Қаржы-шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

 

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 12 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

 

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қаржы–шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Міндеті:

2.1.1. аудан әкімінің аппаратының қаржылық, шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін жүзеге асыру;

2.1.2. бюджеттің жобасын, шығыс сметасын жасау және олардың орындалуын жүзеге асыру;

2.1.3. мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаларды дайындауға ұсыныстар жасау;

2.1.4. бухгалтерлік есеп, аудан әкімі аппаратын ұстауға байланысты операциялар жүргізу;

2.1.5. қаржылық және штат тәртібін қатаң сақтау, қаржыны үнемді жұмсау, сметаның баптар бойынша орындалуын, есептесу жағдайын, материалдық құндылықтардың сақталуын қатаң қадағалауды жүзеге асыру;

2.1.6. аудан әкімі аппараты қызметкерлері үшін қажетті жағдай жасау, олардың орналасуы, жұмыс орнын жиһазбен, байланыс құралдарымен, оргтехникамен камтамасыз ету мәселелерін шешу;

2.1.7. Қазақстан Республикасының заң актілері мен аудан Әкімінің нормативтік құжаттарымен жүктелінетін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

2.2. Қызметі:

2.2.1. қаржылық тәртіпті қатаң сақтау, қаржыны үнемді жұмсау, сметаның баптар бойынша орындалуын, есептесу жағдайын, материалдық құндылықтардың сақталуын қатаң қадағалауды жүзеге асыру;

2.2.2. аудан әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеппен, есеп беруді жүзеге асыру;

2.2.3. еңбек ақы бойынша есептер жасау, салық салу және оны аудару, әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салық пен жиымдарды, банк мекемелеріне төлемдерді аудару;

2.2.4. аудан әкімі аппаратының бухгалтерлік құжаттарының уақытылы және дұрыс рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру;

2.2.5. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңына сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алудың жүзеге асыру бойынша жұмыстарды атқару;

2.2.6. аудан әкімінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі техникалық функцияларды орындайды;

2.2.7. аудан әкімі өткізетін мәжілістерді, іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету және оның орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;

2.2.8. аппарат басшылығының тапсырмаларымен сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

2.3. Құқықтары мен міндеттері:

2.3.1. мемлекеттік органдар қарамағындағы мәліметтер базасындағы қажетті ақпараттарды пайдалануға;

2.3.2. аппарат бөлімдерінен, құрылымдық бөлімдер мен аудан қызметтерінен бөлімнің құзырына кіретін жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті жадығаттарды, мәліметтерді, есептерді, ақпараттарды сұратып алуға;

2.3.3. Алматы қаласындағы, аудандағы мемлекеттік басқару органдарымен бірлесе отырып бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша байланысты жүзеге асыруға.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

Таныстырылды:

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні) 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 ____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

 

Положение о финансово-хозяйственном отделе
Дата публикации
22 августа 2020