Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2020 жылғы «05» мамырдағы
№ 05-ө өкіміне
№ 11 қосымшасы
"БЕКІТЕМІН"
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі
______________ А. Рахимбетов
2020 ж. "___" ______________
Көріктендіру бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Көріктендіру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).
1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.
2.1. Міндеті:
2.1.1. жолдарды, соқпақтарды, арық жүйелерін, көшені жарықтандыру, көріктендіруді және көгалдандыруды салу, жөндеу және қайта қалпына келтіру үшін болашағы бар жоспарлар дайындау;
2.1.2. бөлімнің тоқсандық, жарты жылдық жұмыс жоспарларын, іс-номенклатурасы мен есептерді құрастыру және дайындау, сондай-ақ бөлімдегі іс-жүргізуді ұйымдастыру;
2.1.3. аудан аумағының көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, жарықтандыру саласында жоспар-тапсырмаларды дайындау;
2.1.4. ауданды көріктендіру мәселесі бойынша аудандық қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
2.1.5. ауданды жарықтандыру, санитарлық тазалау, көріктендіру және жасылдандыру мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратымен, қалалық басқармаларымен, оның қызметтері мен бөлімшелерімен, сондай-ақ мүделлі ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу;
2.1.6. ауданды жарықтандыру, санитарлық тазалау, көріктендіру және жасылдандыру мәселесі бойынша Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерін орындалу барысына қадағалауды жүзеге асыру;
2.1.7. ауданды жарықтандыру, санитарлық тазалау, көріктендіру және жасылдандыру мәселесі бойынша аудан әкімін коммуналдық қызметтермен өзара іс-әрекеттесуін қамтамасыз ету.
2.2. Қызметтері:
2.2.1. жолдардың, жүретін жолдардың, жаяусоқпақтардың, аялдама кешендері мен жер асты жаяу жүргіншілер өтпесін күтіп баптау мәселесі бойынша техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.2. қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен қоқыс контейнерлерінің орнату жұмыстарын жүзеге асырылуын техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.3. аудан аумағында орналасқан арық жүйелерін күтіп баптау және жөндеу жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.4. азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар комиссиясының отырысын өткізуге материалдар дайындау және өткізу, комиссияның шешімін орындауды қадағалау;
2.2.5. аудан аумағы бойынша жарықтандыру желілерін салу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.6. парктерді, саябақтарды, шағын бақтарды, жалпы пайдаланыстағы аумақтарды күтіп ұстау, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу кезінде техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.7. жасыл желектерді қырқу және санитарлық кесу жұмыстарының барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.8. фонтандарды ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.9. асфальтты жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын, көлік жол айрықтары мен өткелдерді салу жұмыстарының барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру;
2.2.10. қаңғыбас жануарларды ұстау және үй жануарларын күтіп баптау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
2.2.11. жол жолақтары мен белгілерін жөндеу және орнату бойынша жұмыстарды үйлестіру;
2.2.12. қысқа мерзімді автокөлік тұрақтары мен жер асты өткелдерінің жұмыс істеуін қадағалау және жұмысын үйлестіру;
2.2.13. жол көліктік апаты нәтижесінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне келтірілген залал бойынша анықтамаларды жасау және дайындау жұмыстары кезінде қатысу.
2.3. Құқықтары мен міндеттері:
2.3.1. өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алу;
2.3.2. өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде аудан әкімі аппаратының, аудан қызметтері мен құрылымдық бөлімшелердің мамандарын тарту;
2.3.3. бөлімнің қызметіне қатысты мәселелері бойынша аудан әкімі аппараты, аудан қызметтері мен бөлімшелері өткізетін отырыстары мен жиындарына, сонымен қатар басқа мемлекеттік органдар өткізетін жиындары мен іс-шараларына қатысу;
2.3.4. бөлім қызметіне қатысты іс-шараларға қатысу;
2.3.5. бөлім жұмысын жақсарту жөнінде басшыларға ұсыныстар жасау;
2.3.6. бөлім қызметкерлерінің тиісті еңбек шарттары және біліктілігін арттыру бойынша басшыларға ұсыныстар жасау.
3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.
3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.
3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.
3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.
3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.