Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негізі: Бостандық ауданы әкімінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 282-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» өкімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 24 қарашадан 23 желтоқсанға дейін.
Аппарат қызметінің талданатын кезеңі: 2023 жылға.
Талдау құрамында жұмыс тобы жүргізді:
жұмыс тобының жетекшісі:
- Еркинбекова Римма Шерхановна – аудан әкімі аппарат басшысының м.а.,
жұмыс тобының мүшелері:
- Балбаева Маржан Ертаевна – аудан әкімінің орынбасары,
- Абдрешев Данияр Тойлыбаевич – аудан әкімінің орынбасары,
- Сейдраманов Ренат Сергазиевич – аудан әкімінің орынбасары,
- Мамбетова Гульназ Садыковна – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы,
- Дыльдыбаева Дина Болатбековна – қоғамдық даму бөлімінің басшысы,
- Оразтаев Думан Берикович – ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы,
- Нурсеитов Даниар Даулетович – әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысының м.а.,
- Шотанов Темірлан Тілеуханұлы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы,
- Джаксыбаев Жанат Ербакранович – инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы,
- Беспаева Асен Сулеймановна – Бостандық аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы,
жұмыс тобының хатшысы:
- Токтарбеков Тамерлан Нуржанович – инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы.