Бостандық ауданының 2020 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Бостандық ауданы бойынша

2020ж. 1ж\ж әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

  Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 гектарды құрады, 720 гектар Дулати көшесінің жоғарғы бөлігі қосылды, 2012 жылы 269,1 гектар қосылды: Бағанашыл ықшам ауданының шығысы, Дулати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы, 2014 жылы 6 мың 178 гектары құрады: Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аймағының  8 елді мекені қосылды (Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нурлытау ауылы, Жайлау ауылы, Көкшоқы ауылы, Алмарасан ауылы, Қарғалы ауылының жарты бөлігі , сонымен қатар Талғар ауданының Көктөбе ауылдық аймағынан 2 елді мекен қосылды (Ремизовка ауылы, Ақтөбе ауылы).

Халық саны – 352 963 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 53,9%, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар – 30,9%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 15,2% құрайды.

Салық

27.06.2020 жылға Бостандық  ауданы  бойынша  мемлекеттік  бюджеттің кірісіне 46% орындауда  214,5 млрд. тенге түсті, оның ішінде  республикалық – 123,3 млрд.тг 38% орындалуда, жергілікті - 91,2 млрд. тенге 63% орындалуда.

Бюджет

Исполнение за 6 месяцев бюджетных  средств  в сумме  4 564 684,4 тыс. тенге,  отклонение – 1 690,0 мың.тенге (экономия по смете)  освоение бюджетных средств по состоянию на 1-е полугодие   составляет 100,0 %.

Алматы қаласы Бостандық  ауданы әкімінің аппараты  бойынша  жылдық  қаржыландыру  11 768 078,0 мың тенге құрайды, ағымдағы  жылдың  6 айында  жоспар 4 566 374,4 мың. тенге құрады. 6 ай ішінде бюджеттік  қаражат  4 564 684,4 мың. тенгеде орындалды. Ауытқу-1 690,0 мың.тенге(смета  бойынша үнемдеу). 1 ж\ж бойынша бюджет қаражатын игеру 100,0% құрады.

Өнеркәсіп

2020 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнім  өндіру  көлемі  43,7 млрд. тенге ИФО-100,6%. (ұқсас  кезең 2019 ж. – 37,7 млрд. тг.).

Өнеркәсіптік  потенциал  аудан  ұсынылған  компаниялар: АО «Алатау жарық компаниясы», ТОО «Беккер и К», ТОО «Конкрит Продактс», ГКП «Алматы Су», ТОО «Pure Pack».

Қалалық  көлемдегі  ауданның  өнеркәсіп  өндірісінің  үлесі 9,3 % құрайды.

Инвестиция

Негізгі   инвестициялар  капиталы  2020 жылдың 6 айында  83,1 млрд. тенге құрайды. (ұқсас  кезең 2019 ж.- 81,5 млрд.тг) немесе өткен жылдың  кезеңімен  салыстырғанда 100,3 %, қала бойынша  негізгі  капиталға салынған  инвестициялар  үлесі  23,6 % құрайды. (Алматы қаласы – 352,5 млрд.тг.).

Кәсіпкерлік

2020 жылдың 6 айдағы бөлшек  тауар айналымының  көлемі- 190,5 млрд.тг, өткен  жылдың  тиісті кезеңіне 85,7%.(ұқсас кезең 2019ж. – 207,1 млрд.тг.).

Көтерме сауда тауар айналымы 868,3 млрд.тг құрады. (ұқсас кезең 2019ж. – 1 190,3 млрд.тг)

Ауданда  тіркелген  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің саны-27 779, солардың ішінде 17 009 белсенді жұмыс жасайды.                                             

2020 жылдың 6 айында ашылған жаңа жұмыс орындары (жоспар - 4000)

2020 жылы 6 айында 2248 жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспар 56,2%. (2019 жылғы сәйкес кезеңде 2341 жұмыс орны болды).

Транспорт

  2020 жылдың 1 жарты жылдығында қала бойынша көлік тасымалдау ұйымдары 2 114,8 мың адам тасымалдаған.

Ауданда  №31, №67, №81 деген 3 маршрутқа қызмет ететін ірі «№ 2-ші Автопарк» жұмыс жасайды.

№2 автопарк 100%-ға жаңартылған.

Ауданда 3 метрополитен станциясы орналасқан: станция «Алатау» станциясы,  «Байконур» станциясы,  «Әуезов атындағы драмтеатр» станциясы, «Сайран» станциясы.

