Stop-алаяқтық

Соңғы жылдары ел аумағында телефон және интернет – алаяқтық фактілері жиілеп кетті, олардың саны 10 есеге өсті              (2017 ж. – 2046 факт, 2023 ж. - 21637). Мұның себебі жалпыға бірдей цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды, онлайн қызметтерді және т. б. дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіздігі байқалады.

Іс-шараның мақсаты - қаланың әрбір тұрғынына алаяқтар қолданатын барлық әдістер мен тәсілдер туралы ескерту

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 18-19 қазан аралығында елордалық Полиция департаменті "Stop-алаяқтық" ауқымды жедел - алдын алу іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Қорытындылай келе, интернеттегі алаяқтық белсенді қарсы әрекетті талап ететін елеулі қауіп болып қала беретіндігін атап өтуге болады. Жалпы алдаудың үлгілерін білу және қауіпсіздік шараларын қабылдау - бұл күрестегі жалғыз қалқанымыз.

Дата публикации
14 октября 2024