«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жалғастыру туралы

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылдың 24 қарашасынан 23 желтоқсанына  дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметінде (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, инженерлік-жол инфрақұрылымы бөлімінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдану жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз site.bostandyk@a-a.kz, құпиялылық және анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 Мәселелер туындаған жағдайда 8/727/2754380 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Дата публикации
06 декабря 2023