Жолаушылар тасымалының деңгейі барлық метро станцияларында: жұмыс күндерінде – 45 мың адам, сенбі күні – 25-30 мың адам,  жексенбі күні – күніне  10 мыңнан бастап 15 мыңға дейін болады.

Инфляцялық процесстерді талдау

Инфляциялық процесстер мен ауылшаруашылық тауар өнімдерін сақтап қалу мақсатымен Алматы облысындағы Іле ауданы мен Қарасай ауданындағы ауылшаруашылығымен біріге отырып ауылшаруашылық ярмаркасы өтті.  

2020 жылдың 6 айында 22 ярмарка өткен болатын. Оның ішінде  тауаралмасу  323,6 млн. теңгені құрады. Осылайша орта есеппен 260 мың адамды қамтыды.

Ауданда АО « Ұлттық компания « «Алматы» әлеуметтік-іскерлік корпорациясы (ТОО «Алматы Азық») компаниясының 9 әлеуметтік павильонын орналастырды.

Ірі саудаүйлер мен орташа азық-түліктегі әлеуметтік маңызды тауарларға бағалардың өсуіне жол бермеу үшін 253 меморандумға қол қойылып, сол жөнінде жұмыс жалғасуда.

2020 жылдың басынан аудан әкімдігінің аппаратынан кәсіпорындар мен өнеркәсіпті дамытуға арналған мамандар, Бостандық ауданының полиция департаментінің мамандарымен біріге  ҚР КоАП 204-бабы бойынша тиым салынған мекенде сауда сатылып жатқандығы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органның анықтауы бойынша 369 хаттама, оның ішінде 326 ескертулер мен 43 айыппұл, жалпы сомасы 811 452,5 теңге шықты.

Жылдың басынан  көше қиылыстарындағы сауданы жою үшін 101 рейд жасалды: Тимирязева көшесі – Гагарин даңғылы, Тимирязева көшесі – Әуезов көшесі; Жандосова көшесі – Айманова көшесі; Мустафина көшесі мен Биржан көшесінің қиылысы, Розыбакиева көшесі мен Сатбаева көшесінің қиылысы.

Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау

Бостандық ауданында 1692 көпбалалы жанұя тіркелген (4 баладан асқан) және «Алтын алқа» мен «Күміс алқа»-мен 382 аналар  марапатталған.

2020жылдың 30 маусымында әлеуметтік көмек 1 148 (261жанұя) мұқтаж азаматтарға, (1618 адам(2019 жылы - 330 жанұя) 62 321 160 теңге сомасында берілді (2019г. – 30 370 047 теңге). АӘК-тің орташа мөлшері жанұядағы 1 адам басына 19 600 теңге (2019 жылда  21 768 теңгені құраған).

Осы жылдың 1 жартысында тұрғын үй көмегіне 213 адамға (2019 жылы 435 адам) жалпы сомасы 2 663 171 теңге төленді (2019 жылы 2 317 335 теңге).

Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады, дәл сол көрсеткіш 2019 жылы да көрсетілген.

2019-дың 30 маусымындағы жайғдай бойынша жұмыспен қамту орталығы бойынша әлеуметтік қорғау шаралары жұмыссыздықтан  2 684 адамды (2019 жылы 1 789 адамды), соның ішінде әлеуметтік қызметкерлер ішінде  102 адам (2019 жылы 152 адамды), жастар практикасы бойынша 34 адам (2019 жылы 53 адам). Қоғамдық жұмыстармен 518 адам (2019 жылы  330 адам). Тұрақты жұмыспен қамтылған 1 702 адам (2019 жылы 1146 адам). «Жұмыспен қамту»  базасында 1998 адам тіркелген. (2019 жылы 568 адам).

Денсаулық сақтау

Аудан көлемінде 25 мемлекеттік медициналық мекемелер, және 7 мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын медициналық орталық,  8 республикалық,                       17 қалалық ғылыми институттар мен орталықтар, 203 жеке меншік медициналық мекемелер орналасқан. Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса жуық  медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

2019 жылдың 1 жартысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың алдын алу бойынша Бостандық ауданы аумағында 98–ден астам іс–шаралар ұйымдастырылып өтті.

Туберкулез ауруы бойынша– 33 жағдай тіркелді (2019ж - 36).  Ана өлімі – жоқ. (2019ж - жоқ)

Нәресте өлімі – 5,7% (2019– 5,8%).

