Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1652 болып 2020 жылғы 22 қазанда тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 128 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2020 жылдың 27 қазандағы № 128 санында санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 237, 238, 245, 268, 300, 301, 309, 493, 558 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын;
2) көрсетілген шешімнің № 229, 233, 242, 243, 246, 249, 250, 251, 252, 274, 301, 489, 558, 559 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.
- Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім А. Рақымбетов
Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
«16» қазан 2020 жыл