Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 тамызындағы

№ 02 шешімі, Алматы қаласы Әділет Департаментінде 2024 жылдың       

22 тамызында № 1779-02 болып тіркелген

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы    

11 сәуірдегі  «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша

сайлау учаскелерін құру туралы» № 2  шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

ШЕШТІМ:

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппаратына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                    

 

әкім

 

   С. Алин

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Алматы қаласының аумақтық

сайлау комиссиясы                

                  

решение
Дата публикации
27 августа 2024