Геппатит А бойынша– 13 жағдай тіркелді (2019ж – 6).

АИТВ жұқпасы бойынша аудан тұрғындарының арасынан  – 3 азамат тіркелді (2019ж – 6).

Онкология ауруы бойынша аудан тұрғындары арасынан барлығы – 264 тұрғын тіркеуге алынды (2019ж – 252 адам).

Мәдениет

Ауданда 36 мәдени-демалыс объектілері, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі және 1 спорт колледжі орналасқан. 36 мәдени-демалыс объектілерінде 4500-нан астам бала қамтылған және 140 үйірме жұмыс істейді.

Ауданның барлық оқу орындарында тегін негізде 400-ге жуық секциялар жұмыс істейді. Онда шұғылданатын оқушылар мен студенттердің саны 20 000-ға жуық адамды құрайды. Анықтама: (6 кинотеатр, 5 кітапхана, 2 аула клубы, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, Оқушылар үйі, 4 саябақ, 5 Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 10 жүзу бассейні).

Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 17 тарихи және мәдениет ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 3 республикалық және 14 жергілікті маңызы бар. (1 археологиялық қорған,                     7 монументалды ескерткіш, 9 сәулеттік ескерткіш).

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар

Рухани даму мен халықтың құндылықтарын көрсететін және өсіп келе жатқан жастарға патриоттық сезімін ояту үшін 10 мерекелік іс шара өткен болатын. (Абайдың 175 жылдығы, Әл Фарабидің 1150 жылдығы, Рахмет айту күні, Саяси қуғын сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алу күні, Мемлекеттік рәміздер күні).

Тілдерді дамыту және оны жүзеге асыру бағдарламасы

2020 жылы тілдерді дамыту жыне оны жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік программа төмендегідей жұмыстармен атқарылуда:

-құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі,

-мемлекеттік тілді үйрену үшін мемлекет қызметкерлері мен Бостандық аймағындағы тұрғындарға арналған арнайы кеңсе бар.

55 жекеменшік мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң бойынша түсіндірмелер өткен болатын.

Спортты дамыту

2020 жылдың 6 айында 350 622 аудан халқының тұрғыны жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатынын және пайыздық көрсеткішке шаққанда 29,6% құрады. Ауданда дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 65 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, 22 000 жуық адам қамтылды. Сондай-ақ, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша 224 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Коммуналды шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және                               15 меңгеруші компаниялардың құрамына кіретін 1 852 үйден (алаңы 94 220 м2 болатын 6 137 572 пәтер) тұрады.

Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі

2020 жылға  Бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарын өткізуге  68 көппәтерлі үйде   75 лифті алмастыру жұмыстары жоспарланған.

Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу

Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖПИК, ТК, ЖШС) тарапынан үйлерді  күтуге жиналған  қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.

2020 жылға түзілген жоспар бойынша  1 537 көппәтерлі үй жалпы сомасы 120 млн. теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді.

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

Алматы қаласының сәулетін жақсарту мақсатында ауданда орналасқан көппәтерлі үйлердің қасбеттерін инвесторларды шақыру жолымен сырлау шаралары атқарылуда.

Оның ішінде 2019 жылы жалпы сомасы 290,2 млн. теңгеге 132 үйдің қасбеті сырланды.

2020 жылдың басынан бері 24 көппәтерлі үйдің қасбеті жоспарланып отыр.

Көппәтерлі үйлерге жылу есептеу құралдарын орнату

Осы күнге дейін  1 386 көппәтерлі үйде 1 820 жылу энергиясын есептеу құралдары орнатылды. Оның ішінде 2018 жылы 267 көппәтерлі үйде 371 есептеу құралы орнатылды.  Ендігі жерде  қалған 69 үйде 106 есептеу құралдары орнатылуға тиіс.

Құрылыс

2020 жылдың 6 айында аудан бойынша 265,4 м2  тұрғын үй қолдануға  берілді, оның ішінде: 229,3 м2 (29 үй) – көппәтерлі үйлер,  36,1 м2 (78 үй) – жеке тұрғын үй құрылысы.

