыстар жүзеге асырылуда:

- мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

2020 жылдың 9 айында 3929 кіріс хаттар тіркелді, оның ішінде 2898 мемлекеттік тілде, яғни 74%. Шығыс хаттар - 3929, оның ішінде мемлекеттік тілде - 3929, бұл 100% құрайды.

- мемлекеттік тілді тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлерге оқыту үшін қажетті технологиялармен жабдықталған қазақ тілі кабинеті бар.

Ауданның кітапханалары мен оқу орындарында мемлекеттік тілді дамыту және латын графикасына көшу туралы студенттер мен оқушылар арасында «Латын әліпбиі - болашағымыз», «Тіл - мемлекеттің алтын қазығы», «Тілім менің - тұтастығым елдігім» «Латын келешек кілті», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Латын әліпбиі уақыт талабы», «Қазақ тілім елдігім» тақырыпта онлайн форматында іс-шаралар өткізілді.

Қызмет көрсету саласындағы 60 нысанға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. (21-бапқа сәйкес бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде баяндалады).

Спортты дамыту

2020 жылдың 9 айында 350 622 аудан халқының 103 784 тұрғыны жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатынын және пайыздық көрсеткішке шаққанда 29,6% құрады. Ауданда дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 65 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, 22 000 жуық адам қатысты. Сондай-ақ, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша 365 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 365 қызмет алушыға берілді, 1 қайтарылды.

Ономастика

Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің басшысының 2016 жылғы 20 шілдедегі  №6.1 тапсырмасының төртінші тармағына сәйкес, мекенжай тіркелімдерін жандандыру, аудан шекараларын нақтылау мақсатында, аудан аумағында орналасқан көшелерге қарасты мекенжайларға 6537 дана аншлагтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Отчет за 9 месяцев 2020 года отдела культуры и развития языков аппарата акима Бостандыкского района
Дата публикации
03 ноября 2020