Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің талдамалы анықтамасы

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің талдамалы анықтамасы

Біз, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудан өткізу құрамы және жұмыс тобының төрағасы Серик Бикенович Адилбаевтың және топ мүшелері Маржан Ертайқызы Балбаева, Жанар Сейтжанқызы Садвакасова, Батима Жаксылыққызы Алиярова, Асем Дюсенгалиқызы Джакупова, Нуркен Жолбарысұлы Бекботаевтың және Досхан Шәкішәріпұлы Рахметілдаевтың қатысуымен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 4 -Мамырдан 04.06.2020 аралығындағы құжаттары тексеріліп, төменде берілген жағдаяттар анықталды:

Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің штат кестесі бойынша қызметкерлері саны - 2 бірлікті құрайды (бөлім басшысы және бас маман) және келісім-шарт негізіндегі 8 қызметкер мемлекеттік қызмет атқарады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ісі «азаматтық хал актілерін тіркеу» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудан өткізудің негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 17.04.2015 жылғы №219 бұйрығымен бекітілген Стандартқа сәйкес АХАТ бөлімі халыққа 10 бағытта қызмет көрсетеді.

Азматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша 10 мемлекеттік қызметтер Бостандық ауданының ХҚКО, Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі, ЭҮП – «Egov» электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады.

Көрсетілетін қызметтердің түрлері төмендегі кестеде берілген:

 

№

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, 2020 ж. 5 айы ішінде көрсетілген қызметтер саны

Ескерту (Стандартқа сәйкес қосымша №)

1

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

284

ХҚКО

573

ЭҮП

1092

Барлығы

1949

1-қосымша

2

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

309

-

 

ЭҮП

319

 

628

2-қосымша

3

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар
беру

АХАТ

хат-хабар алмасу

326

 

ХҚКО

1382

ЭҮП

21

 

1729

3-қосымша

4

Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

169

-

 

-

 

 

169

4-қосымша

5

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

11

ХҚКО

99

ЭҮП

1

 

111

5-қосымша

6

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

АХАТ

4

ХҚКО

-

-

1

 

4

6-қосымша

7

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

104

ХҚКО

477

ЭҮП

133

 

714

7-қосымша

8

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

АХАТ

14

-

 

-

 

 

14

8-қосымша

9

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу

АХАТ

54

ХҚКО

242

ЭҮП

39

 

335

9-қосымша

10

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

АХАТ

2

ХҚКО

 

-

 

 

2

 

10-қосымша

 

Барлығы

1277

2773

1605

5655

 

 2020 жылдың 5 айында АХАТ бөлімі барлығы 5655 қызмет көрсеткен, оның ішінде: ХҚКО арқылы – 2773, ЭҮП арқылы – 1605, МО арқылы – 1277. АХАТ бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтердің 50,9% «ХҚКО АЖ» базасы арқылы түсіп, Мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мерзім тағайындалған. Көрсетілген мерзім аралығында 153 өтініш кері қайтарылған. Өтінімдерді қарастыру барысында негізсіз кері қайтарылған өтініштер жоқ.

 Қызмет көрсету бағыттары бойынша АХАТ бөліміне түскен өтініштердің барлығына 12 таңбалы нөмір беріліп, «АХАЖ АЖ» жүйесінде тіркеледі, оларды орындау мерзімі Стандартқа сәйкес белгіленеді.

 Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде тіркелген актілік жазбалар саны – 3750, оның ішінде:

1)    Туу туралы – 1949

2)    Әкелікті анықтау туралы – 169

3)    Асырап алу туралы – 14

4)    Неке қию туралы – 628

5)    Неке бұзу туралы – 211

6)    Тегін, аты-жөнін ауыстыру туралы – 111

7)    Өлімі туралы – 668

Өндірілген мемлекеттік баж сомасы – 5 208897,5 тенге.

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында азаматтарға өтінішті қызмет көрсетудің балама түрі болып табылатын ХҚКО, “egov” электронды үкімет порталы арқылы беру ұсынылады.

 Сот ісі тәжірибесі бойынша 2020 жылдың 5 айы ішінде 7 арыз-шағым түсіп, сот процесінде7 іс қаралған.

 

Сотта қаралған істер саны

Мемлекеттік орган пайдасына шешілгені

Мемлекеттік орган пайдасына шешілмегені

Шағымдардың мемлекеттік орган тарапынан қарастырылмағаны

Қарастырылуда

7

1

0

0

6

  2020 жылдың 5 айында АХАТ бөлімінің жоспарына сәйкес неке-отбасы заңнамасын құқықтық насихаттау және Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты бойынша 2 дәріс о 

АХАТ бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ қызметкерлерімен ұдайы түсіндірме жұмыстарын өткізеді, аталған кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түспеген. Қазіргі уақытта Стандарт және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері нормаларын ұстану бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде, ескертулер орын алмаған. 

АХАТ бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты мәселелерді ұдайы бақылауында ұстайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы толық ақпарат Бостандық ауданының әкімі аппаратының интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында жарияланған.

Тәуекел: қызмет көрсетуде қызметкердің азаматтармен байланысуы.

 Ұсыныстар: мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ҚР ӘМ 2015 жылдың 17 сәуіріндегі №219 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер туралы» Стандарттың нормаларын қатаң ұстану.

 

 Жұмыс тобының төрағасы                                          С.Б. Адилбаев

 Жұмыс тобының мүшелері                                          М.Е. Балбаева

                                                                                            Ж.С. Садвакасова 

                                                                                            Б.Ж. Алиярова

                                                                                            А.Д. Джакупова

                                                                                            Н.Ж. Бекботаев

                                                                                            Д.Ш. Рахметілдаев

 

 

 Жұмыс тобының хатшысы                                        Ф.С. Абсаттарова

Аналитическая справка отдела регистрации актов гражданского состояния
Дата публикации
12 сентября 2020