Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 9 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Міндеті:

2.1.1. меншік нысанына қарамастан өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің қызметін үйлестіру.

 

2.2. Қызметтері:

2.2.1. меншік нысанына қарамастан көлік және өнеркәсіп кәсіпорындарымен, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

2.2.2. кәсіпкерлік саласындағы заңдылықтарды, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру;

2.2.3. өнеркәсіп кәсіпорындарымен, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің қызметтеріне талдау жасау;

2.2.4. көліктік мекемелердің жұмыстарын қарау.

2.2.5. кәсіпкерлік қызметтеріне байланысты мәселелерді шешу үшін аппарат бөлімдерімен, аудандық қызметтермен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара жұмыс жасауды жүзеге асыру;

2.2.6. меншік нысанына қарамастан заңсыз нысандарды анықтау және мониторинглеу.

2.2.7. кәсіпкерлік қызметтеріне байланысты мәселелерге түсінік беру үшін аудандық қызмет орындарының қатысуымен «Кәсіпкерлер күнін», конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

2.3. Міндеті:

2.3.1. халыққа қызмет көрсету саласы, тұтыну нарқын кеңейту инфрақұрылымы бойынша қаланың және ауданның экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын өңдеуге қатысу.

2.4. Қызметтері:

2.4.1. «Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» орындалуын жүзеге асыру.

2.5. Міндеті:

2.5.1. негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуын талдау, статистикалық мәліметтерді өңдеу.

2.6. Қызметтері:

2.6.1. салық және статистика органдарының мәліметтерінің негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жөнінде ақпаратты дайындау.

2.7. Міндеті:

2.7.1. өнімдердің көлемі және қызмет көрсету мониторингісі, жаңа өндірістік бағыттарды енгізу немесе ескісін қалпына келтіру, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуы, ассортиментті кеңейту мен шығарылатын өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру.

2.8. Қызметтері:

2.8.1. шығарылатын өнімдердің көлемі және қызмет көрсетуге, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мониторинг жүргізу;

2.8.2. аудан кәсіпорындарын индустриялық картасына қатысуын ұйымдастыру, аудан кәсіпорындарын инновациялық белсенділігін ынталандыру.

2.9. Міндеті:

2.9.1. мүдделі аудандық қызмет орындарымен бірлесе отырып белгіленбеген жерлерде орын алған сауданың алдын алу.

2.10. Қызметтері:

2.10.1. аудандық қызмет орындарымен бірлесе отырып жергілікті атқарушы органмен белгіленбеген жерлерден тыс жерлерде орын алған сауданың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2.10.2. белгіленбеген жерде орын алған сауданың алдын алу бойынша жұмыс тобын құру, мәліметтер жинақтау;

2.10.3. белгіленбеген жерлерде орын алған сауданың алдын алу және болдырмау жұмыстарын жүргізу.

2.11. Міндеті:

2.11.1. кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жүзеге асуын қамтамасыз ету.

2.12. Қызметтері:

2.12.1. сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі мәселелері бойынша құжаттарды, ұсыныстарды, азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарастыру және сараптау;

2.12.1. кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру түріндегі көмек беру.

2.13. Міндеті:

2.13.1. әлеуметтік маңызды тауарлардың мониторингі.

2.14. Қызметтері:

2.14.1. әлеуметтік маңызды тауарларға күнделікті мониторинг жүргізу;

2.14.2. Бостандық ауданы бойынша бағаларды сараптау және тұрақтандыру бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру.

2.15. Құқықтары және міндеттері:

2.15.1. өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алу;

2.15.2. бөлімнің қызметіне байланысты іс-шараларға қатысу;

2.15.3. аудан әкімі аппаратының жиналыстарына, мәжілістеріне, аудан қызметтері мен бөлімшелердің, Бостандық ауданы ведомствоаралық комиссиясының, жиналыстарына, тағы да басқа іс-шараларына қатысу.    

2.15.4. басшылықтың қарауына бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау;

2.15.5. бөлімнің қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және еңбектің тиісті шарттарын қамтамасыз ету.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

Таныстырылды:

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

 

 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
22 августа 2020