Мемлекеттік- құқықтық бөлім Ережесі

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 7 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Міндеті:

2.1.1. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, маслихаттың, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімі актілерінің іске асу жағдайын зерттеп, орындалуын қамтамасыз етуіне ат салысу.

2.2. Функциялары:

2.2.1. аудан әкімі актілері жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру;

2.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамаларына, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу жөніндегі ұсыныстардың жобасын дайындау;

2.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі актілерінің мониторингісін жүргізу;

2.2.4. аудан әкімі актілерінің жобаларын әзірлеу, олардың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу;

2.2.5. құқықтық сипаттағы құжаттарды өңдеуге қатысу, аудан әкімі қызметкерлеріне құжаттандыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, құқықтық мәселелер және құқықтық жаппай оқыту бойынша кеңес беру;

2.2.6. жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйымдастыру және өткізу, аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамалар және оларға еңгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде хабардар ету.

2.3. Міндеті:

2.3.1. аппарат бөлімдерімен, қалалық қызметтермен және бөлімшелермен, құқық қорғау, арнайы және сот органдарымен және қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша, қылмыспен күрес және құқық бұзушылықты, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу бойынша басқа да мүдделі ұйымдармен өзара жұмыс жасау.

2.4. Функциялары:

2.4.1. аудан әкімінің мүддесін білдіре отырып, оның атынан алдын-ала және сот тергеулеріне сонымен қатар, қылмыстық, азаматтық, және әкімшілік істер бойынша берілген сенімхаттағы көрсетілген құзыреті шегінде сот отырыстарына қатысу;

2.4.2. құқық қорғау органдарымен, арнайы және сот органдарымен, әділет органдарымен, сот әкімшілігімен қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын-алу, сот актілерін орындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

2.5. Міндеті:

2.5.1. құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес, қылмыстың алдын алу және болдырмау, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведоствоаралық комиссия мәселелері бойынша, Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық Бостандық ауданы бойынша штабтың іс шара жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету.

2.6. Функциялары:

2.6.1. аудандық құқық қорғау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлық, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жұмыстарын талдау;

2.6.2. құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы бойынша аудан әкіміне ұсыныстар беру;

2.6.3. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведоствоаралық комиссия материалдарын дайындау және комиссия отырысын өткізу;

2.6.4. Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық Бостандық ауданы бойынша штабтың материалдарын дайындау және штаб отырысын өткізу.

2.7. Міндеті:

2.7.1. мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу және ұйымдастыруына құқықтық көмек көрсету.

2.8. Функциялары:

2.8.1. мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу бойынша аудан әкімінің өкімдеріне құқықтық сараптама жүргізу;

2.8.2. мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша кеңес беру.

2.9. Міндеті:

2.9.1. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.

2.10. Функциялары:

2.10.1. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

2.11. Құқықтары мен міндеттері:

2.11.1. өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға;

2.11.2. өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында аудан әкімі аппаратының, аудан қызметтері мен құрылымдық бөлімшелердің мамандарын тартуға;

2.11.3. аудан әкімі аппаратының, аудандық қызметтер мен бөлімшелердің, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведоствоаралық комиссияның, Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық Бостандық ауданы бойынша штабының жиындары мен отырыстарында, құқық қорғау, сот және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін бөлімнің қызметіне қатысты мәселелері бойынша өткізілетін жиындары мен басқа да іс шараларына қатысуға;

2.11.4. бөлім қызметіне қатысты іс-шараларға қатысуға;

2.11.5. бөлім басшысына бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасауға;

2.11.6. бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тиісті еңбек шарттарын қамтамасыз ету.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
22 августа 2020