Әлеуметтік сала бөлімінің Ережесі

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «05» мамырдағы

№ 05-ө өкіміне

№ 8 қосымшасы

 

"БЕКІТЕМІН"

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

______________ А. Рахимбетов

2020 ж. "___" ______________

 

 

 

Әлеуметтік сала бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Әлеуметтік сала бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін,                 сондай-ақ, оның қызмет саласын реттейтін басқа да заң актілерін, нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органның шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).

1.4. Бөлім басшы мен бас мамандардан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

2.1. Міндеті:

2.1.1. бөлім қызметінің бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

2.2. Қызметтері:

2.2.1. бөлім жұмысын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастыру;

2.2.2. халықтың аз қамтылған тұрғындарының жағдайын жақсарту және қолдау бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына дайындау;

2.2.3. бөлім жұмысының бағыттары, жетекшіліктегі құрылымдар қызметі бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарын дайындап, аудандағы әлеуметтік және қоғамдық жағдайға, мемлекеттік қолдау көлемінің жасалуына талдау жасау;

2.2.4. Алматы қаласы Мәслихатының шешімдері, қала және аудан әкімдерінің құзыретіне қарасты мәселелерге қатысты, шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;

2.2.5. жоғары тұрған органдардың құжаттарын орындауды ұйымдастыру және бөлім қызметі бойынша есеп беру;

2.2.6. өз құзыреті шеңберінде шешімдер мен басқа да басқарушы құжаттардың жобасын дайындау;

2.2.7. жұмыс бағыттары бойынша қала әкімі және аудан әкімі аппаратының іс-шараларына, басшылықтың жиналыстарына, мүдделі мекемелердің және басқа іс-шараларға белгілеген тәртіппен қатысу.

2.3. Міндеті:

2.3.1. әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, реформалар бағытын, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламаларды, аналарды, балалы отбасыларды, оралмандарды жағдайын қолдау, түсіндіру және іске асырылуын қамтамасыз ету.

2.4. Қызметтері:

2.4.1. жетекшілік мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер, мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырып өткізеді;

          2.5. Міндеті:

          2.5.1. бөлім қызметінің бағыты бойынша комиссияларының жұмысты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету:

2.6. Қызметтері:

2.6.1. Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу туралы арнайы аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.2. ҰОС кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде 6 айдан аса жұмыс істеген азаматтардың жұмыс өтілін анықтау жөнінде аудандық арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.3. он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының учаскелік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.4. Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.5. азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіне шақыру комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.6. Бостандық ауданы әкімі жанындағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.7. Кәмелетке толған адамдар бойынша аудандық қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.8. мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

2.6.9. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдармен аудан әкімі аппаратының өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

2.6.10. 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік іске асыру бағдарламасы;

2.6.11. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық Жұмыспен қамту картасынның тармақтарын орындау

2.6.12. Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы іске асыру.

2.7. Міндеті:

2.7.1. Үйлестіретін ауданның мекеме мен қызметтерімен, ұйымдарымен, басқа да құрылымдық бөлімшелерімен байланыс жасау:

  • аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен;
  • мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдармен;
  • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен;
  • аудандық жұмыспен қамту орталығымен;
  • үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерімен;
  • ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың қызметімен;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация ауданның филиалымен;
  • ауданның денсаулық сақтау бірлестіктерімен, денсаулық сақтау мекемелерімен және меншік түріне қарамастан емделудің алдын алу мекемелері;
  • дәріхана жүйелерімен фармацевтикалық бірлестіктерімен;
  • АХАЖ бөлімімен.

    2.8. Қызметі:

2.8.1. белгіленген тәртіппен мекемелер мен ұйымдарының қызметтеріне талдау жасап, аудан басшыларына аудан әкімінің орынбасарымен бірлесіп оларды марапаттау және шара қолдану туралы ұсыныстар жасау.

2.9. Міндеті:

2.9.1. заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтік сала және денсаулық сақтау, білім, қорғаңыс істер жөнінде басқармасы, санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау және қызмет сұрақтары бойынша келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарастыру.

2.9.2. қадағалау сұрақтары бойынша азаматтардың қабылдауын жүзеге асыру

2.10. Міндеті:

2.10.1. аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне сәйкес меншік түріне қарамастан аудандық мекемелердің қызметін үйлестіру.

2.11. Қызметі:

2.11.1. бөлімнің міндетіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мекемелер Алматы қаласы әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының шараларына белгілеген тәртіппен қатысады;

2.11.2. ауданда өткізілген іс-шараларды БАҚ өкілдерінде жарық көруін   ұйымдастыру;

2.11.3. бөлімге байланысты басқа да міндеттерді іске асыру.

2.12. Құқықтары мен міндеттері:

2.12.1. аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтама, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға.

          2.12.2. аудан әкіміне бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасауға.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктермен иеленеді.

3.2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және бөлімнің міндеттері мен қызметтерінің тиісті орындалуына бөлім басшысы дербес жауап береді.

3.4. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшесінің құрылымы мен штаттық кестесі туралы Аппарат басшылығына ұсыныстар енгізеді.

3.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

 

Таныстырылды:

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

____________________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, қолы, күні)

 

 

Әлеуметтік сала бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
14 августа 2020