Коммуналды шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 10 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

 

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Коммуналдық шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Міндеті:

2.1.1. коммуналдық шаруашылық, энергетикалық нысандардың, құрылыс, байланыс жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар мен аудан қызметтерінің жұмысын талдау және үйлестіру.

2.2. Қызметтері:

2.2.1. коммуналдық шаруашылық, коммуналдық қызметті жеткізуші кәсіпорындарының, энергетикалық нысандардың жұмыстарын   талдау және үйлестіру;

2.2.2. күрделі және ағымдағы құрылыс жұмыстарын, байланыс кәсіпорындарының жұмыстарын   талдау және үйлестіру;

2.2.3. жер қазу жұмыстарына техникалық байқау жүргізу, оның ішінде апаттық жер қазулар, жаңа инженерлік желілерді жүргізудің Ережесін, техникалық нормаларын сақтау, жұмыстың басталу және аяқталу мезгілдерінің орындалуын байқау;

2.2.4. аудан аумағындағы тұрғын үй аулаларының, құрылыс жұмыстары жүргізілмеген құрылыс алаңдарының тазалығын қадағалау.

2.3. Міндеті:

2.3.1. бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру.

2.4. Қызметтері:

2.4.1. аудан шаруашылығын, пәтер иелері тұтыну кооперативтерін (бұдан әрі - ПИТК), тұрғын үй қорының қысқы дайындығын жүргізуді үйлестіру және жылуды қосу жұмыстарын қадағалау;

2.4.2. тұрғын үй қорын күзгі-қысқы жылу беру мерзіміне дайындау Штабының жұмысының хаттамасын дайындау және хаттама шешімдерін орындауды қадағалау.

2.5. Міндеті:

2.5.1. бөлімге келіп түскен қызметтік хат-хабарларды, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, орындау, олардағы мәліметтерді жұмыс барысында пайдалану;

2.6. Қызметтері:

2.6.1. бөлімге келіп түскен қызметтік хат-хабарларды, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, орындау, қорыту, азаматтардың шағымдану себептері мен жағдайларын зерттеу және оларды болдыртпау үшін шаралар қолдану.

2.7. Міндеті:

2.7.1. жетекшілік жасайтын мекемелердің қызметі жөнінде ақпарат дайындау.

2.8. Қызметтері:

2.8.1. Коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс, байланыс мекемелерінің қызметі жөнінде талдау жасау, аудан әкіміне және жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау.

2.9. Міндеті:

2.9.1. Құқығы аясындағы мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау.

2.10. Қызметтері:

2.10.1. құқығы аясындағы мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізу, мәселелерді дұрыс шешуге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша түсініктеме беру.

2.11. Міндеті:

2.11.1. Бөлімге басқа да міндеттер жүктеледі.

2.12. Құқықтары мен міндеттері:

2.12.1. өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға;

2.12.2. аудан әкімі аппаратының, аудан қызметтерімен мен құрылымдық бөлімшелердің мамандарын өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тартуға;

2.12.3. бөлім басшысына бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасауға;

2.12.4. бөлімге түскен хат-хабарларды қарау және орындау;

2.12.5. бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, басшылардың тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру;

2.12.6. коммуналдық қызметті жеткізуші, құрылыс, байланыс мекемелерімен, ПИТК, апаттық қызметтермен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

2.12.7. қалалық және аудандық мекемелермен: энергетика және коммуналдық шаруашылық, құрылыс, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау, сәулет және қала құрылысы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, жер қатынастары, тұтынушылардың құқығын қорғау, ішкі істер басқармаларымен, Бостандық аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

2.12.8. ПИТК, коммуналдық қызметтермен бірге тұрғын үй қорының қысқа дайындығын тексеру және ақпарат жинауды ұйымдастыру;

2.12.9. жылу энергиясын, суық және ыстық суды, газды есептеу құралдарымен тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және өндірістік-әкімшілік мәні бар нысандарды жабдықтау жұмыстарын жүргізу бойынша аудандағы мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, ПИТК өзара қатынасты қамтамасыз ету;

2.12.10. тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғаммен бірге жұмыс жүргізу;Ауданның инженерлік коммуникациялары бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара қатынаста болуға;

2.12.11. тұрғын үй қорын күзгі-қысқы мерзімге дайындау Штабының отырысын өткізуге материалдар дайындау және өткізу, Штабтың хаттамалық тапсырмасын орындауды қадағалау;

2.12.12. аудандағы иесіз инженерлік жүйелер бойынша Алматы қаласының Қаржы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармаларымен бірге жұмыс жүргізу;

2.12.13. республикалық «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық жаңғырту» Бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүргізілетін тұрғын үй қорын тексеру жұмыстарына ПИТК, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірге қатысу;

2.12.14. Үй маңындағы, аулалардағы тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша аудандағы ПИТК өзара қатынасты қамтамасыз ету;

2.12.15. Байланыс қызметтерімен өзара қатынаста болу;

2.12.16. болашақта көріктендіруін қалпына келтіру жұмыстарының барысына бақылау жасау үшін нысандарды бұзу туралы акт жасау;

2.12.17. отын-энергетикалық кешендердің жұмысы бойынша комиссия жұмысына қатысу;

2.12.18. Заң талабына сәйкес азаматтардан келіп түскен хаттарды, арыз-шағымдарды қарауға, құқық бұзушылыққа себепкер болған жағдайларды жою бойынша заңға сәйкес шара қолдануға;

2.12.19. жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірге аудан тұрғындарымен өткізілетін жалпы жиналыстар мен жиындарға қатысуға;

2.12.20. аудан әкімі аппаратының отырыс, жиналыстарына қатысу;

2.12.21. жер қазу жұмыстарына келісім беру және жұмыс біткеннен кейін қабылдауға;

2.12.22. «Ескі үйлер» қалалық бағдарламасын жүзеге асыруда басқармалармен бірлесе жұмыс жүргізу;

2.12.23. құрылыс ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста жұмыс жүргізу;

2.12.24. салынып жатқан құрылыс обьектілеріне техникалық байқауды іске асыру;

2.12.25. тұрғын үйлердің төменгі қабатында орналасқан нысандар жүргізетін құрылыс, қайта құрылымдау жұмыстарына техникалық байқау жүргізу;

2.12.26. ауданның инженерлік коммуникациялары бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара қатынаста болуға;

2.12.27. құзырлы басқармалармен бірлесе игерілмеген жерлерді, нысаналық тағайындалуы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді, заңсыз құрылыстарды, сонымен қатар, өзендердің бойындағы санитарлық аймақта салынып жатқан құрылыс нысандарын анықтау жұмыстарына қатысуға;

2.12.28. күрделі жөндеуді қажет ететін аулалардың жағдайына талдау жасау және көріктендіруге арналған шараларды атқаруға дайындау;

2.12.29. көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатқан аулалардың жағдайына мониторингтен өткізу;

2.12.30. коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешекті азайтуға бойынша жұмыс атқару және сараптама жүргізу.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

 

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
22 августа 2020