Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2020 жылғы «05» мамырдағы
№ 05-ө өкіміне
№ 14 қосымшасы
"БЕКІТЕМІН"
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі
______________ А. Рахимбетов
2020 ж. "___" ______________
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары бар.
1.4. Бөлім басшысы азаматтық хал актілерін тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мөр және қол қоюға құқылы.
1.5. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).
1.6. Бөлім басшы мен бас маманнан тұрады.
2.1. Мақсаты:
2.1.1. азаматтық хал актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде жүзеге асыру
2.2. Функциялары:
2.2.1. келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тууды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, некені тіркеу, некені бұзуды тіркеу, әке болуды анықтауды тіркеу, бала асырап алуды тіркеу, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, акт жазбаларға түзетулер, өзгертулер мен толықтырулар енгізу, акт жазбаларды қалпына келтіру, қайтадан куәліктерді беру, туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша тәжірибені қорту және анализ жүргізу.
2.3. Мақсаты:
2.3.1. құқықтық насихатпен қамтамасыз ету, заңды қызмет көрсету және құқықтық көмек көрсету.
2.4. Функциялары:
2.4.1. құқықтық насихаттау мен құқықтық жалпыға міндетті оқыту;
2.4.2. қолданыстағы заңдарды талқылауға қатысу.
2.5. Мақсаты:
2.5.1. аппарат бөлімдері, қалалық қызметтер мен бөлімшелер, құқық қорғаушы, арнайы, сот мекемелері және тағы да басқа мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге қызығушылық танытатын басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жүргізу.
2.6. Функциялары:
2.6.1. берілген сенімхаттарды негізге ала отыра, өз өкілеттігі шегінде алдын-ала сот тергеулері және басқа да қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот отырыстарында аудан әкімі атынан қатысу және аудан әкімі мүдделерін білдіру;
2.6.2. статистикалық, сонымен бірге азаматтардың өтініштері бойынша есеп жасау;
2.6.3. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 491 бабына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
2.6.4. аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді орындау.
2.7. Құқығы мен міндеттері:
2.7.1. өзіне қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында өз құзіреті шегінде бөлімдерден, бөлімшелер құрылымы басшыларынан және аудандық ақпарат қызметтерінен құжаттар, анықтамалар, мәліметтер сұрау және алу;
2.7.2. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 491 бабына сәйкес, азаматтық хал актілерін толтыру ережелері бұзылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
2.7.3. өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде аудан әкімі аппараты мен бөлімшелерінің қызметтік мамандарын қатыстыру;
2.7.4. бөлімге қатысты мемлекеттік мекемелердің ұйымдастыруымен аудан әкімі аппараты, аудандық қызмет бөлімшелерінің отырыстарына, жиналыстарына және отырыстарына қатысу;
2.7.5. бөлім қызметіне қатысты іс-шараларға қатысуға;
2.7.6. басшылыққа бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасауға;
2.7.7. бөлім қызметкерлерінің тиісті еңбек шарттары және біліктілігін арттырумен қамтамасыз ету.
3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.
3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.
3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.
3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.
3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.
Таныстырылды:
____________________________________________________________________
(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)
____________________________________________________________________
(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)