Елді мекендерді жарықтандыру:
Аудан аумағында орналасқан көшелерінің бойындаға сыртқы жарықтандыру жүйелерінің күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарымен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысты. Жалпы саны 15 511 сыртқы жарық кондырғыларының күтіп-ұстау жұмыстары атқарылды.
Елді-мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету:
«Алматы тазалық» МКК-сі мердігер ұйымымен аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 261 км-ден тұратын 6 көлік жол-айрықтары, 243 магистральді, аудан деңгейіндегі көшелерді және ішкі аула аумақтарында орналасқан жолдардың санитарлық тазалау жұмыстарын атқарылуда. Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 177 км. тұратын жаяу жүргінші жолдарының механикалық және қол жұмыстары негізінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.
«ДМ строй» атты мердігер ұйымымен аудан аумағында орналасқан 7 жер үсті мен 12 жер асты өткелдерін күтіп-ұстау жұмыстар атқарылуда.
Қала бойынша Төтенше жағдай және карантин жағдайы жарияланғаннан бері аудан аумағында орналасқан барша көшелердің, жаяу жүргінші жолдарының, веложолдарының, саябақтардың, гульзарлардың, скверлардың және жер үсті мен жер асты өткелдерінің дезинфекция жұмыстарын күнделікті жүргізу үшін – 13 бірлік су шашу көліктері, 6 бірлік бочкасы бар трактор, 3 бірлік Пони – атты су шашатын көлік, 7 бригада (14 адамнан туратын) жән 120 жол жұмысшылары пайдалануда.
Дезинфекция жасалып жаткан мекен-жайлар: - аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 261 км.-ден тұратын 249 көше, ұзындығы 176,9 км. тұратын жаяу жүргінші жолдары, 15,4 км.тұратын веложолдары, 7 жер ұсті және 12 жер асты өткелдері, 4 саябақ, 9 гульзар, 9 сквер, 2 өзен жағалауларының бойы және 295 қоқыс алаңдарының контейнерлері мен іргелес аумақтары.
Елді-мекендердің көріктендіруі мен көгалдандыру жұмыстары.
Аудан аумағында жалпы алаңы 309,7 га. тұратын бақтар мен саябақтардың, көше бойындағы жасыл желектердің, «Есентай» мен «үлкен Алматы» өзендерінің жағалауларын, көлік жол айырықтарының жасыл желектерінің күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде, және ұзындығы 176,7 км. арық жүйелерінің санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.
Аудан аумағы бойынша 2 160 дана жасыл-желектеріне санитарлық (формалық) қырқу, 4 500 дана санитарлық қырқу, 300 дана апаттық санитарлық кесу жұмыстары өткізілді. 5000-ға жұық жасыл желектердің отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласының Құтқару қызметі мен «Казселезащита» ММ-сі және аудан мердігер ұйымдарымен бірлесе отырып «Канал – М1» және «Канал - М2» атты өзендерінің санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда жалпы көлемі 80 м3 қоқыс пен құм-топырақ шығару жұмыстары жүргізілуде, тазалау шаралаына 5 дана арнайы техника қатысуда.
Габдуллин көшесінің бойы мен іргелес аумақтарының қөріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыспен қамту жол картасына сәйкес аудан аумағында келесі мекен-жайлар бойынша көріктенліру жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы, Жасыл экономика басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар:
Аудан аумағында орналасқан ұзындығы 25,1 км.ден тұратын 54 көшенің және 1 көлік жол-айырығының орташа жөндеу, және жаяу жүргінші жолдарының ағымдағы жөндеу жұ жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылға Жоспарлар:
«Достык» атты саябағының күрделі жұмыстарының жалғасуы;
Тұңғыш Президент саябағының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жоба-сметалық құжаттамаларының әзірлеу жұмыстары;
Аудан аумағындағы 155 көшенің бойына сыртқы жаырқ нүктелерінің құрылысы;