                            Көріктендіру және санитарлық жағдай

Елді мекендерді жарықтандыру:

Аудан аумағында орналасқан көшелерінің бойындаға сыртқы жарықтандыру жүйелерінің күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарымен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысты. Жалпы соммасы 91 992 000 тг., ұзындығы – 392,4 км. тұратын 15 511 сыртқы жарық кондырғыларының күтіп-ұстау жұмыстары  атқарылды.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету:

«Алматы тазалық» МКК мердігер ұйымымен аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 259,9 км. тұратын  6 көлік жол айрықтары, 238 магистральді және аудан деңгейіндегі көшелерді және ішкі аула аумақтарында орналасқан жолдардың санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды (жұмыстардың жалпы соммасы 1 670 323 000 тг.). Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 172,9 км. жаяу жүргінші жолдарының механикалық және қол жұмыстары негізінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.

«ДМ строй» атты мердігер ұйымымен аудан аумағындағы 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдерін жалпы соммасы 31 458 000 тг. күтіп-ұстау жұмыстар атқарылды.

Қалалық және аудан деңгейіндегі қоғамдық іс-шаралар барысында жалпы соммасы 3 840 000 тг., 480 дана биодәретханалар орнатылды.

Жыл бойы аудан аумағында 37 қалалық және аудандық (аумақтық) сенбіліктер өткізілген, сенбіліктердің өту барысында 17 250 м3 қоқыс, бұтақтар мен жапырақ шығарылған. Іргелес және бекітілген аумақты тазартуға аудан тұрғындары, барша кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің жұмыскерлері сенбілікке қатысты.

Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру

Аудан аумағында жалпы алаңы 309,7 га. тұратын бақтар мен саябақтардың, көше бойындағы жасыл желектердің, Есентай, үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын, көлік жол айырықтарының жасыл желектерінің күтіп-ұстау жұмыстары жалпы соммасы 435 935 000 тг. жүргізілген, және «Stamp Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұзындығы 176,7 км. арық жүйелерінің санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.

720 ағашты қалыпты әрлеу, санитарлық әрлеу 2 279 дана, 14 төтенше жағдайда тұрған ағаштар бұзылды, 2 427 көшеттер мен 2500 бұталар отырғызылды.

КГП «Служба спасения» мен ГУ «Казселезащита» бірігіп аудандық қызметкерлер мен мекемелер М-1 және М-2 каналдарын тазалаған болатын. 80 куб.м. лай, құм және қоқыстарды тазалау үшін 6 арнайы техникаменшығарылды.

Габдуллина көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында жөндеу жұмыстары басталды.

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру шеңберінде келесі жұмыстар басталды:

- арық желісін жөндеу жұмыстары;

- Абая даңғылындағы КазГЮА-ның ғимаратын жөндеуге салу;

- А.Кекілбаев көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі М-2 каналынын бойымен қоршаулар орнатылу;

- футбол мен баскетболдық өрістерді және де балаларға арналған спорттық алаңды Көктем мөлтек ауданына орналастыру;

- ҚР-ның Тұңғыш Президент саябағында ойын-сауық алаңын орналастыру.

Алматы қалалық жасыл эканомиканы басқару жөнінде жұмыстар басталды:

- ҚР-ның Тұңғыш Президент саябағында субұрқақты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша;

-Достық Паркін қайта құру жұмысы бойынша;

-тік жарықтандыру элементтері мен маусымдық сәнді гүлдермен көгалдандыру объектілерін орнату және күту бойынша іс-шаралар өткізілуі.

Алматы қаласының қалалық мобильдік бөлімі жол асфальт жамылғысының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде 54 көшені  1 көлік тасымалымен 25,1 км шұңқыры бар жерлерді жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Алматы қаласы қалалық мобилдігі басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:

-жалпы ұзындығы 25,5 км. болатын 54 көшенің жол-асфальттік төсемдері орташа жөндеу жұмыстары өткізілді.

  1. Құқық тәртібі және заңдылықты нығайту

2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында қылмыстар саны азайғаны белгіленген – 2375 қылмыс (2019 жылдың ұқсас мерзімінде – 4245 қылмыс), 2 есе азайған.

Қылмыстардың статистикалық ашылуының жалпы пайызы 34,1% құрды,    2019 жылдың ұқсас мерзімі бойынша көрсеткішінен 6,8% жоғары.

Аса ауыр және ауыр қылмыстар бойынша 535 қылмыс тіркелген (2019 жылдың ұқсас мерзімінде – 319 қылмыс), өсуі 78,3 % құрастырады. Аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылуының пайызы 57,0 % құрды, 2019 жылдың ұқсас мерзімі бойынша (56,6%).

          

 

 

Итоги Социально- экономического развития Бостандыкского района за 1 полугодие  2020 года
Дата публикации
12 сентября 2020