Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 6 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

 

Ұйымдастыру жұмысы және

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1.1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) бөлім басшысы басқаратын «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Мақсаты:

2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамаларын зерделеп жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, мәслихат пен қала әкімдігінің, қала және аудан әкімдерінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету.

2.1.2. құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр саясаты мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын жүзеге асыру;

2.2. Қызметтері:

2.2.1. Бостандық ауданы әкімі аппаратының нормативтік-құқықтық актілерін орындау;

2.2.2. аудан әкімі мен оның орынбасарларының мәжілістерін ұйымдастыру;

2.2.3. негізгі қызмет, жеке құрам және кадр мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін есепке алу, сақтау және тіркеу;

2.2.4. аудан әкімінің және оның орынбасарларының берілген тапсырмалары мен актілерін орындау және хаттамалардың орындалуын бақылау;

2.2.5. аппарат бөлімдеріне және ауданның қызмет орындарымен іс-жүргізу бойынша тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсету;

2.3. Қызметтері:

2.3.1. бөлімнің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, аппараттың басқа бөлімдерімен және аудан қызметтерімен жедел өзара іс-қимыл жасау;

2.3.2. Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық ақпарат дайындау;

2.3.3. аудан әкімінің тұрғындарымен есеп беру кездесуін ұйымдастыру және өткізу;

2.3.4. аудан әкімінің және оның орынбасарларымен азаматтардың жеке қабылдауын өткізу;

2.3.5. әкімнің, әкім орынбасарларының және аппараттың қызметіндегі құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2.3.6.  аудан әкімі аппаратына келіп түскен "қызметтік пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарды қарау бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;

2.3.7. бөлімге келіп түскен хат-хабарларды қарау, олардың қозғалысы мен бақылау тәртібін анықтау, есепке алуды жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

2.3.8 жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қараудың белгіленген тәртібінің орындалуын және қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2.3.9. құжаттардың орындаушыларға уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету;

2.3.10. құпия хат-хабарлардың өтуін және қаралуын есепке алуды қамтамасыз ету;

2.3.11. мемлекеттік тілде іс қағаздарды енгізуді қамтамасыз ету;

2.3.12. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды және «Lotus Notes» бағдарламасы арқылы жүргізілетін жұмысты белгіленген тәртіпте орындауды және қатаң сақтауды бақылауды ұйымдастыру, "Е" қызмет жүйесіне деректерді енгізу;

2.3.13. сайлау өткізу кезінде ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету, мәслихат шешімімен комиссия құрамына енгізу және шығару туралы мәселелерді қарау жолымен ауданда учаскелік комиссия құру.

2.3.14. аудан әкімінің істер номенклатурасын жасау, оны Алматы қаласының мәдениет басқармасымен келісу;

2.3.15. ведомстволық мұрағатты жүргізу, ведомстволық мұрағаттан құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және беруді жүзеге асыру.

2.3.16. аудан басшылығының қатаң есептегі бланкілерін есепке алу және беру;

2.3.17. «Сенім телефонына» түскен ақпараттарды жедел тіркеу және одан әрі орындау бойынша ұйымдастыру;

2.3.18. қала және аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың дайындығын қамтамасыз ету;

2.3.19. аудан әкімінің жылдық, тоқсандық, айлық жұмыстарын дайындау, бөлімдердің есебін қортындылау, аппарат басшысына бекітуге ұсыну.

2.3.20. аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің демалыс кестесін құру;

2.3.21. аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" КММ жанындағы зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жеке істерін ресімдеу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2.3.22. қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтама беруді жүзеге асыру;

2.3.23. еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру, жұмыс өтілінің есебін жүргізу;

2.3.24. мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізіміне қажетті жазбалар енгізу;

2.3.25. тәртіптік комиссияның отырыстарына лауазымдық жалақы алуға құқық беретін стажын есептеу, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау, "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның, тәлімгерлер кеңесінің құжаттарын ұйымдастыру және дайындау;

2.3.26. кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру;

2.3.27. ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы статистикалық есептерді жасау;

2.3.28. аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін табелдеу және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ресімдеу;

2.3.29. қызметтік куәліктерді есепке алу, сақтау және беруді жүзеге асыру;

2.4. Құқықтары және міндеттері:

2.4.1. Аппарат бөлімдерінен, құрылымдық бөлімдер мен аудан қызметтерінен бөлім құзыретіне кіретін жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті материалдар, мәліметтер, есептер, ақпараттарды сұрату;

2.4.2. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының, ауданның мемлекеттік басқару органдарымен байланысты жүзеге асыру;

2.4.3. орындаушылардан белгіленген заңнамалық тәртіптерді бұза отырып ұсынылған құжаттарды пысықтауды талап ету;

2.4.4. семинарлар, жиналыстар өткізу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

2.4.5. бөлімнің жұмысын одан әрі жетілдіріп, жақсарту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасау;

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

Таныстырылды:

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
22 августа 2020